қарастыруға болады деп біледі. Миф алғашқы қауымдық адамдар ұжымындағы әлем
туралы
көзқарастардың жалпыға ортақ, реттелген көрінісі болып табылады. Миф
ритуалдық-магиялық кешенмен тікелей байланысты әрі мифте үнемі эстетикалық, көркем
элементтер қатынасы кездеседі дейді А. Потебня.
Тіл қалыптасқан дүниетанымның бейнесі емес, қайта сол дүниетанымды жасаушы,
құрастырушы болғандықтан, адам өзінің жан құбылысын, сыртқы дүниеден алған
сезімдерін сөз арқылы объективациялайды. Тіл мифтің пайда болу құралы болса, миф
ғылымның бастауында жатыр. Өйткені, ғылым "сөзден құрастырылған мифтен дамиды.
Мифтің ғылыммен ұқсастығы оның екеуінің де әлемді объективті түрде
тануға
тырысатындығында". А. Потебня, Б. Малиновский, М. Элиаде, К. Клакхон, К. Леви-
Стростан бұрын-ақ мифтің құрылымын және оның маңызын ашып көрсете білді.
А. Потебня тілді рухани мәдениеттің "бірінші элементі" ретінде қарастырады. Тіл,
тіпті, тілдегі сөздің әрқайсысы болсын өз бойында шығармашылық идеясын алып жүреді,
өйткені сөз көркем шығарманың барлық қасиеттеріне ие деп білген А. Потебняның "жеңіл
қолының" арқасында "мәдениет тілі", "өнер тілі", "поэтикалық шығармашылық тілі" деген
ұғымдар ғылыми қолданысқа еніп кетіп, бүгіндері үйреншікті болып отыр. Э. Кассирер, К.
Леви-Стростан талай уақыт бұрын А. Потебня адам өміріндегі және мәдениетіндегі белгі
мен рәміздің алатын орнын зерттеп, олардың қаншалықты маңыздылығын көрсете білген
болатын.
А.
Потебняның айтуы бойынша, сөздің қос мазмұны бар: біріншісі – сөздің
этимологиялық немесе жақын жатқан түбірлік мазмұны; екіншісі – сөздің субъективті көп
мағыналы мазмұны. "Сөзден біз сыртқы пішінді немесе түсінікті дыбысты, сол дыбыс
арқылы объективацияланған мазмұнды және ішкі пішінді немесе сол сөз мазмұнын беретін
жақын тұрған этимологиялық мәнді табамыз".
Тілге, сөзге деген эстетикалық көзқарасты қалыптастыру жолында сіңірген еңбегінің
арқасында А. Потебняны "лингвистикалық эстетика" мектебінің негізін қалаушы деп
қарастыруға да болады. А. Потебня ресейлік мәдениеттанушылар,
оның ішінде,
лингвомәдениеттанымдық сарындағы ғалымдар М. Бахтиннің, В. Волошиновтың, А.
Лосевтің философ, эстетик, мәдениеттанушы, филолог ретінде қалыптасуына зор ықпал
еткен тұлға болатын.
А. Потебнядан бастауын алатын "мәдениет тілі"
ұғымы тіл терминінің кең
мағынасын пайдаланады. Әдебиет, кино, саясат, басқару ісі... – бәрін де мәдениет тіліне
жaтқыза аламыз, өйткені олардың бәрі белгілі бір мәдени-әлеуметтік ақпаратты жеткізуші
құрал болып табылады. Сөйтіп,
мәдениетті семиотикалық жүйелер иерархиясы ретінде
қарастыруға болатындығы айқын бедерленеді.
Достарыңызбен бөлісу: