Дәріс №3 аударма теориясының негізгі салалары және басқа пәндермен арақатынасы



Дата10.03.2023
өлшемі17.12 Kb.
#470635
Дәріс 333


Дәріс №3 АУДАРМА ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН АРАҚАТЫНАСЫ
1. Аударма теориясының негізгі салалары
2. Аударманың түрлері
3. Аударманың басқа филологиялық пәндермен арақатынасы

Қай халық болмасын дүниежүзілік өркениеттен тыс өмір сүре алмайды. Бір ұлт екінші ұлтқа өзінің рухани дүниесін түсіндіруге, жеткізуге мүдделі болады.


Халықаралық экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени, эстетикалық қатынастардың бәрі аударма арқылы жүзеге асады. Барлық жерлерде, барлық елдерде аударма жұмысы бар. Ұшан-теңіз өмір ағысының барлығын байланыстырып, ұштастырып отырған аударма. Аударма – халықтар арасындағы қарым-қатынастың үлкен құралы.
Ғылым тарихы адамзат тарихымен бірге өсіп, бірге дамып келеді. Қазіргі кезде ғылым өз дамуының ең жоғарғы сатыларының біріне көтерілген. Бірақ оның дамуына әр елдің, әр халықтың, әр ұлттың қатысы әр түрлі. Бұл тарих беттерінен белгілі.
Аударма ісімен шұғылданатын ғалымдарымыз аударманы “халықтар достығының дәнекері” деп атайды.
Өйткені “аударма әрқашан да адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік-экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың, алмасу-айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың, ынтымақтың, тәжірибе-тағылым алмасудың дәнекері болды”, - деп жазады З. Тұрарбеков .
Әбен Сатыбалдиев “Рухани қазына” атты еңбегінде “аударма жасау дегеніміз бір халықтың ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік мақтаныш етіп қалдырып келе жатқан асыл мұрасын, бүкіл адам баласының мәңгілік рухани ризығын өз халқының игілігіне айналдыру деген сөз”, - дейді .
Аударма ғылымының зерттелу тарихында көбіне орыс тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі, онда да тек көркем туындылардың ғана аудармасы сөз болады.
Сонымен қатар ғылым тіліне тән нақтылық, дәлдік, қысқа да нұсқалық аудармада қатаң сақталуы керек . Демек, аудармашы, ең алдымен, аударылатын ғылым саласының асқан білгірі болуы керек. Ал ғылым саласының білгірі ғылым жасалынған тілді де жетік меңгеретіндігі түсінікті және де ол екінші ұлт өкілі әрі аудармашы болғандықтан, екінші тілді де ойдағыдай меңгерген болуы керек. Себебі түпнұсқа мазмұнын терең түсінбейінше, оның табиғатын ұқпайынша, сапалы аударма жасау мүмкін емес.
Аударма қай ғылым тұрғысынан зерттелу керек деген мәселе төңірегіндегі көзқарастарды екі бағытқа топтауға болады:

  1. оны тіл ғылымының тұрғысынан, яғни әр тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық заңдылықтарын айыру, аудармада олардың қалай жүйеленетінін анықтау - аударма теориясының басты міндеті деген түйін. Себебі “аударманың негізгі материалы - тіл, демек ол тілдік тұрғыдан талдануы тиіс” деп тұжырымдайды

  2. . 2) Бұған қарама-қарсы бағыт, аударманы тек қана әдебиеттану тұрғысынан қарау керек, себебі ол - шығармашылық өнер, сөз өнері деушілер. Мәселе аударманың эстетикалық жағында, яғни көркемдік-образдылық жүйесінде деп түйеді.

Екі тілдің құрылымындағы айымашылықтарды терең түсіну қандай түпнұсқаны аударғанда да аударма тіліне қиянат ететін мағыналық қатеден де, әріп қуушылықтан да сақтандырады. Екі тілдің арасындағы ара-қатынастың заңдылығын білу аударып отырған әдеби тіл нормаларының талаптарына нұқсан келтірместен оның ерекшеліктерін жеткізуге қажетті таңдап алатын құралдарды саналы түрде айқындауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет