Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет62/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77
5.Лекциялық кешен

5. Шығыс Қазақстан.
Бұл регионға бұрынғы Семей облысы және Шығыс Қазақстан облысы территориялары жатады.
Семей облысының жалпы ауданы - 180,2 мың шаршы км. Ол үш географиялық ендікте орналасқан: 1) дала, 2) шөлді-далалы, 3) шөл.
1) Дала аймағы қара-қоңыр топырақты (темно-каштановый), құрғақ далалы аймақ тармақтары болып табылады.
2) Шөлді-дала аймағы ақшыл-қара-қоңыр топырақты (светло-каштановая) кедей жусанды - қаулы - бетегелі (Artemisia, Stipa, Festuca) дала болып табылады.
1) Шөл аймағы Балқаш-Алакөл және Зайсан ойпаттарында орналасқан. Бұл аймақтың топырағы сұр-құба (серо-бурое) өсімдіктер жабыны – негізінен жусандар.
Семей облысы территориясында ұзақ жылдар бойы ядролық полигон болды, ол, әрине облыстың экологиялық жағдайына өзінің жаман әсерін тигізді.
Ол ядролық полигонның сол жерлердегі өсімдіктер мен жануарларға әсері әлі толық зерттеліп болған жоқ. Бірақ оларды пайдалану адамдар үшін үлкен зиян екенін, сондықтан полигонға жақын орналасқан өсімдіктер жабынына мал жаю және олардың етін жеуге қатал тыйым салынуы керек.
Бұрынғы Семей қазіргі Абай облысының флорасы әртүрлі деңгейде зерттелген.
Г.Ф.Ермалаеваның (1986) мәліметтері бойынша алдымен Тарбағатай өсімдіктері, сосын семейлік Ертіс жиегі, Балқаш-Алакөл ойпаты толық, егжей-тегжейлі зерттелген.
Бұл жүргізілген жұмыстар - таза геоботаникалық. Ресурстық жұмыстар салыстырмалы аз. Семей облысындағы жүргізілген маршруттық - барлау жұмыстарын және ресурстық жұмыстарды жүргізуге перспективалы аудандар Батыс Тарбағатай және семейлік Ертіс жиектері екендігін көрсетті.
Батыс Тарбағатайда жүргізілген зерттеу жұмыстары, әсіресе өте кең тараған 92 пайдалы өсімдік түріне фитохимиялық скрининг нәтижесінде, олардың ішінде алкалойдтары бары - 6 түр, глюкозидтері бары - 6, сапониндері бары - 45, флаванойдтары бары -41, антрохинондары бары - 19, кумариндері бары -8, илік заттар бары - 25 түр екендігін көрсетті. Бұдан әрі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өсімдіктердің 70 түрінің құрамындағы флавонойдтардың сандық көрсеткіштері анықталды және құрамында флавонойдтары мол өсімдіктердің 7 түрінде фенолдық қосылыстардың сандық және сапалық құрамы анықталды. Бұлар, негізінен, сүттігендер (Euphorbiaceae - молочайные), тарандар (Polygonaceae - гречишные) және селдерейлер (Аріасеа - селдерейные) тұқымдастары өкілдері.
Батыс Тарбағатайда ресми қабылданған дәрілік өсімдіктер ішінен 30 дәрілік өсімдік түрі бар екендігі анықталған. Таралу ерекшеліктеріне байланысты ол дәрілік өсімдіктер 3 топқа бөлінеді.
1) Жиірек кездесетіндер; бұл топқа 9 өсімдік түрі жатады: кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa pastоrіs), кәдімгі мыңжапырақ (Achillea millefolium –тысячислистник обыкновенный), қызыл таспа құс таран (Poligonium aviculare - горец птичий), тікенді раушан (Rosa acicularis - шиповник иглистый), аран раушан (Rosa spinosissima - шиповник колючейший), дәрі шелна (Sanguisorba officinalis - кровохлебка аптечная), шілтер жапырақ шайқурай (Hypericum perforatum), кәдімгі жұпаргүл (Origarium vulgare - душица обыкновенная), дәрі түйежапырақ (Melilotus officinalis - донник лекарственный). Осы аталған өсімдіктардің кейбіреулерінің шикізаттық қорын есептеудің нәтижесі былайша болды.
Раушанның құрғақ жемістері - 8,3 т.
Мыңжапырақтың құрғақ шөбі - 14,2 т.
Жұпаргүл және шайқурай - 1 тоннадан астам.
Батыс Тарбағатайдың табиғаты жағдайында жоғарыда аталған пайдалы өсімдіктерге қосымша бағалы жеміс-жидектер де кездеседі. Мысалы, Сиверс алмасы (Malus siversii - яблоня сиверса), Алтай доланасы (Crataegus altaiсa - боярышник алтайский), алқызыл долана (С. Sanguinea - боярышник кровава красный), шетен (Sorbus - рябина), қарақат (Ribes - смородина) және т.б..
Ертістің Семей (бұрынғы облысындағы) жиегінде тек дәрілік өсімдіктер флорасы толық зерттелген. Ғалымдардың мәліметтері бойынша (Кукенов, 1999) Ертіс жиегінің флорасында 356 өсімдік түрі болса, оның 68 түрі дәрілік өсімдіктер. Олардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады.
Мысалы: Acorus (аир), қосүйлі қалақай (Urtica dioica - крапива двудомная), биік тегеурінгүл (Delphinum elatum - живокость высокая), көктем жанаргүлі (Adonis vernаlis - злотоцвет весенний), алқызыл долана (Crataegus songuinea - боярышник кровокрасный), қоңыр раушан (Rosa cinnamamea - шиповник коричный), жалаң мия (Glycyrrhi glabra - солодка голая) және т.б.
Профессор М.Қ.Кукеновтің (1999) ойынша Қалбы жотасы, Балқаш, Алакөл ойпаты сияқты перспективасы бар аудандардың флорасына және ресурстарына толығырақ анализ жасалуы керек.
Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы) 97,7 мың шаршы км территорияны алып жатыр. Бұл территорияда үш ірі геоморфологиялық ауданды бөлуге болады: 1) Қазақстан Алтайы, 2) Сауыр Тарбағатай және 3) Зайсан шұқыры. Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген маршруттық-жобалау жұмыстары нәтижесінде негізгі дәрілік өсімдіктердің таралуының картасы жасалған және ол өсімдіктерге экологиялық-фитоценотикалық сипаттама берілген. Бірақ бұл облыстың рельефі өте күрделі екендігіне байланысты, әсіресе флорасын, ресурстарын зерттеу өте қиын.
Бұл регионның экологиялық жағдайы да өте күрделі, ол регионның қалаларында түсті металлургия өндіретін ірі зауыттар барлығына байланысты. Академик И.О.Байтулин және проф. Н.К.Аралбаевтың жетекшілігімен соңғы жылдары бұл регионның (Қазақстан Алтайы және Зайсан шұқыры) флорасы зерттелді, нәтижелері монографияларда жарияланды.
Бірақ бұл регионның флорасын және ресурстарын әлі де зерттеуді жалғастыру керек. Жоғарыда бұл регионда дәрілік өсімдіктердің таралуы туралы картасы жасалғаны жайлы айттық. Сол картада 41 дәрілік өсімдіктің таралу ерекшеліктері көрсетілген. Кейбір дәрілік өсімдіктердің көлемді популяциялары бар екендігі анықталған. Мысалы, Алтай доланасы (Crataegus altaica - боярышник алтайский), алқызыл долана (С. Sanguineae - боярышник кровокрасный), раушандар (Rosa - шиповник), қызғылт семізат (Rhodiola rozea - радиола розовая), мақсыр рапонтикум (Rhaponticum carth – рапонтикум сафлоровый) және т.б. өсімдіктер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет