Дәріс №12 Мәңгі тоң таралған аймақтар және рельеф процестері Сабақтың мақсаты

бет4/7
Дата10.04.2023
өлшемі6.3 Mb.
#472005
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
№12 дәріс

Біркелкі сазды топырақтардың біресе еріп, біресе қатуы салдарынан тундрада медальон дақтары деген ерекше рельеф пішіндері пайда болады. Олардың диаметрі 0,5 м-ден бірнеше метрге жететін сазды медальон тәрізді дақтар. Дақтардың пайда болуы екі тоң қабттары (мерзімдік және мәңгі тоң қабаттары) арасында қысылып қалған сұйық саз топырақтың жердің беткі қабатына жарықшақтар арқылы шығуына байланысты.

Полярлық елдерде құрылымдық топырақтардың басқа да түрлері, соның ішінде полигоналдық пішіндер кездеседі. Бұл 5 және 6-бұрышты, диаметрі бірнеше метрге дейін жететін бір-бірінен жарықшақтар арқылы бөлінген көпбұрыштар. Осы полигоналдық түрлердің құрылуы біркелкі ұсақ топырақ арасында аяз әрекетінен жарықшақтардың пайда болуымен байланысты. Жан-жағынан қысымға ұшыраған топырақ массасы әр полигон пішінінің ортасында сәл көтеріңкі дақ құрайды, ал ол жарықшақтар тұсында сәл төмендеу келеді. Мұндай пішіндер жарықшақтар маусымдық қататын топырақ қабатынан терең емес жағдайда қалыптасады. Егер осы жарықшақтар бұл тереңдіктен асып кетсе, онда жаздың жылы мауысымында еріп үлгермеген мұз сыналары пайда болады. Уақыт өткен сайын мұз сыналардың тереңдігі де, ені де өсіп, тоңды тау жыныстарын жеке-жеке блоктарға айырып бөле бастайды. Егер өсіп келе жатқан мұз сыналарының айнала топырағы созылмалы болса, онда ол жан-жаққа және жоғары қарай сығылады да, мұз сыналарының жапсарында білік тәрізді үйінділерді түзейді. Олардың араларында сәл төмен иілген көлденеңі 25-30 м жететін полигондар қалыптасады. Білік тәрізді пішіндердің биіктігі 0,2 м-ден 0,7 м-ге дейін жетсе, блоктарды бөліп тұратын жарықшақтардың ені 1 м-дің шамасында болады. Өзен жайылмаларының және террасаларының борпылдақ топырақтарында осыған сәйкес ірі түрлерін тетрагоналдық топырақтар дейді. Олардың ені 100-200 м-ге жетіп, сыртқы білік тәріздес пішіндерінің биіктігі 2 м-ге дейін болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет