Сабақтың тақырыбы: «Математикалық сандық»



Дата21.06.2016
өлшемі82.57 Kb.
#151547
түріСабақ
Рысмағамбетов Руслан Жантілеуұлы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Математикалық сандық» ойыны.

Сабақтың мақсаты:1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау

қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Бәйге (логикалық есептер)

3. Математикалық хоккей

4. Ғажайып алаңы (есептер шығару)

5. Кім жылдам.

6. Минитест

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Математикалық сандық » ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді

Ортаға 5 сынып— квадратр, 6сынып- трапеция, 7сынып — үшбұрыш

топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады үш тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.


І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

І топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.



Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.



Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

Қасиеттері: 1) диогональдары тең

2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады

3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.
ІІ топ. «Трапеция» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.



Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция дейді.

Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-ғалары деп аталады.



Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі

2) тік бұрышты

Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосын-дысының жартысына тең болады.

ІІІ топ «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.



Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:



  1. тең қабырғалы үшбұрыш

  2. тең бүйірлі үшбұрыш

  3. әр қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

  1. тік бұрышты үшбұрыш

  2. сүйір бұрышты үшбұрыш

  3. доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

ІІ тур «Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 13сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)

І топқа:



  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

  2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

  4. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабінің авторы? (Баймұханов, Базаров)

  5. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

  6. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

  7. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

  8. 1/10 санының кері саны? (10)

  9. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

  10. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)

  11. Жарты түзу. (сәуле)

  12. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

  13. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

ІІ топқа:

  1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

  2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

  3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

  4. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

  5. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)

  6. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

  7. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

  8. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?

  9. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

  10. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

  11. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

  12. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар.( негізгі ұғымдар)

  13. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

ІІІ топқа:



  1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

  2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

  3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

  4. Екінің алтыншы дәрежесі

  5. 45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾)

  6. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

  7. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

  8. Көпмүшенің қалыпты түрі (стандарт)

  9. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)

  10. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)

  11. Миллиард санын жазғанда неше нол керек(9)

  12. Кім барлық тілде сөйлейді (жаңғырық

  13. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)


ІІІ тур. Математикалық хоккей.

Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.

(43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304)

Ж:0


IV тур. Ғажайып алаңы


20

20

20

30

30

30

40

40

40

Сол жақтағы 20.



(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Қасқыр-100

Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.



Ортадағы 20.

(әзіл есеп) «Қу түлкі»

Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.



Ж: 127

Оң жақтағы 20 .

Тосап жеу”Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді?

Жауабы: 2 мин



Сол жақтағы 30.

Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім?

Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)

Ортадағы 30.

Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі.

Жауабы:Гарриот

Оң жақтағы 30.

1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі.

Жауабы:Рене Декарт

Сол жақтағы 40.

XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім?

Жауабы: Лейбниц

Ортадағы 40.

«Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы

(262-190) жылдарда өмір сүрген грек ғалымы.

Жауабы: Аполлони



Оң жақтағы 40.
«Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик.

Жауабы: Лейбниц


V тур. «Кім жылдам?»

Геометриялық фигуралардың аттарын табу.



  1. апрцетяи -трапеция

  2. еңшбре - шеңбер

  3. шұбршүы - үшбұрыш

  4. трұбышрөт-төртбұрыш

  5. рвадкат - квадрат



VI минитест.

  1. 10100 саны

А. миллион В. Триллион С. Гугол

  1. Осы суреттен жоқ фигураны табу.






А. шеңбер В. тіктөртбұрыш С. үшбұрыш Д. ромб Е. бәрі бар


  1. Чебурашка дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?

А. 2000т В. 3070т С. 1540 т

  1. «Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді?

А. теңдік В. әдемілік С. музыка

  1. Ең кіші жай сан

А. 0 В. 1 С.2

VIІ. Қорытынды.

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет