Дәріс №1Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет1/46
Дата21.07.2023
өлшемі0.94 Mb.
#475772
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
дене шынықтыру әдістемелік


Дәріс № 1Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Шымкент қаласының білім басқармасы
«Отырар колледжі»


«Дене шынықтыру» пәні бойынша


Әдістемелік нұсқаулық


Шымкент 2022 ж


«Отырар» колледжі әдістемелік кеңес отырысының № ____ «_____» _____2022 жылғы шешімімен бекітілген
Әдістемелік кеңес төрағасы __________ Рыскулова С. А
«Дене шынықтыру және АӘТД» пәндер бірлестігінде талқыланып, әдістемелік кеңеске ұсынылды.
Хаттама № _____ «_____» _______ 2022 ж.
ПЦК төрағасы: __________ Берікбай А
Құрастырған: ____________ Байжанова Н.
____________ Адиров Ғ.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша әдістемелік нұсқаулық




Кіріспе

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Дене шынықтыру сабақтарында пәнаралық байланысты дұрыс жасау керектігі сабақ сапалығына апарады. Өйткені оқушылар математика пәніндегі бұрыш, шеңбер ұғымдарын дұрыс қалыптастырса өлшем бірліктерді жақсы білсе дене шынықтыру пәнінде волейбол ойнағанды пайдалану қажет ететіндігі анық.Сонымен қатар дене тәрбиесі сабақ барысында жалпы дамыту жаттығуларын кеңінен пайдалану арқылы оқушылардың әскери дайындық дағдыларын да қалыптастыруға болады. Гимнастикалық жаттығуларды өткізуде сапқа тұрғызу әртүрлі болуы мүмкін – лекке, қатарға, жарты шеңберге т.с.с. Ең жақсы нұсқа – балаларды арақашықтықты сақтап сыныптар бойынша тұрғызу болып табылады. Сонда оқушылардың іс-әрекетін бақылау және жүктемені реттеу мұғалімге оңай түседі.


Дене тәрбиесі сабағында спорт құрал-жабдықтарын пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге жазу, сурет салу аса қажет болатын қол саусақтарының майда бұлшық еттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі сабағында өмірлік маңызы бар қозғалыс түрлері -жүру, жүгіру, секіру, лақтыруға үйрету маңызды орын алады. Дене шынықтыру бағдарламасы бойынша жеңіл атлетикадан білім беру арқылы дағдыларын қалыптастырамыз. Жеңіл атлетиканың дағдыларын бойына сіңірген оқушы біріншіден, тез қозғалуға, жылдам шешім қабылдауға, өз діттеген жеріне дер кезінде жететіндігін өмір көрсетіп отыр. Сондай сабағымның тәжірибесін сіздерге ұсынамын.
Ауыл мектептерінде қозғалыстың негізгі түрлеріне үйретуде оларды ұйымдастыру және үйлестірудің сан алуан әдістері қолданылады. Мысалы: бір мезгілде орындау әдісін пайдалану қозғалыс белсенділігін артыруға мүмкіндік береді. Ол жүру, жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларына үйрету, секіру, лақтырудың кейбір түрлерінде т.с.с қолданылады.
Қимыл-қозғалыс ойындарын дене тәрбиесі сабағының барлық бөлімдерінде жүргізуге болады. Ойын кезінде оқушылардың жағымды эмоциялық күйі жоғарлайды. Ойын балаларға әрқашанда қуаныш әкеледі, осы себепті тәртібі нашар оқушыларды да ойыннан шығарып тастауға болмайды.
Үлкен кеңістікті қажет ететін ойындарды ашық ауада немесе мектептің спорт алаңдарында өткізуге болады, мұнда ойын жаттығулары мен эстафеталар пайдаланылады.
Дене тәрбиесі сабағын өткізгенде мұғалімге қауіпсіздік ережелерін сақтау аса қажет. Дене тәрбиесі пәнінің мұғаліміне оқушылардың өміріне жауапкершілікпен қарау жүктеледі.
Дене тәрбиесі сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстары оқушылардың білімдерін дағдыларын тереңдетуге, оқушылардың денсаулығы мен денесінің жан-жақты даму деңгейін өсіруге, спортпен жүйелі түрде айналысуға қызығушылықтарын арттырады. Дене тәрбиесі сабағынан сыныптан тыс жұмысқа жататындар: Президенттік сынамалар, сынақтар, жарыстар, үйірмелер, КВН, тәрбие сағаттары, жанұялық сайыстар, т.б.
Дене шынықтыру сабағы оқушылардың қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруда болашақ ұрпақтың спорт саласына қосар үлесін шыңдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет