Дәріс №2 топырақтану жəНЕ топырақ туралы ғЫЛЫМ топырақ ТҮзілу процесі 1 Үгітілу және топырақтың түзілуі



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата08.04.2024
өлшемі0.56 Mb.
#497955
1   2   3   4   5   6   7   8
2. Тема 2

 
 
 


2.4. Топырақ пішінінің қалыптасуы 
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тəн құрылымының бірі 
пішін түзуі, яғни топырақтың морфологиясының қалыптасуы. 
Осы арқылы топырақтар бір-бірімен жəне өзі түзілген тау жы-
ныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы 
топырақтың құрылымымен шатастырмау керек. Топырақ – əртүрлі 
морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан 
бұл көріністерді оның бір-бірінен сыртқы пішіндерімен 
айырмашылығы бар генетикалық қабаттарынан іздестірген жөн. 
Жер үстінде топырақтардың географиялық таралуының 
заңдылықтарын тұжырымдай келе топырақ жамылғысы көп 
факторлардың əсерінен түзіліп, құрылысы мен қасиеттерін 
географиялық ортаның ықпалынан қалыптастыратынын байқаймыз. 
Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы Жер бетінің кеңістігінде 
əр түрлі топырақтардан қалыптасқан болады. 
Белгілі бір аумақта кездесетін топырақтардың түрлерінің 
құрамын, олардың таралу пішінін жəне біріне-бірі сəйкестесе орна-
ласу ерекшелігін топырақ жамылғысы құрылымы ұғымы сипаттай-
ды. Топырақ жамылғысы құрылымының негізі болып жеке топырақ 
алабы (ЖТА) саналады. Ол – топырақ жамылғысының əрі қарай 
бөлінбейтін бөлігі. Топырақ классификациясының ең кіші қатарына 
жататын топырақ түрінің алып жатқан ауданын жеке топырақ алабы 
дейміз. Жеке топырақ алабы ұғымын жəне оның басты сипаттарын 
В. М. Фридланд (1965) ұсынды. 
Жеке топырақ алабын сипаттау үшін: 
топырақтың толық атауы; 
топырақ алабының морфологиялық сипаты – оның ауданы, 
шекарасының пішіні мен сипаты
топырақ алабының топырақ түзуші факторлармен биоклимат-
тық жағдайымен, жер бедерімен, ылғалдылықпен, аналық тау 
жныстарымен, топырақтың жасымен, топырақтың түзілу тарихымен 
жəне адамдардың əрекетінің ықпалымен байланысын сипаттау 
сияқты көрсеткіштер қолданылады. 


Жеке топырақ алабы ауданы бірнеше шаршы метрден жүздеген 
гектарға дейін болуы мүмкін. Ауданына байланысты жеке 
топырақ алабы ұсақ контурлы (1 га-дан кіші) орташа контурлы 
(1-20 га-ға дейін) жəне ірі контурлы (20 га-дан үлкен) болып 
бөлінеді. 
Жеке топырақ алабы пішіні дөңгелекше (ұзындығының еніне 
қатынасы 2-ден кіші), созыңқы (қатынасы – 2-ден 5-ке дейін), 
ұзынша (қатынасы 5-тен үлкен), тарамданған жəне қалақша 
тəрізді болады. 
Жеке топырақ алабы шекарасының пішінін сипаттау үшін 
иректік коэффициенті қолданылады: 
Ʉ
ɢ
=
L

3,54  S 
мұнда, L – жеке топырақ алабы шекарасының ұзындығы, S – жеке 
топырақ алабы ауданы. 
Бұл көрсеткіш жеке топырақ алабы периметрінің оның ауданына 
тең шеңбердің ұзындығына қатынасын көрсетеді. Осы көрсеткішке 
байланысты ЖТА 4 топқа бөлінеді. Олар келесідей: иректелмеген 

и
<2); аз иректелген (К
и
2-4); орташа иректелген (К
и
4-6); мол ирек-
телген (К
и
>6). 
Жеке топырақ алаптарының заңды жиынтығы – топырақ 
жамылғысы құрылымын (ТЖҚ) қалыптастырады. Оның басты 
сипат-таушы көрсеткіштері: құрамы (топырақ түрлері), күрделілігі 
(жеке топырақ алабы кеңестікте өзгеруі) жəне ерекше 
айырмашылығы (генетикалық жəне агрономиялық тұрғыдан жеке 
топырақ алабы өзгешеліктері) жатады. 
Жер бедерінің өзгешелігіне, аналық тау жынысының қасиеттеріне 
жəне басқадай жағдайларға байланысты топырақ жамылғысы 
құрылымы микро, мезо жəне макрокомбинациялар құрап, топырақ 
жамылғысы құрылымының белгілі бір түрін қалыптастырады. 
Микрокомбинациялар ұсақ ауданды (бірнеше немесе ондаған 
шаршы м) ЖТА-ның кезектесіп орналасуымен сипатталады. 
Көбінесе, ол жер бедерінің ұсақ өзгешелігіне байланысты. 
Олар жер бедерінің орташа өзгерістерімен немесе аналық тау 
жынысының кеңістікте өзгеруімен сыбайлас келеді. 
Макрокомбинациялар – мезокомбинациялардың жер бедерінің 
ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы. 
Жоғарыда аталып өткен топтар ерекше айырмашылықты жəне 
сəл айырмашылықты комбинацияларға бөлінеді. 


С. С. Неуструев (1915) жер бедерінің өзгеруіне байланысты ком-
бинацияларды топырақ кешендеріне (комплексы) жəне топырақ 
үйлесушіліктігіне (сочетания) бөлді. Топырақ кешендері жер 
бедерінің микроөзгешеліктеріне байланысты қалыптасқан болып 
келеді. Ал топырақ үйлесушіліктері мезо жер бедеріне байланыс-ты 
қалыптасып, үлкенірек аумақты алып жататын топырақтар 
жамылғысы құрылымын құрайды. 
В. М. Фридланд (1973) микрокомбинациялар ішінде топырақ 
кешендерін 
(ерекше 
айырмашылықты) 
жəне 
шұбар 
(сəл 
айырмашылықты) топырақтар жамылғысы құрылымын бөліп қарауды 
ұсынды. Мезокомбинациялар ішінде жер бедеріне байла-нысты 
қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ жамылғысы бар 
үйлесушілікті жəне сəл айырмашылықты топырақ жамылғысы бар 
вариацияларды бөліп қарауды көрсетті. Сонымен бірге мезоком-
бинациялар ішінде топырақ түзуші тау жыныстарының кеңістікте 
өзгеруіне байланысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ 
жамылғысы құрылымын өрнекті жəне сəл айырмашылықты топырақ 
жамылғысы құрылымын ташеттер деп атады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет