және өзге де ерекшеліктеріне байланысты олардың техникалары, тәсілдері,
бағыттары әр түрлі болады.
1. Тақырыпты таңдау мен негіздеу кезеңіндегі
мәліметтерді өңдеу
үшін, оның өңдеуге деген қажеттілігін, теориялық және практикалық
маңыздылығын, педагогикалық прогресс үшін оның маңыздылығын,
мектептер мен білім беру органдарының сұраныстарын зерттеуші білу керек.
2.
Мәселені қою кезеңінде фактілерді
өңдеудің ерекшелігі
педагогикалық фактілерді, жағдайлар мен идеяларды екі критерий бойынша
орналастыруында: педагогикалық ғылым мен практикадағы қайшылықтар,
тәрбие теориясы мен практикасына деген сұраныстар туралы мәліметтердің
болмауы.
3.Тақырыптың ғылыми өңделгендігін констатациялау кезеңіндегі
мәліметтерді өңдеуде зерттеуші ғылыми мәліметтердің әр түрлі көздерінен
алынған көптеген мәліметтермен жұмыс жасайды.
Өңдеуге тек қана
педагогиканың ғана емес аралас пәндердің де мәліметтері алынады.
4. Педагогикалық тәжірибені констатациялап зерттеу кезеңінде
нақты мәліметтерді өндеу жүзеге асады. Педагогикалық тәжірибенің барлық
негізгі түрлерін зерттеуші объектілер қатарына қосады: озат, новаторлық,
жағымды, жағымсыз, бұқаралық, типтік, ұжымдық, жеке.
5. Тақырып бойынша тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс
кезеңінде
фактілерді, мәліметтер мен көрсеткіштерді өңдеу міндеті күрделі. Оның
негізгі ерекшелігі операцияларының көп деңгейлігінде.
6. Ғылыми жұмыстың нәтижелерін хаттау кезеңіндегі
алынған
материалдардың барлық кешенін өңдеу үлкен шеберлікті талап етеді. Зерттеу
автордың
қорытындыны нақты, дәлелді қалыптастыруға мүмкіндік беретін
фактілер, жағдайлар, идеяларды таңдауына тура келеді.
Өңдеудің негізгі мақсаты - танымдық операцияларды орындауға
ыңғайлы болу үшін әр түрлі мәліметтерді белгілі бір ретпен келтіру. Белгілі
бір ретке келтіру ұстанымы материалдардың және шешімін табуды қажет
ететін зерттеу міндетінің сипатына байланысты болады.
Мәліметтерді өңдеудің жалғыз ғана
жолы құрылатын негіздердің
кешені пайдаланылатын жол тиімді болып табылады.
Зерттеушінің әр түрлі бақылаулар түрімен, жарияланған мәліметтер
және эксперименталды материалдармен жұмыс істеуіне тура келеді. Келесі
педагогикалық абстракциялар өңдеудің типтік пәндеріне жатады: педагогика
категориялары: термин-ұғымдар; педагогикалық идеялар,
тұжырымдар;
бағыттар, көзқарастар, трактовкалар. Өңдеу пәнінің үлкен тобы: ойлар,
бағалар, көзқарастар, пікірлер, сыналушылардың ой қорытындылары.
Көбінесе зерттеушілерді зерттелген құбылыстардың статистикасы мен
динамикасын бейнелейтін сандық мәліметтер мен сипаттар қызықтырады.
Педагогикалық мәліметтерді статистикалық өңдеу маңызды болып табылады,
олар фактілерді ұқсастықтарына
байланысты топтастыруға, оларды
индекстеп кодтауға мүмкіндік береді. Есептеулер жүргізіледі, қорытындысы
табиғи көлем және пайызбен беріледі. Содан кейін зерттелген
құбылыстардың статистикалық картинасын хаттау мен тіркеуге көшеді.