Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары


 Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау мен апробациялау



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Лекция (1)

3. Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау мен апробациялау 
Интерпретация. Зерттеудің соңғы кезеңі нәтижелерді жүйелеумен, 
олардың интерпретациясымен байланысты. Жүйелі көрсетілген мәліметтер 
корректілі түрде интерпретациялануы керек.
Ғылымдағы интерпретация - талқылау, мәнін ашу, түсіндіру. Өнерде - 
көркем өнерді шығармашылықпен орындау, автордың мәтінді не 
сценарийді түсіндіруі.
Интерпретация мәні бойынша шындыққа, зерттелетін үдеріс пен 
объектінің мәнін ашуға жақын болуы керек. 
Интерпретацияның негізінде зерттеуде қабылданған тұжырымдар 
бойынша алынған мәліметтерді түсіндіру процедурасы жатыр.
Интерпретацияның міндеті - оқыту мен тәрбиенің теориясы мен 
тәжірибесі үшін алынған мәліметтердің объективті мәнін, олардың жаңалық 
деңгейін, мағынасын ашу.
Қабылданған тұжырымның қорытындысына сәйкес келмейтін 
нәтижелерді интерпретациялау қиындық тудырады. Осыдан барып оларды 
қайта қарау қажеттігі туындайды. 
Апробация. Зерттеудің сенімді апробациясы - оның даралығының, 
нәтижелерінің шынайы болуының негізгі шарты, үлкен қателерді 
болдырмаудың бірден бір жолы.
Апробация сөзбе-сөз аударғанда «мақұлдау, мойындау, сапасын 
анықтау» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда шынайылықты орнату, 
жұмыс нәтижелерін компетентті бағалау мен констуктивті сынау деген 
мағына береді. 
Апробация баяндама, талқылау, дискуссия, сонымен қатар алынған 
жұмыстарға рецензия жасау түрінде де өтуі мүмкін.
Орындалған жұмыстарды ресми түрде апробациялау оларды публика 
алдында қорғаумен байланысты.
Ресми емес апробациялар да бар және оларда маңызды рөл ойнайды: 
мамандар, ұжыммен әңгімелесу және талас.
Әрине апробация пайда болған мәселелерді, жағымды, жағымсыз 
бағаларды, қайшылықтар мен кеңестерді саналы түсіну мен оларды 
ескеруден тұрады.
Барлық бағаларды, кеңестерді, ұсыныстарды, оның ішіне сындарды өте 
мұқият қабылдау ұсынылады. Дегенмен де қабылданған тұжырымдарға 
қайшы келмейтіндерді, оның ішінде зерттеуді тереңдетуге, оның 
корректілігін, сенімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретіндерін жүзеге 
асыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет