Дәріс 4 Тақырыбы


Математиканы оқытудың географиямен байланысы1



бет6/7
Дата21.02.2024
өлшемі251.39 Kb.
#492772
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
4 апта

5. Математиканы оқытудың географиямен байланысы1. Математика мен географияның байланысы тарихи байлыққа толы. Бұл жағынан математика жетістіктері географияның ғылым ретінде қалыптасуына себепші болса, екінші жағынан географияның мәліметтері математикалық зерттеулердің объектісі болды. Математика мен география сабақтарында пәнаралық байланыс негізінен ұғымдық байланыстарға сүйенеді. Мәселен, градус торы, климат және климатты өзгертуші факторлар, Жердің формасы мен қозғалысы жайындағы ұғымдар алдымен оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктерінің даму дәрежесіне байланысты. Тіпті «Жер параллельдері (ендігі)» мен «параллель түзулер» ұғымдары тектес ұғымдар.
География курсында диаграммалар, графиктер, картограммалар, әр түрлі статистикалық мәліметтер жиі кездеседі. Бұл материалдармен жұмыс істеу оқушылардың белгілі дәрежедегі математикалық дайындықты талап етеді.
Геометриялық түрлендірулер мен проекциялардың әр түрлі қасиеттерін білу жер қыртысының ерекшеліктерін географиялық картада кескіндеуге, бұрмаланған кескіндерді оқуға көмектеседі.
Математикалық есептеулерсіз картадағы масштабтарды анықтау, жер шарында жатқан мұхиттардың ара қашықтығын есептеу, белгілі бір географиялық орынның ауданы мен контурын ажырату мүмкін емес.
Сонымен бірге, кейбір жекелеген математикалық (функция және функциялардың графиктері, теріс сан, геометриялық түрлендірулер, геометриялық проекциялардың қасиеттері, геометриялық денелердің жазбалары және т. б.) ұғымдарды түсіндіргенде географиялық материалдарды пайдалануға болады.
Қорыта айтқанда, оқушылардың математикалық білімі математикалық теорияларға негізделген географиялық ұғымдарды (геодезияның, топографияның, картографияның, метеорологияның және экономикалық географияның математикалық элементтерін) ойдағыдай игеруге қолайлы жағдай туғызады.
Екінші жағынан математика сабақтарында географиялық материалдарды пайдалану, математиканың географиядағы қолданымын накты деректермен көрсету сабақты жандандыруға, оқушылардың математикалық білімінің баянды болуына, олардың танымдық белсенділігін арттыруға, іскерліктері мен машықтарының шыңдалуына игі әсер етеді.
Табиғат құбылыстарын бақылауға, өлкетану материалдарын жинау және оларды математикалық талдауға оқушыларды жиі қатыстырып, математика мен география мұғалімдері бірлесе жұмыс істесе, сабақтың сапасы артып, тиімділігі жоғары болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет