5
болып саналады. Дербестік іс-әрекет стилі ұғымына адамның табиғи
ерекшеліктеріне сәйкес табысты еңбекті қамсыздандыратын міндеттер, әдіс-
тәсілдер, тактикалар жүйесі жатады. Мысалы, екі педагог бірдей жағдайда нақты бір
әдісті қолданғанымен, нәтиже түрліше болады. Мұның өзі мұғалім мен
оқушылардың қарым-қатынас стиліне байланысты.
Қарым-қатынас стилі дегенді
педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес-
психологиялық ерекшеліктері, деп түсіндіріледі.
Ұстаздың жеке тұлғалық сипаты табиғатынан әртүрлі болуына байланысты
оның іс-әрекетінде дербестік стиль байқалады, мысалы:
−
жүйке жүйесі жігерлі, жоғары ынталы ұстаздар айтарлықтай табысқа
шешімдерінің шапшаңдығымен, экспромттылығымен, дербестігімен жетеді;
−
жүйке жүйесі жігерлі, бірақ
ынтасы төмен, аса салмақты ұстаздар табысқа
жету үшін өз шешімдерін тағайынды дайындықпен, асықпай, едәуір ойлана,
ұстамдылықпен атқарады;
−
табиғатынан жүйке жүйесі әлсіз типті ұстаздар табысқа ерекше
сезімталдығымен, тапқырлығымен, оқушылардың ішкі дүниесін түсіне
білуімен
жетеді.
Ұстаздың іс-әрекет стилі педагогикалық қызметке қойылатын талаптарға оның
мүмкіндіктерінің сәйкес келуіне байланысты ерекшеленеді. А. К. Маркова мен А. Я.
Никонованың айқындаған оқыту іс-әрекетінің стилдерінің топтамасын:
эмоционалды-импровизациялық,
эмоционалды-әдістемелікті,
парасатты-
импровизациялық және парасатты-әдістемелікті. Бірінші мен төртінші өзара қарама-
қарсы стильдер.
Эмоционалды-импровизациялық стильге ие ұстаздардың іс-әрекетін жоғары
деңгейдегі шапшаңдық, оқытудың көп әдістерін қолдана білуі, оқушылардың
шығармашылықты, белсенді әрекеттеріне дем бере алуы сипаттайды. Мұндай ұстаз
қайталау, пысықтау, білімді бақылау әрекеттерін «ұсақ-түйек» санап, мән бермейді,
көбіне сабақта қызықты материалмен (жадыхат) шұғылданып, өзгесін оқушылардың
өздеріне іздестіруді ұсынады. Ол өз
іс-әрекетіне рефлексия жасауға, нәтиже
шығаруға көп көңіл бөлмейді.
Парасатты-әдістемелікті стильде жұмыс істейтін ұстаз оқытудың нәтижесіне
бағдарланады, ол педагогикалық үдерісті анық жоспарлап, басқарып отырады.
Қайталауға, пысықтауға, оқушылардың білім, дағды, икемділіктерін бақылауға көп
көңіл бөледі. Жұмыс темпі баяу, оқыту әдістерінің спектрі шамалы, рефлексиялық
қабілеті дамып жетілген болады.
Эмоционалды-әдістемелікті және парасатты-импровизациялық стильдер
жоғарыда жазған екеуінің орта аралығында болады.
Деонтологиялық даярлығын асыру үшін ұстаз өзінің жүйке жүйесінің
ерекшелігін біліп соған сәйкес дербес қарым-қатынас стилін қалыптастырғаны жөн.
Сонымен қатар өзін-өзі жан-жақты танып-біліп, табысты қызметке сәйкес жетілдіруі
қажет. Ұстаздың дербес стилін білу мектеп әкімшілігіне де пайдалы. Табиғатына
сәйкестенбейтін іс-әрекет стилін мұғалімге зорлап міндеттеу ойлаған нәтижеге
жеткізбейді.
Сонымен, ұстаздың деонтологиялық даярлығы оның:
6
- жеке тұлғалық қасиеттеріне (Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, В.П. Битуев, Ю.Н.
Кулюткин, В.И.
Писаренко, Н.В. Кузьмина, К.Оразбекова, т.б.);
- іс-әрекеттік сипатына (Платонов К.К., Щербаков А. И., Маслоу А., Кротов
В.М., Добрович А.Б. Фридман Л.М, Леонтьев А.М. т.б.);
- кәсібилігіне (Занков Л.В., Сластенин В. А., Хмель Н.Д., Калюжный А.А.,
Ш.Абдраман т.б.);
- адами мінездемесіне (Сухомлинский В.А., Азаров Ю.П., Блага К., Шебек М.Я.,
Бейсенбаева А.А., Төлеубекова Р.К., т.б.) әсер етуге сүйенеді.
Адамзат ұстазға арналған өте көп педагогикалық "кеңестердi", "рецептердi"
сақтаған. Соның ішінде, ең маңызды кеңес – мұғалімнiң қоғамдағы өз орнын
анықтай білу қажеттілігі.
Қорыта келгенде, оқытушы өзінің сыртқы бейнесі арқылы да, өзінің ұстаздық
ісі, адамгершілігі арқылы да, балалармен достық қарым-қатынас орнатуы арқылы да,
өз оқушыларына ақылшы, тәрбиеші болу арқылы да үлгі болуы керек. Сонда ғана ол
оқушылардың алдында беделді болады. Мұғалім бойында мұның бәрін болдыруға
жетелейтін құдіретті күш – парыздылық сана-сезімі, деонтологиялық әлеуеті.
Достарыңызбен бөлісу: