құрылымдауын анықтайды. Әрбір тұлға жастайынан ана сүтімен бірге
бойына дарыған, қабылданған тіліне сай әлемнің тілдік картинасына ие.
"Тіл біздің санамызды ғана ұйымдастырып қоймай, біздің таным
процесімізде де өз орнын алады"
4.
Белгілер мен белгілер жүйесінің негізгі типтері Белгілер:
табиғи, иконалық,
конвенционалды, вербалды және т.б. болып бөлінеді. Белгілер
жіктемесін ғалымдар
түрліше беруі мүмкін, бірақ олардың барлығын осында келтіріп жату мүмкін де емес әрі
біздің ондай алға қойған міндетіміз де жоқ.
Табиғи белгілерге табиғаттың құбылыстары мен заттар жатады. Бірақ заттар әлде
құбылыстар өздігінен белгі болып табылмайды, соны белгі деп қабылдайтын субъект үшін
ғана ол белгі қызметін атқарады. Тарата айтар болсақ, ондай белгіні белгі-нышан десе де
жөн, өйткені ол белгі басқа зат туралы қажетті ақпарат жеткізеді. Мысалы, түтін – жанып
жатқан оттың нышаны; жүрек соғысы – тіршіліктің нышаны; дененің қызуының көтерілуі
– науқастану нышаны; қалың қара бұлт – болар жаңбыр нышаны және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: