Дәріс 10 Білім және әлеуметтік теңсіздік Жоспар


Білім – адамның мәртебесін айқындаушы



бет4/7
Дата19.03.2024
өлшемі232.5 Kb.
#496074
1   2   3   4   5   6   7
10 - Дәріс Білім

Білім – адамның мәртебесін айқындаушы

Халыққа тегін білім берудегі мақсаттың бірі – адамдардың табыс­ты болуына жағдай жасау. Кез келген адам еңбекқорлығы мен қабілетінің арқасында биік шыңға көтеріле алады. Себебі жұмыс беруші, ең алдымен, ата-анаңыздың кім екенін сұрамайды, оларға керегі – қай оқу орнын аяқтағаныңыз. Ал колледж қызметкерлері біліктілікті арттыру (Advanced Placement) курсынан қанша мәрте өткеніңізді және халықаралық бакалавриат деңгейіндегі жоғары біліміңіз бар-жоғын сұрайды (Sacks, 2007). (Егер кедей отбасыдан шығып, кедейлерге арналған жоғарғы мектепке барсаңыз, мұндай бағдарламалар жайлы естімеуіңіз де мүмкін). Алайда конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, адамдарды алған біліміне қарай бағалау, ата-анасына қарап бағалаудан эгалитарлы (теңдік) емес (Beaver, 2009). Бақуатты отбасыдан шыққан адамдар жақсы білім ала алады. Мысалы, қаржылай көмек үшін өтініш жазған Гарвард студентінің отбасылық орташа табысы 150 000 $ шамасында (Leonhardt, 2004). Ал білім алушылардың жеке мәліметтеріне мән беру «жағымсыз» студенттерден сақтану үшін қажет.


Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, білім туралы куәлікті көзбояушылық деуге болады. Қызметке орналасып, еңбекте жетістікке жетуге негіз болатын куәлік, шын мәнісінде, нәсілдік, жыныстық және қай әлеуметтік таптан шыққанына байланысты дискриминациядан қорғай алмайды (Brown, 2001). Нәсілге негізделген теріс түсінікке қатысты «нәсілшілдік» термині қолданылса, әлеуметтануда куәліктерге байланысты теріс түсінікті айқындау үшін «креденциализм» термині қолданылады. Креденциализм – айрықша білімі туралы куәлігінің арқасында ғана біреулерді басқалардан жоғары деп санау.




Білім берудегі теңсіздік

Білім беруді мәртебе – айқындау құралы ретінде қолдану, түрлі әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар үшін қолжетімді білім берудегі мүмкіндіктер теңсіздігін күшейтіп отыр (Kozol, 2005; Sacks, 2007). Кедейлер оқитын мектептерде оқушылар тар сынып бөлмелерінде бір мұғалімнің орнына келген басқа мұғаліммен немесе жақында ғана оқуын бітірген, тәжірибесіз оқытушымен бірге стандартты тестілеуге дайындалады. Шығармашылық қабілет-дағдыларын дамыту деген атымен болмайды. Студенттер автомеханик немесе косметолог кәсіптеріне мамандана алады. Бірақ олардың мектептері есептеулерді, шығармашылық жазбаларды немесе АР (біліктілік арттыру) сыныптарын ұсына алмайды. Мектеп қандай бағдарлама ұсынғанымен сынып бөлмелерінде жылыту жүйесі дұрыс болмаса, оқушылар ескі оқулықтарды бөлісуге мәжбүр болса, білім алу қиындай түседі. Керісін­ше, бақуатты адамдардың балалары заманауи сыныптарда және ғылы­ми лабораторияларда білім алып, көптеген тілдерді, зерттеу тақы­рыптарын және АР сыныптарын таңдай алады. Кеңесші қызметшілер оқушылардың талабына сай беделді оқу орнына түсуге көмектеседі. Ең таңдаулы АҚШ колледждеріне бірінші курс студенттерінің 55 пайызы табыстың 25 пайызына иелік ететін отбасылардан келеді (Leonhardt, 2004). Сол сияқты аралас табысты қоғамда қаржысы жеткілікті оқушылар кедей балаларға қарағанда, әртүрлі бағдарламалары бар, жақсы оқу орнына қол жеткізе алады (Bettie, 2003).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет