Дәріс 19. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері Дәріс жоспары



бет15/25
Дата02.01.2022
өлшемі56.28 Kb.
#452922
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Саяси билік мәні мен жүзеге асыру механизмдері

Билікті ұйымдастыру түрінің бірі:

  • Абсолютизм– монархтардың қолындағы мұраға қалдыратын шексіз билік.

  • Авторитаризм– бір адамның немесе топтың шексіз билігі. Ондай билікте тиран, деспот, фюрер, көсем немесе халық бұқарасы сайлаған, құқықтарды аяққа басатын топ елді билейді.

  • Деспотизм – бір адамның қатал самодержавиялық шексіз және дара биліктің түрі.

  • Охлократия – гректің тобыр сөзінен – тобыр билігі деген мағынада.

  • Плутократия (гректің «плутос»-байлық, «кратос»-билік) – саяси билік бай, ауқатты топтың қолында болатын мемлекеттік құрылыс.

  • Тирания – мұнда билік күшке, зорлыққа, деспотқа негізделеді.

  • Тоталитаризм (латын тілінен «тоталис» – толық, тұтас) – қоғам өмірінің барлық жақтарына толық бақылау жасау әдісіне негізделген биліктің түрі.

  • Элитаризм – қоғамды ерекше пұрсатты жағдайындағы адамдар тобына, элитаға бөлудің қажеттігін негіздейтін концепция (билік түрі).

  • Либерализм – парламенттік құрылымды, буржуазиялық бостандықты жақтайтын буржуазиялық идеологиялық, қоғамдық-саяси ағым.

  • Бюрократия – билікті жүзеге асырудың ерекше формасы, ерекше пұрсатты кастаның билігі және оның көпшілікке тәуелсіз болуы.

  • Демократия – халық билігіне негізделген саяси билік. Басқару түріне байланысты билік монархиялық және республикалық болып бөлінеді.


Монархия деп мемлекеттің жоғарға өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі.

Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президентік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет