Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың



бет38/41
Дата09.09.2022
өлшемі174.91 Kb.
#460513
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

Дәріс №12
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты

  1. Отандық тарихты оқытудағы жаңа тәсілдер.

  2. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы.

  3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу.

  4. Жаңа Қазақстан – ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері.

Жаңа көзқарастар мен ұлттық тарихты зерттеу. Ұлттық бірліктің 1997 жылғы «ақ дақтарын» жою және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. 1998 - ұлттық тарих жылы.


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: іске асырудың мақсаты мен негізгі бағыты: рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұраны сақтау және тиімді пайдалану. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді реконструкциялау, гуманитарлық білім берудің толыққанды қорының мемлекеттік тілінде кешенді жүйесін құру.
«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулердің тарихи бағдарламасы: қазақ халқының ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи көзқарасын қалыптастыру. Қазақстанның тарихи ғылымында озық әдістемелер мен әдістерді енгізуде сапалы қадам. Қазақ халқының ұлттық тарихының мәселелерін тереңдету. Тарихи көздерді талдау. Шетелдік зерттеулерді пайдалану. Облыстық мұражайлар мен тарихи орындардың жаңаруы. Тарихи сана-сезімге негізделген патриотизмді қалыптастыру.
Заманауи Қазақстан Ұлы Өскелең Өркен Дала Елінің мұрагері. Қазақ мемлекеттілігін бекіту - Ұлытаудың етегіндегі Елбасы бейнелеудегі басты нәрсе. Ежелгі түріктердің мемлекеттілігі. Тәуелсіздік жылдарында көне түркі жазба және түркі мәдениетінің ескерткіштерін кешенді зерттеудің басталуы. Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи шығармаларының аудармасы мен қайта басылуы. Қазақстан Республикасының Президентінің ежелгі ұлттардағы ордагерлер туралы этносаяси үдерістер туралы пікірлері.:
Әрбір мемлекет өзінің дамуы барысында ең алдымен мемлекеттің тарихына ерекше орын береді. Елімізде де тарих ғылымы қоғамдық-саяси өмірдің алдыңғы қатарына көтерілді. Өйткені Отан тарихы ұлттық сананың іргетасы болып табылады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, тарихи білім беруді дамыту, тарихи сананы қалыптастыру, тарих ғылымын жетілдіру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының басым бағыттарының бірі болатын. Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасының бастамасымен жүзеге асқан ірі саяси оқиғалар ел тарихында жаңа кезеңдерге негіз болды.
Бүгінгі таңда ұлт тарихын ұлықтаудың теориялық-әдістемелік мәселелері, отандық деректану, тарихнама және зерттеу әдістері бойынша жүйелі жазылған қомақты еңбектердің тапшылығы тарих ғылымындағы кешенді ізденістерді зерделеуге бастайтын күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, аталған мәселелердің түйінін тарқату мақсатында Астана қаласында Ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш жиынды ҚР Мемлекеттік хатшы М.М. Тәжиннің Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті проблемаларына арналды. Бұл жиылыс Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Мемлекеттік хатшы М.М. Тажиннің: «...Соңғы жылдары Елбасы Н.Ә. Назарбаев қалыптасқан мемлекетіміздің тарихын бүгіннен бастап қағазға түсіру, оны жүйелеп, зерделеу міндетін алға шығарды. Сол арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсаты көзделді. Еліміздің тарихи санасын қалыптастыру, ең алдымен күнделікті маңызды оқиғаларды хатқа тізіп, елдікті насихаттаудан басталады. Сондықтан бізге түсінікті тілде жазылған ұлттық тарих керек...» – деуінің өзінде үлкен мән бар. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілді, осы тұжырымдаманың негізінде: «Тарихи білімнің негізгі басымдықтары», «Тарих ғылымының проблемалары», «Тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі» сияқты басты бағыттар қамтылынды. Ата тарихымыздың бұрмаланған беттеріне қоғамдастық ғылым жолындағы ғылыми әлеуеттер өкілдері де айтарлықтай іргелі ізденістер жүргізді. Басталынған іргелі мәселелерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын алға тартты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи таным көкжиегін мейлінше кеңейткенін айтпай кету мүмкін емес. Жарияланып жатқан зерттеулердің көптігі соншалық, ғылыми-ақпараттық тасқынға ілесе алмаудамыз. Бұл үдеріс алдағы уақытта артпаса, бәсеңдемейтіні айдан анық. Қазіргі кезде қазақ тарихын зерделеуде қандай проблемалар бар, болса оларды шешудің жолдары қандай деген келелі пікір-алмасуда ең алдымен Отан тарихын зерттеушілерді ғылыми танымның бұрын-соңды қол жетпеген биігіне бастайтын, яғни жаңа методологиялық негізді, тұжырымдар мен ұстанымдарды түзетін басымдықтарға жол ашқан жөн. Методология түзелмей, ғылыми нәтижелер жаңармайды. Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суғарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани, т.б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әлеуетке ие болуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте, ұлт тарихының зерттеу методологиясын жетілдіру негізінде Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау.Екінші іргелі мәселе – тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе – ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымның дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады. Әр уақытта да ғылым пікір алмасу арқылы дамиды. Сондықтан, бүгінгі егеменді еліміздің елдігін айқындауда сөз жоқ, ұлтқа тарих керек. Оны дәлелдеп отырудың қажеті жоқ. Бірақ, XXI ғасырға қандай тарих керек? Ол жан-жақты, жүйелі, шынайы, ғылымға негізделген тарих болуы қажет. Ұзақ уақыт бойы ауызша айтылған тарихқа қанағаттанып келдік. Ал, тарихтың ғылыми-деректік тұжырымға көшкеніне біраз болды. Осыған орай, қазіргі XXI ғасыр да, ұлт та бізден жазба тарихты талап етіп отыр. Екіншіден, ғылыми тарих та керек. Сөз жоқ, тарих барлық уақытта да мүмкіндігінше жазылды.Біздің тарихымыздың бастаулары тереңде жатыр. Мәселен, қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов қазақ халқының шежірелік мұрасын тұтас мәдениет деді, «бұл дастан-шежіренің барлығы – ішіндегі айтылып отырған оқиға, мақал-мәтелі, халық әдеті қазақ халқының өткен тарихи және рухани өмірін суреттейді, қазақ тарихын жазу, оның шығу тегін анықтау үшін таптырмайтын тарихи дерек», – деп көрсетті. Шоқан Уәлиханов бірінші болып ғылыми айналымға тарихи деректердің жаңа түрін, қазақтар мен қырғыздардың ауызша халықтық дәстүрін дерек ретінде енгізді. Ғалым сондай-ақ: «Халық аңыздарының қандайы болмасын, әсіресе, тарихи аңыздар аса қызықты... Бұл жөнінде қазақ аңыздары өзінің мейлінше қарапайымдылығымен, айқындығымен онда табиғатқа қайшы ғажап оқиғалардың жоқтығымен айрықша бағалы орын алады. Ол көбінесе Әбілғазы хабарларында құпталады, әсіресе, «Жәми ат-тауарихтың», қырғыз-қайсақтың жазғаны таңдай қағарлық... Бірде-бір айтулы оқиға, бірде-бір тамаша адам халқының есінен шықпай сақталып қалған» деп халық аңыздарына жоғары баға береді [4, 23-24-бб.]. Ұзақ уақыт бойы біздің тарихымызға, мәдениетімізге күмәнмен қарап келгені белгілі. Сондағы бізге тағылған сын, жазуы жоқ халықта тарихта, мәдениет те, болмайды деп айыптады. Көшпелі халықтардың тарихын, отырықшы қоғамның айырмашылық белгілерімен зерттеу дұрыс емес екенін алғаш аңғарған Ш. Уәлиханов болатын. Ғалым: «Көшпелі халықтың жазуы-сызуы болмағандықтан жалпы халықтың тарихи фактілерге емес, бәрінен бұрын олардың ертегі тәрізді аңыздарына негізделген. Өздерінің батырларының батырлық іс-әркеттері мен халық арасындағы маңызды оқиғалар туралы аңыздарды жырға айналдырып кейінгі ұрпаққа отбасындағы естелік әңгіме тәрізді айтып жеткізіп отыру барлық көшпелі тайпаларға тән сипат. Аңыз айтушылардың құрметтілері – сол аңызды сол қалпында жеткізушілер болып табылады» [5, 50-б.], – деп жазды. Ауызша дамыған рухани мұралардан ұлттық ділін алғаш көре білген және оны ғылыми қауымдастыққа сол тұрғысында таныстыруға алғаш ұмтылған да Ш. Уәлиханов болатын. Ш. Уәлиханов өзінің зерттеулерінде халықтың тарихи санасына қатысты сұрақтарды талдауда «халық жады» деген сөз тіркестерін жиі қоланады. Мұның өзі зерттеушінің халық ауыз әдебиетінің үлгілері түрлі атаулармен аталғанымен, бәрі бірігіп халықтың біртұтас тарихи зердесін құрайтынын тани білгенін көрсетеді. Міне, осындай айқын мысалдар арқылы халқымыздың тарихы қағазға түспесе де, ғасырлар бойы халықтың жадында ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айту арқылы жалғасын тауып келгенін көрсетеді. Кеңес үкіметі тұсында тарихымыз тар шеңберде, қатаң сүзгіден өте отырып, жоғары жақтың бақылауымен, берген нұсқауы арқылы жазылды. Осы кезеңде біздің ұлттық руханиятымызға балта шабылып, тамыры қиылды. Тарихымызда нақты болған оқиғалар бұрмаланып, халқымыздан шыққан ірі тұлғаларымызға теріс баға беріліп, тарихты ойыншыққа айналдырды. Еліміз егемендік алған ұста осы кеңестік кезеңде әдейі жіберілген қателіктерді түсетуге, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін сейілтуге мол мүмкіндіктер ашылды. Тарихымызды жаңаша көзқараста объективті түрде жазуда көптеген отандық белді тарихшыларымыз жұмыла әрекет етіп, жоғалтқан рухани мұраларымызды қалпына келтіруге күш салды. 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев бұрын-соңды болмаған «Мәдени мұра» бағдарлама қабылдайтынын жариялады. Бұл ұзақ уақыт бойы бұғауда болып, тұралап қалған төл тарихымызды зерттеуге қосқан зор үлес еді және бұл үлкен жаңалық болды. Мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту мен зерделеу мақсатында қабылдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ауқымы орасан зор жұмыстар тындырды. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты жазба деректерді жинау және жариялау болып табылады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы екі кезеңді, бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарды қамтыса, екінші кезеңі 2009-2011 жылдарды қамтиды. Бағдарлама қабылданғаннан кейін төрт жылда тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашықта, қоныста, тұрақта, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Моңғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропаға 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы, өнері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылды. Тек Қытайға жасалған экспедицияның барысында Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты бұрын зерттелмеген манчьжур тіліндегі 3 мың, қытай тіліндегі 300, шағатай тіліндегі 60, ойрат тіліндегі 70 дерек табылды [6, 289-б.]. Аталған бағдарлама негізінде елімізде қазақ хандары мен сұлтандарының Қытай, Қоқан, Хиуа және де басқа да көрші елдердің басшылары арасында жүргізілген хаттары табылды. Осы уақытқа дейін белгісіз болып келген қыпшақ тіліндегі жазулар белгілі болып ғылыми айналымға қосылды. Сонымен қатар Орталық Азиядағы ежелгі көшпелі халықтардың шаруашылық түріне, антропологиялық түріне, тілдеріне қатысты табылған этнологиялық деректер тарих ғылымына қосылған зор үлес болып табылады. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұралар тізіміне енді. Бағдарлама аясында 230 аталым кітап жарық көрді, олар тарих, археология, этнография жөніндегі аса маңызды сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер. Мемлекеттік бағдарлама тарихи-мәдени мұраны қайта қалпына келтірумен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты – қоғамдық санада оң өзгерістерге қол жеткізу және нақ осы тұрғыда ол маңызды идеологиялық, жалпымемлекеттік мәнге ие болып отыр. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қомақты жұмыс атқарылды. Халқымыздың мәдени мұрасын зерделеуге, сақтауға, қалпына келтіруге және тиімді пайдалануға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2007 жылы 10 желтоқсанда 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» салалық бағдарламасын бекітті, ол Мемлекеттік бағдарламаның қисынды жалғасы болып табылады. Қорыта айтқанда, еліміз 70 жылдай совет үкіметінің құрамында болған кезінде тарихымыз маркстік-лениндік әдіснамаға сай жазылып, зерттеліп келді. Міне, осы олқылықтың орнын толтыру еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болды. Ұлттық тарихымызды қайта зерделеп, объективті түрде жаңа заман тұрғысынан зерттеуде мемлекеттік қолдаудың қосқан үлесі орасан зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет