ҚОРЫТЫНДЫ
Дене тәрбиесі үрдісінде болашақ мұғалімдер дене тәрбиесі құндылықтарын денсаулықты нығайту, жоғары кәсіби жұмыс қабілетін, денені жетілдіру мүмкіншілігін ғана емес, оқұшылармен тәрбие жұмысында дене шынықтыруды бойынша кәсіби біліктіліктің жоғарғы деңгейін де қамтамасыз ететіндей дәрежеге меңгеруге тиіс. Мұнда мұғалім жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы ережеде тіркелген шағын міндеттермен шектеліп қалмауға тиіс. Ол дене тәрбиесін ұйымдастуырушы және насихаттаушы төреші ретінде балалардың оқуы мен демалысының гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ете отырып, олардың ауқымын кеңейтуі керек.
Болашақ мұғалімде бұл қызметтің мәніне сенім, оның нәтижесі үшін жауапкершілік, тәрбие үрдісінде әдістемелік негізін меңгеруге құштарлық болса ғана кәсіби дайындықтың осы бағдарламасын орындай алады.
Мұғалімдерді тұтастай кәсіби дайындау қрылымында олардың өз денсаулығына, кәсіптік жұмыс қабілетіне қатысы, дене тәрбиесіне қалыптасқан көзқарасы, сенімі, құнды бағдары тәрбиелік деңгейін көрсетіп, педагогикалық қызметіне, сондай-ақ бос уақытта дене шынықтыру мен спорт құралдарын нақты пайдалануы жалпы мәдени және кәсіби дамуының аса маңызды көрсеткіші болып табылады.
Негізгі әдебиеттер
Матвеев А.Т., Мельников С.Г. «Теория негіздерімен дене шынықтыру әдістемесі» 1981.
Железняк Д.Д., Петров П.К. «Дене мәдениеті мен спортта ғылыми- әдістемелік іс- әрекеттің негіздері» 2002
Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998
Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989
Кенеман А.В. Хухлаев Д.В. «Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әдістемесі мен теориясы» 1985
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 1988
Қосымша әдебиеттер:
Спорттық ойындар. Москва, 2001 Железняк Ю.Д.
Учебник тренера по гандболу Москва, 1996 Игнатева В.Я.
Уроки по баскетболу Башкин С.Г. 1966
Жарыс ережелері:Волейболдан, баскетболдан, футболдан, жеңіл атлетикадан
Достарыңызбен бөлісу: |