Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары


Нұсқау ерекшеліктері бойынша (ол зерттенушінің әрекетін



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Лекция (1)

5. Нұсқау ерекшеліктері бойынша (ол зерттенушінің әрекетін 
қалай анықтайды): 
а) өзіндік нұсқаумен (топтық әдістер-жиірек); 
б) нұсқаумен (тереңдетілген дербес зерделеу). Егерде зерттеуші 
тексеру рәсімінің алдында анық нұсқаулар берсе, содан кейін сабақ 
барысында балалар дәйекті түрде интеллектуалды тапсырманы өз бетінше 
орындаса (Айзенк әдісі), ондай жағдайда олар өзіндік нұсқаумен істеген 
болып саналады. 
Егерде зерттеуші баламен (немесе кішігірім топпен) жұмыс істей 
отырып, реттеп тапсырманы бірден бермей, шамалап беріп, сол мезетте 
орындалғанын бақыласа, бір нәрсені анықтап, келесіні бағаласа, онда 
зерттелушілер сыртқы нұсқаумен жұмыс істеп отыр деп саналады. 
6. Зерттелушінің жауабының сипаттамасы бойынша: 
а) Жабық әдістер. Егер зерттелушілер тапсырма істеген кезде (жауап 
бергенде) жауап ретінде бірнеше нұсқадан таңдаса, ол жабық әдіс болып 
саналады; 
б) Ашық әдістер. Егер зерттелушілер тапсырманы істеген кезде 
шығармашылық таныта алса, еркін түрде жұмыс істесе ол ашық әдіс болып 
саналады. 
Бір айта кететін жай, жабық әдістер үнемді болып саналады (рәсім, 
нәтиже талдау), ашық әдістер көбінесе ақпараттық, сонымен қатар ол
зерттеушінің санаты жоғары болғанды талап етеді. Заманауи дидактикалық 
тестілер көбінесе ашық әдіспен құрастырылады, әсіресе олар дамытып оқыту 
аясында қолдансын. 


7. Әдістегі тапсырмалардың өзгерушілік деңгейіне байланысты: 
а) тапсырма негізінде біртүрлі тапсырма табылатын әдіс. Мысалы, 
егерде зерттеуші баланың назарын зерделеп ол үшін бір рәсімді ғана 
қолданса: «корректуралық сынау» тәсілі қолданылады; 
б) тапсырма негізінде әртүрлі тапсырма табылатын әдіс. Мысалы 
Винкслер интеллект тесті, жетістіктер тесті 
8. Зерттеу мақсатының анықтық деңгейі: 
а) «айқын» әдіс; 
б) «күңгірт» әдіс. 
Егерде, зерттеушілерге көп таппсырма берілсе, оларды істегенде көп 
ақпаратты жадыда сақтау қажетті болса, оқушылар олардың есте сақтау 
қабілеттерін тексеріп жатқанын түсінеді. Осындай әдіс «айқын» деп аталады. 
Егерде сұрақтарда жасырын мағына болса, зерттелуші тапсырманың 
мақсатын таба алмаса, сондықтан шешімін өтірік жазса (кейбір кезде 
сауалнамада өтірік жауап жазылады), онда осындай әдіс «күңгірт» деп 
аталады. 
«Күңгірт» 
әдістерінің 
арасында 
вербальсыз 
ынталандыру 
материалдары қооданса, жанама сұрақтар техникасы қоданылуы мүмкін. 
Заманауи психологиясында айқын әдістер проективті емес, күңгірт 
әдістері проективті болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет