Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


ДӘРІС-14: Қазақстан жануар әлемі. ЖАНУАРЛАР және олардыҢ ресурстары



бет63/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77
5.Лекциялық кешен

ДӘРІС-14: Қазақстан жануар әлемі. ЖАНУАРЛАР және олардыҢ ресурстары.

-Отанымыздың баға жетпес байлығының бірі – жануарлар дүниесі туралы тусінік


-Сүтқоректілер класы немесе аңдар
-Насекомжегіштер отрядының бағалы терісі үшін ауланатын өкілдері
-Қоянтәрізділер отрядынан кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын өкілдері
-Жыртқыштар отрядының шаруашылық маңызы бар өкілдері және олардың биологиялық ерекшеліктері
-Жұптұяқтылар, тақтұяқтылар және ескекаяқтылар отрядтарының шаруашылықта маңызды өкілдері

Республикамыздың байтақ даласы – тұнған байлық. Алтын астығы, мыңғырған малы Қазақстан даңқын шығарып, абыройға бөледі. Табиғаты бай әрі жері кең – байтақ Қазақстан даласында жануарлардың көптеген өкілдерінің таралуы мен тұрақты тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар бар.


Қазақстанның жер көлемі – 2,7 млн шаршы шақырым. Республика территориясын орманды-дала, дала, шөл-шөлейтті аймақтар кесіп өтеді. Ауа райы – құбылмалы. Табиғат жағдайының бұлай әр алуан болып келуі Қазақстанда жан-жанурлардың көптеген түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік тудырады.
Қазақстан территориясында омыртқалы жануарлардың – 835 түрі, сүтқоректілердің – 178 түрі, құстардың – 489 түрі, бауырмен жорғалаушылардың – 49 түрі, қосмекенділердің- 12 түрі, балықтардың – 104 түрі, дөңгелекауыздылардың – 3 түрі мекендейд. Ал бұған қоса омыртқасыз жануарлардың 100 мыңдай түрлері кездеседі, оның ішінде 50 мыңдайы жәндіктер.
Жануарларға жүйесіз, ретсіз аңшылық, бақа да антропогендік факторлар республикамызда жануарлар дүниесінің ресурстарының азаюына себепші болды. Қазақстан территориясында XX ғасырдың ортасынан бері қазақстандық құлан, Тұран жолбарысы, торғайлық бұғы және мүмкін қабылан (гепард) жоғалып кетті.
Ақбөкендер саны азайды. Егер 1993 жылы ақбөкеннің 1 млн 20 мыңдай басы болса, 2005 жылы 39,6 мың басы ғана болды. Сүтқоректілердің 34 түрі, құстардың 59 түрі және балықтардың 50 түрі аңшылық объектілеріне жатады. Қазақстанда ауланатын негізгі жануарлар түрлерінің саны және аңшылық жасаудың ресми нормасы 8 және 9-кестеде келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет