Дәріс № 3
ИСО 45001 сериялы стандарттар негізгі бөлімдеріне сипаттама
ҚР СТ ИСО 45001-2019
Қолданылу саласы
Қызметкерлер құзыреттігі, оларды даярлау және хабардарлық.
Қызмет көрсеткіштерін өлшеу және бақылау
Ұйымдардың барлық түрлері кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласында қызметтің жақсы көрсеткіштеріне олардың саясаттарымен және мақсаттарымен және осы көрсеткіштерді көрсетумен үйлесетін қауіп-қатерді басқару арқылы қол жеткізу үшін жоғарғы мүдделік көрсетіп отыр. Олар заңнама тарапынан, экономикалық саясат пен ИСО 45001 саласында алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдайтын басқа шараларды жетілдірудің жоғарғы қажеттілігі, сондай-ақ мүдделі тараптардың ИСО 45001 мәселелеріне жоғарғы алаңдаушылығы тұрғысынан жасайды.
Осы стандарт ұйымға саясатты әзірлеп іске асыруға және заңнамалық және нормативтік актілердің талаптарын ескеретін мақсаттарға, сондай-ақ ИСО 45001 саласындағы қауіп-қатерлер туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін ИСО 45001 менеджменті жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Ол барлық типтер мен өлшемдердегі ұйымдардың географиялық, мәдени және әлеуметтік жағдайларындағы айырмашылықтарына қарамастан қолдануына арналған. Осы стандарт лайықты түрде ҚР СТ ИСО 9001, ҚР СТ ИСО 14001, ИСО 45001 менеджмент жүйесіне қатысты басқа да стандарттар немесе басылымдар ережелерін қоғамдастық және оларды пайдаланушылар игілігі үшін осы стандарттардың сыйысымдылығын жақсарту үшін назарға алды.
Ұйымның осы стандарт талаптарына ИСО 45001 менеджмент жүйесінің сәйкестігін сертификаттау және/немесе өздігінен декларациялау үшін пайдаланылуы мүмкін ұйымның ИСО 45001менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды қалыптастыратын осы стандарт мен сертификаттауды жүргізу үшін арналмаған, ИСО 45001 менеджмент жүйесін құру, енгізу немесе жақсарту кезінде ұйымға жалпы көмек көрсетуге арналған басшылық нұсқаулықтар арасында маңызды ерекшелігі бар.
ИСО 45001 саласындағы менеджмент стратегия және бәсекеге қабілеттілік мәселелерді қоса кең ауқымды проблемаларды қамтиды. Осы стандартты лайықты енгізуді көрсету ұйымда тиісті ИСО 45001менеджмент жүйесі болған кезде мүдделі тараптарды сендіру үшін ұйым пайдаланылуы мүмкін. ИСО 45001менеджмент жүйесі мәселесін қозғайтын ауқымды мәселелері бойынша кең мағыналы басшылық нұсқаулыққа зәру ұйымдар ИСО 45001 18002 стандартына назар аудару керек.
Осы стандарт «Жоспарла - Жаса - Тексер - Әрекет ет» ретінде белгілі әдіснамаға негізделген. РDСА әдіснамасы мынадай тәсілмен қысқаша сипатталады:
Жоспарла: - мақсатты айқындаңыз және ИСО 45001 саласында ұйымдастыру саясатына сәйкес нәтижелерді алу үшін қажетті процестерді жасаңыз.
Жаса: - процестерді іске асырыңыз
Тексер: - ИСО 45001 саласындағы саясатқа, мақсаттарға, заңнамалық, нормативтік және басқа талаптарға қатысты мониторинг және процестерді өлшеуді жүргізіңіз.
Әрекет ет - ИСО 45001 саласындағы қызметтер көрсеткіштерін тұрақты жақсарту үшін әрекет қабылдаңыз.
Қолданылу саласы
Осы стандарт кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесінің қызметін бағалау құжаттарының сериясынан (ИСО 45001) ұйымға денсаулық пен қауіпсіздік үшін тәуекелдерді басқару және саласында қызметтің өз көрсеткіштерін жақсарту мүмкіндігін беру үшін кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесіне қойылатын талаптардан тұрады. Осы талаптар ИСО 45001 саласында қызмет көрсеткіштерінің нақты критерийлерін, менеджмент жүйесінжобалау үшін нақты талаптардан тұрмайды.
Осы стандарт:
қызметкерлер жүзеге асыратын қызметке байланысты денсаулығына қауіп келетін жұмыскерлер мен өзге мүдделі тараптар үшін қауіптерді жою немесе азайту үшін ИСО 45001 менеджмент жүйесін құрғысы;
ИСО 45001 менеджменті жүйесін енгізгісі, көкейкесті жағдайда ұстағысы және үнемі жақсартқысы;
өз ұйымы қызметінің ИСО 45001саласында өтінілген саясатының сәйкестігіне көз жеткізгісі;
й) осы стандартқа сәйкестігін:
өзін өзі бағалау және сәйкестігін кейіннен өзі жариялау жүргізу;
ұйымға қатысты өз мүдделері бар мысалы тұтынушылар сияқты тараптардан сәйкестікті растау алғысы;
ұйымға қатысты сыртқы тараптан өзінің өзі жариялау негізділігіне растау алғысы;
өз ИСО 45001 менеджмент жүйесіне сыртқы ұйымның сертификаттау жүргізуі арқылы көрсеткісі келетін кез келген ұйым қолданыла алады.
Осы стандарттың талаптарының әрбірі ИСО 45001 кез келген менеджмент жүйесіне қосыла алатындығы болжанады. Қолдану деңгейлері ИСО 45001 саласындағы ұйым саясаты, оның қызметінің сипаты, ұйым жүзеге асыратын операциялармен байланысты тәуекелдер мен осы операциялар күрделігі сияқты факторларға байланысты болады.
Осы стандарт қызметтік міндеттемелерді орындау кезінде денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерге қатысты пайдалану үшін арналған және қызметкерлердің өзін өзі сезінуін жақсарту және денсаулығын бекіту бағдарламалары, өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлдебіреудің меншігін бұзу немесе қоршаған ортаға теріс әсер етулер сияқты денсаулық пен қауіпсіздік жағдайына қатысты өзге салаларда қолдануға арналмаған.
Қызметкерлер құзыреттігі, оларды даярлау және хабардарлық
Ұйым ИСО 45001 әсер етуі мүмкін міндеттерді шешуге қатысатын әр тұлға құзыретті болуын, сәйкес білімі, тәжірибесі және даярлығы болуын қамтамасыз етуі керек.Ұйым ИСО 45001 саласындағы қауіптермен және оның ИСО 45001 менеджмент жүйесімен байланысты қызметкерлерді даярлау қажеттігін анықтауы керек. Ол осы қажеттіктерді қанағаттандыру үшін өзге іс-әрекетті дайындау немесе қабылдауды жүзеге асыруы,даярлықтың нәтижелігін немесе өзге қабылданған іс-әрекетті бағалауы және осымен байланысты жазбалардың жүргізілуін қамтамасыз етуі керек.
Ұйым оның қол астында жұмыс істейтін тұлғалар мыналарға қатысты хабардар болуын қамтамасыз ету үшін процедура(лар)ды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек:
олардың қызметтік іс-әрекетінің нақты және әлеуетті зардаптары, олардың ИСО 45001үшін іс-әрекеті, сондай-ақ олардың өзіндік іс-әрекетін жақсартудан ИСО 45001 үшін пайдалар туралы;
ИСО 45001 саясаты мен процедураларына сәйкестікті, апаттық жағдайларға даярлық және оларға қатысты әрекет етуге қатысты , сондай-ақ осындай сәйкестікке жету маңыздылығы туралы өз рөлі мен жауаптылығы туралы;
белгіленген процедуралардан ауытқудың әлеуетті зардаптары туралы.
Қызметкерлерді даярлау процедуралары мына деңгейлерде айырмашылықты есепке
алуы керек:
жауаптылық, қабілеттілік, тіл білу, сауаттылық және тәжірибе;
қауіп.
Қызмет көрсеткіштерін өлшеу және бақылау
Ұйым тиісті деңгейде ИСО 45001саласында іс-әрекет көрсеткіштеріне бақылау және өлшеулер үшін процедураларды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті жағдайда ұстауы керек. Бұл процедура(лар) мыналарды қарастыруы керек:
а) ұйым қажеттіктеріне сәйкесетін сапалық және сандық өлшеулер;
ИСО 45001 саласында ұйым мақсаттарына қандай деңгейде қол жеткізілуіне бақылау;
басқару құралдары мен әдістерінің нәтижелігіне бақылау (денсаулықты қорғауға қатысты және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты);
d) басқару құралдары мен әдістері мен өндірістік критерийлеріне ИСО 45001 бағдарламасының сәйкестігіне бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін іс-әрекет көрсеткіштеріне пробелсенді (алдын ала, ескертпе) өлшеулер;
е) денсаулық жағдайының нашарлауына оқиғалар (қайғылы оқиғалар, «мүлдем болған оқиғалар» және т.с.с.) мен ИСО 45001 саласында қызметте бұрын болған қанағатсызданарлық нәтижелерге бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін іс-әрекет көрсеткіштерін реактивті өлшеулер;
і) түзетуші және алдын ала іс-әрекеттер қажеттігіне кейінгі талдауды жеңілдету үшін жеткілікті бақылау мен өлшеу деректері мен нәтижелерін тіркеу.
Егер іс-әрекет көрсеткіштерін өлшеу және бақылау үшін сәйкес жабдық талап етілетін болса, ұйым бұндай жабдықты салыстырып тексеру (калибрлеу) және сәйкес техникалық қызмет көрсету үшін процедураларды әзірлеуі және көкейкесті жағдайда ұстауы керек. Салыстырып тексеру (калибрлеу) және техникалық қызмет көрсету туралы іс-әрекет және олардың нәтижелері туралы жазбалар сақталуы керек.
Бақылау сұрақтары:
Қызметкерлер құзыреттігі, оларды даярлау.
Қызмет көрсеткіштерін өлшеу және бақылау.
РDСА әдіснамасы.
Дәріс № 4
Достарыңызбен бөлісу: |