керек, және тақырыпты саналы анықтап оны нақтылау үшін зерттеу
мәселесін табу керек.
Зерттеу мәселесі «білу мен білмеу» жағдайы ретінде көрініс береді,
яғни мәселеде ғылыми білімдегі аралық бейнеленеді. Мәселе - таныс нәрсе
мен таныс емес нәрсенің арасындағы көпір, оны белгіліні салыстыра
отырып, белгілі бір аймағына бағыттала отырып қана табуға болады. Егер
қойылған мәселе мен оның мазмұны еш нәрсемен қайшы келмесе, онда оның
нәтижесіз болу қаупі бар. Қойылған фактілер мен теориялық ойлардың
қайшылығы, фактілерді түсіндіру мен интерпретациялау арасындағы
қайшылықтар мәселенің мәні болып табылады.
Ғылыми мәселе өздігінен пайда болмайды,
тәжірибе мен ғылыми
әдістерді терең зерттеудің нәтижесі болып табылады, танымдық
үрдістердің тарихи белгілі бір кезеңіндегі қайшылықтарын бейнелейді.
Ғылыми мәселені қалыптастыру дегеніміз - екіншілердің арасынан
маңыздыны бөліп алу біліктілігін көрсету деген сөз, белгілі нәрсемен
ғылымда белгісіз зерттеу пәнін анықтау. Осылайша, зерттеу пәніне қатысты
білу мен білмеудің арасындағы шекараны көрсету мүмкін болса, онда
ғылыми мәселені ашу қиын болмайды.
Бүгінгі күні мысалы, білім берудің нормативті мазмұны мен жеке
мүмкіндіктер, бейімділіктер, қызығушылықтар арасында дені сау адамдарды
қалыптастыру міндеті мен мектептегі
сабақтардың бірсарындылығы,
оқу тапсырмаларының жүктемесі арасындағы қайшылықтар нақты
анықталып отыр. Анықталған қайшылықтардан шығатын мәселе өзекті
болып, өмірге кіретін немесе кіруге тиісті жаңаны бейімдеуі керек. Қазіргі
таңдағы мәселелер, білім беруді гуманизациялау және демократиялау, жеке
ерекшеліктерді ескеру және әрбір оқушының мүмкіндіктерін дамыту,
мектептерде тәрбиелеуші ортаны қалыптастырумен байланысты.
Тәжірибелік міндеттерден ғылыми мәселеге өту үшін кем дегенде екі
процедураны іске асыру керек:
1. Осы тәжірибелік міндеттерді шешу үшін, қандай ғылыми білімнің
керек екендігін анықтау;
2. Осы білімнің ғылымда бар екендігіне көз жеткізу.
Егер білім бар
болып және оларды тек таңдап, жүйелеп, пайдалану
керек болса, онда ғылыми мәселе пайда болмайды. Егер қажетті білім
жеткіліксіз болса, толық және айқын емес болса, онда мәселе туындайды.
Оны бөліп алып, ары қарай шешу үшін тақырып бойынша бар нәрселерді
толық қарастыру керек.
Тәжірибелік міндетті шешу үшін теориялық және қолданбалы
мәселелердің
тұтас кешенін өңдеу керек, керісінше, ірі ғылыми мәселені
шешу үшін тәжірибелік міндеттердің біреуін ғана емес тұтас шешу керек.
Мәселедегі қайшылық тақырыптан тікелей және жанама түрде өз бейнесін
табу керек.
Мәселені дұрыс қою - ғылыми ізденістің жемісті болуының шарты.
Мәселе тақырыпта болуы мүмкін немесе тақырыптың мәселелігі оны
талқылаудан табылуы керек. Мәселеден шыққан тақырып педагогикалық