Дәріс 19. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері Дәріс жоспары


Саяси биліктің типтері, қызметтері, субъектілері



бет11/25
Дата02.01.2022
өлшемі56.28 Kb.
#452922
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Саяси билік мәні мен жүзеге асыру механизмдері

3. Саяси биліктің типтері, қызметтері, субъектілері. Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес. Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т. с.с. Саяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі. Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді. Саяси билік – ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: қоғамда ресми қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, сайлау жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет