Дәріс-6 Сұрыптаудың түрлері


Өте жақсы екпелерді сұрыптау



бет2/3
Дата13.03.2024
өлшемі21.11 Kb.
#495327
1   2   3
ЛЕКЦИЯ-6

Өте жақсы екпелерді сұрыптау
Ортадан жоғары сапасы бар екпелерді жағымды сұрыптаумен іріктейді. Ол жұмыстар былай жасалады. Бір географиялық немесе тұқымдық ауданда өнімділігімен, діңінің сырт пішінімен және басқа сапалық көрсеткіштерімен екпеліктер талданады, сосын олар тұқым алуға және өсімдіктер өсіруге қолданылады.


Өте жақсы ағаштар сұрыптау
Негізінде селекция мәселелеріне сәйкес ескі ағаштарды талдайды, оларды сұрыпталған, аналық немесе элиталық деп атайды. Тұқым қуалаушылық қасиеттерін алдын – ала бағаламай – ақ бұл ағаштардың қалемшелерінен ұластыру алқаптарын салады.


Жеке сұрыптау
Жеке сұрыптау дегеніміз әр сұрыпталған өсімдіктердің ұрпақтарын көбейтіп, бөлек өсіру.
Жеке сұрыптаудың негізгі принциптері бірінші рет 1856 ж. Л.Вильморенмен айқындалған. Оның негізгі әдістері педигри әдісі, клондық сұрыптау және айқас тозаңданатын өсімдіктерді сұрыптау.

Педигри әдісі
Педигри (ағылшынша pedigree) – ата – тек шежіресі (генеалогия). Бұл әдісті мал шаруашылығында және өздігімен тозаңданатын өсімдіктерде қолданады. Өсімдіктердің будандық популяцияларында көп қатарлы жеке сұрыптау жүргізе отырып сұрыпталған дарақтарды ұрпағымен бағалайды, сонымен ата – тегі бірнеше жылда белгілі болады.


Клондық сұрыптау
Вегетативті көбейетін өсімдіктердің селекциясында қолданылатын жеке сұрыптау клондық деп аталады: Клон бір вегетативті көбейетін өсімдіктің генетикалық біркелкі ұрпағы. Бұл сұрыптауды жаңа сорттар шығарғанда және тұқым шаруашылығында қолданады. Теректерде, қарағаштар тұқымдастарында ж.т.б. кеңінен қолданылады.

Айқас тозаңданатын өсімдіктерде жеке сұрыптау
Әрқашан айқас тозанданатындықтан және сорттың белгілері ыдырауымен айқас тозаңданатын өсімдіктерде жеке сұрыптауды бірақ рет жүргізуге болмайды.
Сондықтан бұл өсімдіктердің селекциясында көп қайталана жеке сұрыптау қолданылады. Бұл сұрыптау жақсарту ретінде және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады және жеке өсімдіктерде қолданбайды, ол семьяларда. Семья – ол бір өсімдіктің ұрпағы. Әр өсімдіктің дәндер өнімі бөлек егіледі. Семьялар бір – бірімен салыстырылады, нашарлары жойылады, ол жақсылардан ұрпақ алынып тағы бағаланылады. Сонымен, бұл әдістің мағынасы жақсы семьялардан жақсы өсімдіктер алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет