Біріншісінің шұғылданатыны – соғыс, екіншісінікі – ішкі шаруашылық тұрмысты ұстап тұру және бұл ретте құрылатын ұйым кеңінен дамиды. Қазіргі буржуазиялық саясаттануда Спенсердің бюрократия туралы, саяси ұйымдарды зерттеудегі жүйелі, құрылымдық-функциялық талдау, ұқсастық табу әдістері кеңінен қолданылуда.
Макс Вебердің билік туралы теориясы. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер легитимді үстемдіктің (саяси биліктің) үш түрін айқындайды: дәстүрлік, харизматикалық, ашық (жария). Біріншісі, дәстүрлік үстемдік. Бұл билік киелі дәстүрге (сенімге) негізделеді. Сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Легитимді үстемдіктің екінші түрі – харизматикалық. Харизма – ерекше дарынды, ақылды, батыр және басқа да үлгілі қасиеттері бар адам. Ондай адамның билік жүргізуін қоғам толық мойындайды. Макс Вебердің ойынша, құқықтық мемлекет негізделетін легитимді үстемдіктің үшінші түрі – ашық, жария үстемдік. Қоғамға үстемдік етуші адам емес, заң болуы тиісті; ал ашық, жариялылық билік демократиялық талаптарға сәйкес келетіні белгілі. Демократиялық жағдайда мемлекеттік биліктің легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет:
билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орнатылуы;
мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |