Дәріс №1Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет12/46
Дата21.07.2023
өлшемі0.94 Mb.
#475772
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
дене шынықтыру әдістемелік

Дәріс № 12
Тақырыбы: Техниканы оқыту құралдары
Мақсаты: Таңдап алынған спорт түрінің техникасын оқыту құралдарымен таныстыру. Толық мәлімет беру.

Ойын тәсіліне дағдылану процесінде оқушылар ойын әдісін үйренеді. Волейболдағы негізгі құралдар- доппен жаттығу, жұптасып ойнау және екі жақты ойын нәтижесі оқушылардың әдіс-тәсілдерін қалай меңгергеніне байланысты. Егер сол құралдардың әсері жақсы болса, ол жаттығуды немесе ойынды орындау уақытына байланысты. Ал әсері төмен болса, уақытты созудан нәтиже бермейді (ойыншылар босқа тұрады да ойынның қызығы кетіп, балалардың ынтасы қайтады).


Ойыншының айла-тәсілін жақсы меңгеруі үшін дене тәрбиесі пәні мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен сабақта оқушылардың ынта жігері мен ебекқорлығына байланысты. Сондай-ақ сабақтан тыс кезде өз бетімен даярлану және оқушылардың дене жағынан дамуына да байланысты.


Қолданылған әдебиеттер:
1. Учебник тренера по волейболу Москва, 1996 Игнатева В.Я.
2. Уроки по волейболу. Башкин С.Г. 1966
Дәріс № 13


Тақырыбы: Тактиканы оқыту құралдары
Мақсаты: Таңдап алынған спорт түрінің тактикасын оқыту құралдарымен таныстыру. Толық мәлімет беру.
Тактиканы оқыту құралдарының негізі- арнаулы жаттығулар, жұптасып ойнау, екіжақты ойын нәтижелері.
Кең тараған жаттығулардың қатарына түрлі әдістермен орын ауыстыру, бір орында тұрып және қозғалып барып бір немесе екі аяқпен секіру, жоғары секіріп, секірген допты соғу, бір орыннан, секіріп барып бітеу допты кеудеден, желке тұстан лақтыру, допты беру, шабуылдай соғу жатады.
Ойынға дайындық, яғни денені қыздыру жалпы дамыту және арнайы даярлық жаттығуларынан (тез қозғалу, қуалай, домална, бір немесе екі аяқпен секіріп барып орын ауыстыру, шабуылдаушы соққыны, тосқауыл қою қозғалысын көрсету, қолдың қимылымен үйлестіре түрлі әдіспен орын ауыстыру т.б.) тұрады.
Арнаулы бөлімге жаттығу әдістері бойынша: допты жұптасып екі қолмен жоғарыдан беру және төменнен қабылдау, топ арқылы шабуылдай соғу, әріптесіне доп беру енгізілген. Жоғары разрядты командаларда жалпы дамыту жаттығуларын ойын функцияларына қарай (байланыстырушы және шабуылдаушы) енгізеді. Жалпы дамыту жаттығуларының уақыты-10-15 минут.
Жалпы дамыту жаттығулары міндетті түрде өткізіледі, денені қыздырып, жұмысқа дайындау. Әсіресе, бұл шабуылдаушы соққыға, тосқауыл қоюға және екі жақты ойын кезінде жарақаттан сақтандырады.
Әдебиеттер:
1. Максименко А.М. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі негіздері., 1999.
2. Матвеев Л.П. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі. Дене шынықтыру институттарына арналаған оқулық
3. Оқушылардың дене тәрбиесі негіздері. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет