Дәріс №16 Тақырыбы


Тұтқа дөңгелегінің люфтын анықтау



бет2/3
Дата08.01.2024
өлшемі218.29 Kb.
#488671
1   2   3
Алдыңғы дөңгелекті реттеу диагностикадан өткізу.

Тұтқа дөңгелегінің люфтын анықтау
Автомобильді тұтқамен басқару да пайдалану барысында тозады, тұтқамен механизмі картерінің жақтауға бекітілу беріктігі бұзылады, бұрамдық пен роликтің тіркесуінде, мойынтіректерде, рөл тартымының қосылуларында люфт ұлғаяды және басқа бұзылулар пайда болады.
Тұтқамен басқарудың бұзылуының негізгі белгілері, әдетте тұтқа дөңгелегінің шеңберінде өлшенетін люфттің ұлғаюы, тұтқа механизмінде үйкелістің жоғарылығы, сондай-ақ бұрылыс цапфаларында айқасып қалу болып табылады. Мысалы, тұтқалық механизмде үйкеліс шамасы, бұрамдықтың роликпен және мойынтірекпен тіркесуін дұрыс келтірмеуге байланысты 2-2,5 есе өсуі мүмкін. Рөл тартымдары шарнирлерін тарту үйкеліс күшін 4-6 кгс-қа, шүберенді тығыз орналастыру 3-10 кгс-қа ұлғайтуы мүмкін. 

1-тұтқа бағанасының қарамауыштары; 2- тұтқа бағанасына бекітілетін көрсеткіш стрелкасы; 3 –люфтметр шкаласы; 4 – тұтқа дөңгелегіне бекітуге арналған қармауыштар; 5-салынатын күш шкалалары бар динамометрлік тұтқа; 6- динамометр серіппелері (12 кг дейін).
3.2-сурет – К-402 моделді динамометр-люфтмер
Тұтқамен басқару гидрокүшейткіштері болған кезде, сорғышпен жасалатын, 60-70 кгс/см² болуға тиіс қысым шамасын тексеру қажеттілігі туады. Тұтқамен басқару жағдайын К-402 құралымен тексереді. 
Тұтқамен басқаруға диагностика жасағанда келесі операциялар орындалады: 
- автомобильдің алдыңғы белдігін көтеріп, дөңгелектерін қозғалыс күйіне тік қою керек; 
- тұтқа дөңгелегінің шеңберіне шкаласы бар динамометрді, тұтқа бағанасына аспап стрелкасын бекіту керек;
- тұтқамен басқару түйіндерінде тұтқа дөңгелегін диномометрден асырып, бір соңғы күйден басқа күйге бұрай отырып, үйкеліс күшін тексеру керек. Үйкеліс күші 4 кгс-тен артық болуына жол берілмейді. 
- оң дөңгелекті түгелдей босату керек
- тұтқа дөңгелегінің люфтын, дөңгелекті 1 кгс күшпен алдымен солға, сосын оңға динамометрден асыра бұрай отырып, өлшеу. Рөл дөңгелегінің ұйғарымдағы люфты 10º.
- тұтқа дөңгелегінің люфтын арттырған кезде тұтқамен басқару жетегінің бірігуін тексеру керек, бұл үшін бірінші дөңгелекті ұстағышпен бекітіп, тұтқа дөңгелегін солға және оңға 7 кгс күшпен бұру керек. Рөлмен басқару жетегінің бірігуінде люфтке жол берілмейді.
- Рөл дөңгелегінен динамометр мен аспап стрелкасын, ал аспап ұстағышын оң дөңгелектен алып тастау керек;
- сол жақ дөңгелекті түсіру керек;
- Тұтқамен басқарудың техникалық жағдайы туралы қорытынды беру керек
Зертханалық жұмысты орындағаннан кейін алынған нәтижелерді кестеге толтырып, қорытынды жасау керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет