Дәріс 12. Компьютерлік желілердің аппараттық құралдары: Кабельдік орталар. Сымсыз орталар. Желілік адаптерлер. Қайталаушылар және концентраторлар



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата21.12.2023
өлшемі434.07 Kb.
#487207
1   2   3
lk-12

Қайталаушының (repeater) негізгі қызметі атына сай - құрамына келіп түсетін 
сигналдарды қайталау болып табылады. Қайталаушы сигналдардың ток күші олардың 
сипаттамалары мен жаңғыруын жақсартады, соның негізінде шалғай жүйелі тораптар 
арасындағы жалпы сымның күшін арттыруға мүмкіндік береді. 
Көп порттық қайталаушы көп жағдайда концентратор (concentrator) немесе хаб (hub) 
деп аталады, бұл құрылғы сигналдарды қайталау қызметін атқарумен қатар компьютерлер 
жүйесінің қызметін бір орталық құрылғыда шоғырландырады. Ic жүзінде қазіргі таңдағы 
барлық жүйелік стандартта концентратор компьютерлерді бір желімен байланыстыратын 
желінің негізгі бөлшегі болып саналады. 
Концентратор немесе Hub желілік құрылғы - ол физикалық дәрежеде жұмыс 
жасайтын OSl желінің үлгісі. 
Екі немесе басқа екі желілік құрылғыларды байланыстыратын кесінді сымдар 
физикалың сегмент деп аталады, сондықтан жаңа физикалық сегменттерді қосуда 
қолданылатын концентратор және қайталаушылар физикалық желінің құрылымы болады. 
Концентратор - кіру жолдары қасиетінің қосындысы шығу жолдарының өткізгіштік 
қасиетінен жоғары болып табылатын кұрылғы. Себебі, концентраторға кіретін ақпараттар 
ағымы шығу ағымына қарағанда көп болғандықтан, оның негізгі міндеті түскен ақпаратты 
шоғырландыру болып табылады. Сонымен қатар концентраторға келіп түсетін ақпараттар 
блогы оның мүмкіндігінен асып түсетін жағдайлар да болады. Сол кезде концентратор осы 
блоктар ақпараттарының кейбіреулерін өшіреді. 
Процессор концентратордың ядросы болып табылады. Келіп түсетін ақпаратты 
біріктіру үшін уақыты бөлінген көптеген амалдар қолданылады. Концентратор атқаратын 
қызметтер мультиплексорға жүктелген міндеттерге келтірілген. Казіргі таңдағы 
концентраторлардың көптеген жергілікті желілерді қосуға арналған порттары бар. 
Концентратор белсенді құрылғы болып табылады. Концентратор желінің жұлдыз 
тәріздес конфигурациясының орталық (шина) қызметін атқарады және желілік 
құрылғылардың қосылуын қамтамасыз етеді. Концентраторда әр торапқа (ПК, принтер, 
қатынау сервері, телефон т.б.) жеке порт қарастырылуы тиіс. 
Арттырушы концентратор жылдам байланыс жүйесінің көмегімен байланысқан жеке 
модульді құрайды. Мұндай концентраторлар ЖЕЖ күші мен мүмкіндіктерін біртіндеп 
арттыруға қолайлы жағдай жасайды. 
Концентратор әрбір торап сымы қиындысымен тоқты соңына жеткізеді, сондықтан 
қандайда бір бөлікте болған қысқа тұйықталу барлық ЖЕЖ-ні істен шығармайды. 
Концентраторлар сымның физикалық қиындыларынан ақпаратты берудің жалпы 
аймағын құрайды, ол -логикалық сегмент. Логикалық сегментті сонымен қатар домен 


коллизеиі деп те атайды, себебі осы сегментті немесе әртүрлі физикалық сегментке 
жататын қандайда бір екі компьютердің акпараттарын бір мезгілде жіберу кезінде 
жіберуші аймағы жабылып қалады. Атап өтетін жайт, концентраторлар кандайда бір 
күрделі жүйені құраса да (мысалы, иерархиялық байланыс, оларға косылған барлық 
компьютерлер бірдей логикалық сегментті құрайды), онда өзара байланысқан жұп 
компьютерлер толығымен басқа компьютерлердің ақпарат алмасуына жол бермейді. 
37-суретте концентратордың сыртқы бейнесі бейнеленген. Концентраторлар plug and 
play технологиясын қолдайды және қандайда бір параметрдің орнатылуын талап етпейді. 
Өз желіңізді жоспарлап, компьютер мен хаб портына ажыратқышты орнату қажет. 
Концентраторды орнатуға орын таңдаған кезде мына бөліктерге мән беріңіз: 

тұрған жері; 

ара қашықтығы; 

қоректенуі. 
Концентраторды орнатуға қажетті орынды таңдау кіші желіні жоспарлаудың негізгі 
бөлігі болып саналады. Хаб желінің геометриялық орталығына (барлық компьютерлердің 
бірдей apa қашықтығына) орналастырғаны жөн. Мұндай орналастыру сымдарды азайтуға 
септігін тигізеді. Концентратордан желіге қосылатын компьютер немесе перифериялық 
құрылғылар арасындағы сымның ұзындығы 100 м аспауы тиіс. 
Концентраторды үстелдің үстіне немесе хаб құрамына кіретін скобтармен қабырғаға 
орналастыруға болады. Хабты қабырғаға орналастыру офисте қосылған сымдардың 
қосылуын жеңілдетеді. Желіні жоспарлауда хабты арттыру (каскадтау) мүмкіндігі бар. 
Көпір (bridge) - мәліметтерді тасымалдайтын арналарды бай- ланыстыратын 
ретрансляциялық жүйе. 
Көпір ашық жүйелердің бір-бірімен базалық эталонды модульмен байланысады 
және хаттамалардың физикалық және арналық деңгейлерімен сипатталады, олардың 
үстінде арналық үдерістер орналасады. 
Көпір - бұл модельдегі физикалық арна ретінде көрініс беретін жұп байланысқан 
физикалық байланыс заттарына тіреледі. Көпір 
физикалық (lA, 2A) және арналық (lB, 2B) деңгейлерінің әр түрлі типтерін қайта 


түрлендіреді. Арналық үдеріс мәлімет тасымалдайтын әр түрлі типтерді қайта түрлендіреді. 
Арналық үдеріс мәлімет тасымалдайтын әр түрлі типті арнайы бір жалпыға біріктіреді. 
Көпір (bridge) және оның тез әрекет ететін саралау - коммутаторы (switching hub) - 
мәліметті тасымалдаушы жалпы логикалық сегменттерге бөледі. Логикалық сегмент 
бірнеше физикалық сегменттердің бір немесе бірнеше концентраторларының көмегімен 
бірігуден пайда болады. Әр логикалық сегмент жеке көпір коммутатор портына қосылады. 
Кадрдың кез келген көпір коммутатор порттарына түскен кезде сол порт бұл кадрды 
қайталайды. Бірақ барлық порттарда емес (концентратор сияқты), тек қана сегмент 
қосылған портта болады (компьютер, жолданатын мекен-жай болса). 
Көпірлер 
әр 
түрлі 
тасымалдаушы 
типтерді 
пайдаланатын 
сегменттерді 
байланыстырады, мысалы: 10BaseT (витая пара), 10Base2 (жіңішке коаксиалды кабель). 
Олар арнаға әр түрлі әдістермен желіні байланыстырады, мысалы: Ethernet желісі 
(CSMA/CD рұқсаты бар әдіс) және Token Ring (TPMA рұқсаты бар әдіс). 
Көпір және коммутатор арасындағы айырмашылықтар. Бұлардың арасындағы 
айырмашылықтар мынада: көпір әр уақыт мезетінде кадрлар тасымалдауын тек қана бір 
жұп порттар арасында жүргізуді қамтамасыз етеді, ол коммутатор өзінің барлық порттар 
арасындағы мәлімет ағымын бір уақытта орындауын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, 
көпір кадрларды сатылы тасымалдайды, ал коммутатор параллель. Көпірлер локалды 
және ауқымды желілер байланысы үшін қолданылады, яғни жойылған қатынау заттары, 
бұл кезде параллель тасымалдау бірнеше жұп порттар арасында болуы мүмкін емес. 
Бірінші құрылымдар пайда болған кезде, олар желіні бірнеше колизия домендеріне 
бөледі (ЛЕЖ фрагменттерінде, hub-ax - те құрылған). Олар екі жарты болады және көпір 
(bridge) - атауын алады. Берілген құрылымның дамуында олар көп портты болды және 
коммутаторлар (switsh) атауын алды. Белгілі бір мезгілде олар бір уақытта болып, ол кейін 
«көпір» терминін «коммутатор» іерминіне ауыстырды. Кейін бұл тақырыпта коммутатор 
терминін пайдалана бастады, ал екі құрылым түрлеріне белгілеу үшін қажет болды, өйткені 
төменде айтылғандар көпірге де, коммутаторға да байланысты болады. Кейінгі уақытта 
жергілікті көпірлер толығымен коммутатормен шығарылған. 
Кейбір жағдайда физикалық және арналық деңгейлер хаттамаларын айқындайтын 
жергілікті желілерді байланыстыру қажет болады. Қалған деңғейлер хаттамалары бұл 
желіде бірдей қабылданады. Бұндай желілер көпірмен жалғануы мүмкін, көп жағдайда 
көпір қосымша функциялармен ажыратылады. Бұндай көпірлер белгілі интеллекті бар 
(желідегі интеллект құрылымдармен жасалынатын істердің орындалуы болып табылады) 
және сол желіде орналаскан мекен-жайға жолданатын абоненттік желілердегі мәлімет 
блоктарын өзі арқылы сүзгілейді. Ол үшін әр көпір иесіне жүйе мекен-жайлары (әp желіге 
қосылған) болады. Интеллектуалды көпір өтетін блоктар екі рет тексеріледі, кіргенде және 
шыққанда. Бұл операция көпір ішіндегі қателердің болмау алдын алады. 
Көпірлерде мәлімет блоктарының ағымдары мен басқару механизмдері болмайды. 
Сондыктан блоктардың кіріс ағыны шығыс ағынына қарағанда үлкен болып көрінеді. 


Бұл жағдайда көпір кіріс ағымының өндірілуімен орындай алмайды және оның 
буферлері толып кетуі мүмкін. Ол болмас үшін қажеті жоқ блоктар шығарылып тастап 
отырылады. Арнайы функциялар көпірді радиожелілерде орындайды. Бұл жерде ол әр 
түрлі жиілікте жұмыс істеп түрған екі радиоарналар бір-бірімен байланысын қамтамасыз 
етеді. Оны ретранслятор деп атайды. Көпірлер мәліметтерді жоғары деңгейде 
операциялайды және белгілі қызмет атқарады. Біріншіден, олар эр түрлі физикалық ортасы 
бар желілік сегменттерімен байланыстыру үшін пайдаланылады, мысалы: сегментті 
көтерме кабельмен байланыстыру үшін және сегментті коаксиалды кабельмен 
байланыстыру үшін. Көпірлердің төменгі деңгейдегі әр түрлі хаттамалары бар. Сегменттер 
байланысы үшін қолданылуы мүмкін. 
Коммутатор (switch) - мәліметтер тасымалдау бағыттарының нүсқалары ішінен 
біріншісін таңдауға мүмкіндік беретін қүрылғы. 
Коммуникациялық желіде коммутатор мөлдірлік қасиеті бар (яғни мәліметті өндірусіз 
жүретін коммутация жасалады) ретрансляциялық жүйе (мәліметті тасымалдау үшін 
қолданылатын жүйе) болып табылады. Коммутаторларда буфер болмайды және 
мәліметтерді жинай алмайды. Сондықтан каммутаторды қолданған кезде сигналдардың 
(белгілердің) 
мәліметтер 
тасымалдау 
арналарында 
байланыскан. 
Тасымалдау 
сигналдарының жылдамдығы бірдей болу керек. Коммутатормен орындалған арналық 
үдерістер арнайы пнтегралды кесте арқылы жасалынады. 
Басында коммутаторлар терминалды желілерде ғана қолданылған. Кейін олар 
жергілікті желілерде пайда болды, мысалы, жеке мекемелердегі коммутаторлар. Кейін 
коммутерленетін жергілікті желілер пайда болды. Жергілікті желілер коммутаторлары 
олардың ядросы болып табылады. 
Коммутатор серверлер мен сыныптарды байланыстыруы мүмкін және бірнеше 
жұмыстық топтарды байланыстыру үшін негіз болып табылады. Ол мәліметтер пакеттерін 
ЛЕЖ түйіндер арнасына бағыттайды. Әр коммутерленетін сегмент бәсекелестіксіз 
мәліметтер тасымалдану арнасына рұқсат алады және өзінің сегментіне бағытталатын 
сызбаны ғана көреді. Коммутатор басқа морттардан болатын бәсекелестіктің болуынсыз әр 
портқа ең жоғары жылдамдықпен байланысу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. 
Коммутаторларда бір немесе екі жоғары жылдамдықты порттар болады және жақсы 
бағыттайтын инструменталды заттары болады, коммутаторларды маршруттаушылармен 
алмастыруға болады. Сол арқылы өсірілетін маршруттаушыларды қосу керек немесе 
коммутаторларды бірнеше концентраттар байланысы үшін негіз ретінде колдануы тиіс. 
Коммутаторлар жұмыс тобының ЛЕЖ концентраттары арасында бағыттау үшін және файл 
сервері үшін өте жақсы құрылғы ретінде қызмет етеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет