Дәріс №2 Ықпалдастырылған менеджмент жүйесі. Исо 45001 енгізудің бәсекелестік артықшылықтары


ИСО 45001 менеджмент жүйесінің талаптары. Жоспарлау, ендіру және жұмыс істеуі



бет3/4
Дата29.12.2023
өлшемі34.37 Kb.
#488313
1   2   3   4
Лекциялар 2-5

ИСО 45001 менеджмент жүйесінің талаптары. Жоспарлау, ендіру және жұмыс істеуі

  1. Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесіне қойылатын талаптар. Жалпы талаптар.

  2. ИСО 45001 саласындағы саясат

  3. Жоспарлау. Қауіптерді сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау және басқару шараларын белгілеу

  4. Заңнамалық, нормативтік және өзге талаптар

  5. Мақсаттар және бағдарлама(лар)

  6. Енгізу және қызмет ету. Ресурстар, рөлдер, жауаптылық, есеп беру және өкілеттіктер

  7. Қызметкерлер құзыреттігі, оларды даярлау және хабардарлық

  8. Коммуникация, серіктестік және кеңес беру. Коммуникация

Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесіне қойылатын талаптар. Жалпы талаптар.
Ұйым осы стандарт талаптарына сәйкес ИСО 45001 менеджменті жүйесін әзірлеуі, құжаттауы, енгізуі, көкейкесті жағдайда ұстауы, сондай-ақ ол осы талаптарға сәйкестікті қалай қамтамасыз ететіндігін анықтауы керек.
Ұйым ИСО 45001 менеджмент жүйесінің қолданысы қай салаға таратылатындығын белгілеуі және құжаттап бекітуі керек.
ИСО 45001 саласындағы саясат
Жоғары басшылық ИСО 45001 саласында ұйым саясатын әзірлеуі және қолданысқа енгізуі және оның ИСО 45001 менеджмент жүйесі белгіленген салада осы саясат:

  1. ИСО 45001 саласында ұйым қауіптерінің сипаты мен көлемдеріне сәйкесуіне;

  2. жарақатты болдырмау және денсаулық жағдайының нашарлауын, сондай-ақ ИСО 45001 менеджменті мен ИСО 45001 саласындағы іс-әрекет көрсеткіштерінің үнемі жақсартылуы бойынша міндеттемелерді қамтуына;

  3. кемі қолданылатын заңнамалық және нормативтік талаптарға, сондай-ақ оның ИСО 45001 қатысты қауіптерге жататын, ұйым келісетін өзге талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін міндеттемелерді қосуына;

d) ИСО 45001 саласында мақсаттарды белгілеу және талдау үшін негіз құрауына;
е) құжатталған, енгізілген және көкейкесті қалыпта ұсталуына;
і) жұмыскерлер ИСО 45001 мәселелерінде өздерінің жеке міндеттемелерін білетіндей мақсатта ұйым қол астында жұмыс істейтін барлық тұлғаларға жеткізілуіне;
f) мүдделі тараптарға қол жеткізімді болуына;
һ) оның тұрақты жарамдылығына кезеңді түрде талдануына таралуын қамтамасыз етуі керек.
Жоспарлау. Қауіптерді сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау және басқару шараларын белгілеу
Ұйым қауіптерді сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау және тәуекелдерді басқарудың қажетті шараларын белгілеу үшін процедура(лар)ды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек.
Ұйым өзгерістер іске асырылғанға дейін өзгерістерді жүзеге асырумен байланысты ИСО 45001 қатысты қауіптер мен тәуекелдерді анықтауы керек.
Қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау процедура(лар)ы мыналарды ескеруі керек:

  1. күнделікті стандартты, қалыпты) және ерекше (сирек орындалатын) іс-әрекет;

  2. жұмыстар орындау аймағына қол жеткізуге ие барлық қызметкерлер іс-әрекеті (қосалқы мердігерлер мен келушілерді қоса);

  3. адам тәртібі, оның қасиеттері және өзге адамдық факторлар;

й) жұмыстарды орындау аймағында ұйым басқармасында болатын қызметкерлер денсаулығы мен қауіпсіздігіне қолайсыз әсер ете алатын жұмыстарды орындау аймағынан тыс анықталған қауіптер;
е) ұйым басқармасымен және орындалатын жұмыстармен байланысты жүзеге асырылатын іс-әрекетпен байланысты жұмыстарды орындау аймағына жақын туындайтын қауіптер;
d) олар ұйымның өзімен немесе басқамен берілгеніне қарамастан жұмыстар орындау аймағында болатын инфрақұрылымды, жабдықтар мен материалдар;
f) ұйымда оның қызметінде немесе материалдарында өзгерістер немесе болжанатын өзгерістер;
һ) уақытша өзгерістерді қоса ИСО 45001 менеджмент жүйесінің түрленуі және осы түрлендірулердің өндіріске, процестерге және қызмет түрлеріне әсерлері;
і) қауіптерді бағалауға және оларды басқарудың сәйкес құралдарын енгізуге қатысты барлық қолданылатын заңнамалық міндеттемелер;
g) жұмыстарды орындау аймағының жобасы, процестер, құрылыстар, машиналар/жабдық, технологиялық процедуралар мен жұмыстарды ұйымдастыру, олардың адам қасиеттеріне бейімделуі.
Қауіпті сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау үшін ұйымда қабылданған әдістеме:

  1. оның қолданылу саласына, мазмұнына және қолданылу уақытына қатысты ребелсенді емес пробелсенді (алдын алатын) болатындай анықталуы;

  2. қауіптерді сәйкестендіруді, саралау және құжаттауды және сәйкес үлгіде бақылау құралдарының қолданылуын қамтамасыз етуі керек.

Өзгерістер менеджменті мақсатында ұйым ИСО 45001 қатысты ұйымда бар ИСО 45001 менеджмент жүйесінде немесе ұйым қызметінде осы өзгерістер іске асырылғанға дейін өзгерістермен жүзеге асырылатын қауіптер мен тәуекелдерді анықтауы керек.
Ұйым бұндай бағалау нәтижелері қауіптерді басқару құралдарын таңдау кезінде есте болғандай қамтамасыз етуі керек.
Тәуекелдерді басқару құралдарын таңдау немесе бар басқару құралдарын өзгерту туралы мәселені қарастырған кезде мынадай сатыға сәйкес тәуекелдерді төмендету мүмкіндігі ескерілуі керек:

  1. қауіпті жою;

  2. бір тәуекелді басқасымен ауыстыру;

  3. тәуекелдерді басқарудың техникалық құралдарын қолдану;

й) плакаттарды және қауіп туралы ескертетін белгілерді және/немесе тәуекелдерді басқарудың әкімшілік құралдарын қолдану;
е) қызметкерлерді қорғау құралдарын қолдану.
Ұйым анықталған қауіптерді, қауіптерді бағалай нәтижелерін және оларды басқарудың белгіленген құралдарын құжаттауы және осы ақпаратты көкейкестілендірілген жағдайда қолдауы керек.
Ұйым ИСО 45001 байланысты қауіптер, сондай-ақ қауіптерді басқарудың белгіленген құралдары ИСО 45001 менеджменті жүйесін әзірлеген, енгізген, көкейкесті жағдайда ұстаған және оны жақсартқан кезде ескерілуі керек.
Заңнамалық, нормативтік және өзге талаптар
Ұйым ИСО 45001 қолданылатын заңнамалық, нормативтік және өзге талаптарды сәйкестендіру және бағалау үшін процедура(лар)ды құруы, енгізуі және көкейкесті жағдайда ұстауы керек.
Ұйым осы келісетін қолданылатын заңнамалық, нормативтік және өзге талаптар оның ИСО 45001 менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу және көкейкесті қалыпта ұстау кезінде есепке алынуын қамтамасыз етуі керек.
Ұйым осы ақпаратты көкейкесті қалыпта ұстауы керек.
Ұйым, ұйым басшылығы астында жұмыс істейтін тұлғаларға және өзге сәйкес мүдделі тараптарға заңнамалық, нормативтік және өзге талаптарға қатысты сәйкес ақпаратты жеткізуі керек.
Мақсаттар және бағдарлама(лар)
Ұйым сәйкес қызметтер мен ұйым ішінде деңгейлер үшін ИСО 45001 саласындағы құжатталған мақсаттарды белгілеуі, оларға қол жеткізу мен көкейкесті қалыпта ұстауды белгілеуі керек.
Мақсаттар, мүмкіндігінше, өлшенетін және жарақат алуды және денсаулық жағдайының нашарлауын болдырмау міндеттемелерін, олармен ұйым келісетін қолданыстағы заңнамалық, нормативтік және өзге талаптарға сәйкесу міндеттемелерін және тұрақты жақсарту міндеттемелерін қоса ИСО 45001 саласындағы саясатпен келісілген болуы керек.
Өз мақсаттарын белгілей және талдай отырып ұйым, өзі келісетін заңнамалық, нормативтік және өзге талаптарды, сондай-ақ ИСО 45001 қатысты өз қауіптерін ескеруі керек. Ол сондай-ақ өзінің технологиялық мүмкіндіктерін, өзінің қаржылық, өндірістік және бизнес талаптарын, сондай-ақ сәйкес мүдделі тараптар пікірлерін ескеруі керек.
Ұйым өз мақсаттарына жету үшін бағдарламаны құруы, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек. Бағдарламала(лар) кемі мыналардан тұруы керек:

  1. ұйымның сәйкес қызметтері және деңгейлерімен мақсаттарға қол жеткізу үшін жауаптылық пен өкілеттіктерді белгілеу, сондай-ақ;

  2. мақсаттарға қол жеткізу үшін құралдар және осы мақсаттарға жетуге тиісті уақыт шектері.

Бағдарлама(лар) уақыттың жоспарланған аралықтары арқылы жиі талданып отыруы және оған қажет болған жағдайда мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін түзетулер енгізілуі керек.
Енгізу және қызмет ету. Ресурстар, рөлдер, жауаптылық, есеп беру және өкілеттіктер
Жоғарғы басшылық ИСО 45001 саласында істер қалпы мен ИСО 45001 менеджмент жүйесіне тікелей жауапты болуы керек.
Жоғарғы басшылық жоғарыда аталғанға қатысты өз міндеттемелерін мыналар арқылы көрсетуі керек:

  1. ИСО 45001 менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу, көкейкесті қалыпта ұстау және жақсарту үшін қажетті ресурстар болуын қамтамасыз ету;

  2. рольдерді белгілеу (уақытша міндеттемелерді) жауаптылық пен есеп беруді (бағыныстылықты) тарату, сондай-ақ ИСО 45001 саласында нәтижелі менеджментіне

көмектесу үшін уәкілеттіктерді бөлу; рольдер, жауаптылықтар, есеп беру және өкілеттіктер құжатталуы және сәйкес тұлғаларға жеткізілуі керек
Ұйым жоғары басшылықтың мүшелерінен біреуін немесе бірнеше мүшелерін, оған (оларға) жүктелген қызметтің өзге түрлеріне қарамастан ИСО 45001 саласында іс-әрекеттер жағдайына тікелей жауапты етіп тағайындауы және оған мыналарды қамтамасыз ету үшін қажетті міндеттемелер мен құқықтар беруі керек:

  1. ИСО 45001 менеджмент жүйесі осы стандартқа сәйкес әзірленуі, енгізілуі және көкейкесті жағдайда ұсталуы;

  2. ИСО 45001 менеджмент жүйесінің жұмысы туралы есептер жоғары басшылыққа талдау үшін ұсынылуы және осы жүйені жақсарту үшін негіз ретінде пайдалануы керек.

Жоғарғы басшылық қатарынан тағайындалған тұлға ұйым басшылығы астында қызмет жүзеге асыратын барлық қызметкерлерге белгілі болуы керек.
Басшы ретінде жауапты болатын барлығы ИСО 45001 саласында іс-әрекет көрсеткіштерін тұрақты жақсарту бойынша өз міндеттемелерін көрсетуі керек.
Ұйым жұмыс орындау аймағында тұлғалар ұйымда қолданылатын ИСО 45001талаптарын ұстануды қоса олар басқаратын ИСО 45001 аспектілері үшін жауаптылықты қамтамасыз етуі керек.
Қызметкерлер құзыреттігі, оларды даярлау және хабардарлық
Ұйым ИСО 45001 әсер етуі мүмкін міндеттерді шешуге қатысатын әр тұлға құзыретті болуын, сәйкес білімі, тәжірибесі және даярлығы болуын қамтамасыз етуі керек.
Ұйым ИСО 45001 саласындағы қауіптермен және оның ИСО 45001 менеджмент жүйесімен байланысты қызметкерлерді даярлау қажеттігін анықтауы керек. Ол осы қажеттіктерді қанағаттандыру үшін өзге іс-әрекетті дайындау немесе қабылдауды жүзеге асыруы, даярлықтың нәтижелігін немесе өзге қабылданған іс-әрекетті бағалауы және осымен байланысты жазбалардың жүргізілуін қамтамасыз етуі керек.
Ұйым оның қол астында жұмыс істейтін тұлғалар мыналарға қатысты хабардар болуын қамтамасыз ету үшін процедура(лар)ды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек:
а) олардың қызметтік іс-әрекетінің нақты және әлеуетті зардаптары, олардың ИСО 45001 үшін іс-әрекеті, сондай-ақ олардың өзіндік іс-әрекетін жақсартудан ИСО 45001 үшін пайдалар туралы;
b) ИСО 45001 саясаты мен процедураларына сәйкестікті, апаттық жағдайларға даярлық және оларға қатысты әрекет етуге қатысты, сондай-ақ осындай сәйкестікке жету маңыздылығы туралы өз рөлі мен жауаптылығы туралы;

  1. белгіленген процедуралардан ауытқудың әлеуетті зардаптары туралы.

Қызметкерлерді даярлау процедуралары мына деңгейлерде айырмашылықты есепке алуы керек:

  1. жауаптылық, қабілеттілік, тіл білу, сауаттылық және тәжірибе;

  2. қауіп.

Коммуникация, серіктестік және кеңес беру. Коммуникация
ИСО 45001 саласындағы, сондай-ақ ИСО 45001 менеджменті жүйесіне қатысты ұйым мыналарға қатысты процедура(лар)ды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы:

  1. қызметтің түрлі деңгейлері мен қызметтері арасында ішкі коммуникациялар үшін;

  2. жұмыстарды орындау аймағының мердігерлерімен және өзге келушілерімен коммуникациялар үшін;

  3. сыртқы мүдделі тараптардың сәйкес қатынастарын алу және құжаттау, сондай-ақ оларға жауап беру.

Серіктестік және кеңес беру
Ұйым мыналарға қатысты процедура(лар)ды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек:

  1. мына жолдармен қызметкерлерді ИСО 45001 қызметіне тарту үшін:

  • оларды қауіптерді анықтауға, қауіптерді бағалауға және қауіптерді басқару құралдарын таңдауға тарту;

  • оқиғаларға талдау жүргізуге оларды тартуға;

  • оларды ИСО 45001 саласында саясат және мақсаттарды әзірлеуге және талдауға тартуға;

  • олардың денсаулығын қорғау және олардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер етуі мүмкін барлық өзгерістер бойынша кеңес беруге;

  • олардың ресми өкілдерін ИСО 45001 мәселелерін қарастыруға;

  • қызметкерлерді ынталандыруға;

  • ұтымдылық идеялары элементтерін пайдалану.

Жұмыскерлер олардың ИСО 45001 мәселелері бойынша өкілетті өкілі кім екендігі туралы ақпаратпен қоса ИСО 45001 бойынша қызметтерге олардың қатысу мүмкіндіктері тралы хабардар болулары керек.

  1. жұмыскерлердің кәсіби қауіпсіздігі мен денсаулықтарына әсер ететін жағдайларға әсер ететін қандай да бір өзгерістерді іске асырған жағдайда мердігерлерге кеңес беру.

Ұйым мүмкіндігінше сәйкес тараптар ИСО 45001 қатысты мәселелерге орай кеңес алулары керек.
Құжаттама.
ИСО 45001 менеджменті жүйесінің құжаттамасы:

  1. ИСО 45001 саласындағы саясат пен мақсаттар;

  2. ИСО 45001 менеджменті жүйесінің таралу саласын сипаттау;

  3. ИСО 45001 менеджмент жүйесінің негізгі элементтерін және олардың өзара әрекеттерін сипаттау, сондай-ақ сілтеме құжаттарға сілтеме жасау;

й) осы стандартпен талап етілетін жазбаларды қоса құжаттар;
е) ұйымның ИСО 45001 менеджментінің қауіптеріне қатысты процестерді нәтижелі жоспарлау және жүзеге асыру үшін қажетті ұйыммен белгіленген жазбаларды қоса құжаттардан тұруы керек.
Құжаттарды басқару
ИСО 45001 менеджмент жүйесімен, сондай-ақ осы стандартпен талап етілетін құжаттар басқарулы болады. Жазбалар құжаттардың ерекше түрі болып табылады.
Ұйым мыналарға қатысты процедураларды әзірлеуі, енгізу және көкейкесті қалыпта ұстауы керек:

  1. құжаттарды баламалығына оларды шығарғанға дейін бекіту үшін;

  2. құжаттарды талдау, көкейкесті ету (қажет жағдайда) және қайта бекіту үшін;

  3. қазіргі сәтте қолданыстағы құжаттар редакциясының өзгерістері мен мәртебесінің сәйкестендірілуін қамтамасыз ету үшін;

ё) қолданылатын құжаттардың сәйкес нұсқалары (басылымдары) оларды пайдалану орындарында болуын қамтамасыз ету үшін;
е) құжаттарды оқуға болатындай және жеңіл сәйкестендіруге болатындай сақталуын қамтамасыз ету үшін
і) ИСО 45001 менеджменті жүйесін жоспарлау және жұмыс істеуі үшін қажетті ұйыммен анықталған сыртқы шығу текті құжаттар анықталуын және олардың таратылуы басқару астында болуын қамтамасыз ету үшін;
§) ескірген құжаттарды қасақана пайдаланылуын болдырмау және оларды қандай да бір мақсатта сақтаған кезде тиісті сәйкестендіру үшін.
Операцияларды басқару
Ұйым оларға қатысты ИСО 45001 жататын қауіп(тер) менеджменті үшін басқару шараларын бақылау керек сәйкестендірілген қауіп(терм)пен байланысты өндірістік және өзге іс-әрекет түрлерін белгілеуі керек.
Іс-әрекеттің осындай өндірістік және өзге түрлері үшін ұйым мыналарды енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек:

  1. ұйым және оның қызметі үшін қолданылатын өндірістік және өзге іс-әрекетті басқару құралдары мен әдістері; ұйым осы құралдар мен басқару әдістерін өз ИСО 45001 менеджменті жүйесіне қосуы керек;

  2. сатып алынған тауарларға, жабдықтар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты басқару құралдары мен әдістері;

  3. мердігерлер мен жұмысты орындау аймағына өзге келушілерге қатысты басқару құралдары мен әдістері;

й) олардың болмауы ИСО 45001 саласында саясат пен мақсаттардан ауытқуларға әкелуі керек жағдайлар үшін процедураларды құжаттау;
е) олардың болмауы ИСО 45001 саласында саясат пен мақсаттардан ауытқуға әкелуі мүмкін жағдайлар үшін іс-әрекеттің қолданылу критерийлері.
Апаттық жағдайларға және оларға қатысты әрекет етуге дайындық
Ұйым мыналарға қатысты процедура (лар)ды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек:

  1. әлеуетті мүмкін апаттық жағдайларды анықтау;

  2. бұндай апаттық жағдайға қатысты әрекет ету.

Ұйым нақты туындаған апаттық жағдайларға қатысты әрекет ету және олармен байланысты ИСО 45001 үшін қолайсыз зардаптардың алдын алуы немесе азайтуы керек.
Апаттық жағдайларға өзінің әрекетін жоспарлау кезінде ұйым сәйкес мүдделі тараптар, мысалы апаттық қызметтер мен көршілес ұйымдардың қажеттіктерін ескеруі кере.
Ұйым сондай-ақ практикалық мүмкін болатын жерде кезеңді түрде мүмкіндігінше қызығушы тараптарды тартып апаттық жағдайларда әрекет етудің өз процедураларын практикалық байқауды жүргізуі керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. ИСО 45001 менеджмент жүйесінің жалпы талаптары?

  2. ИСО 45001 саласындағы саясат?

  3. ИСО 45001 менеджмент жүйесін жоспарлау?

  4. ИСО 45001 менеджмент жүйесін енгізу?

  5. ИСО 45001 менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі?

Дәріс № 5




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет