Дәріс 7 Денсаулық мектебі



бет2/3
Дата04.03.2024
өлшемі455.85 Kb.
#494267
түріСабақ
1   2   3
Денсаулык мектеды Дәріс 7

Сабақтың мақсаты - мектеп қатысушыларының қант диабеті түсінігін, оның келесі асқынулары: гипо – және гипергликемиялық жағдайы, гипогликемиялық кома, диабеттік табан, бұл паталогия кезінде нысана-органдары деп аталатын бірқатар органдардың: артерия, жүрек, бүйрек, ми, көздің зақымдануы туралы; бұл аурудың қауіп факторы және даму болжамы туралы; қандағы қантты өлшеу ережелері, пациенттің күнделігін жүргізу, диабетпен ауыратын науқастың тамақтануы туралы білуі.


«Сау жүрек, сау тамыр» мектебі











Өзектілігі. ДДҰ бағалауы бойынша әлемдегі 40% ересектерде гипертония дамиды, ол жыл сайынғы тоғыз миллионнан аса өлім-жітімнің себебі болып табылады. Жыл сайын 70-ке дейінгі жастағы адамдар жүрек, өкпе, инсульт, рак және диабеттен ерте қайтыс болатын 16 миллион жағдай анықталады екен. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2014 жылы 100 мың адамға шаққанда қан қысымының жоғарылауымен сипатталатын 1181,8 жағдай тіркелді, 2013 жылы 1172,5 болған.
Сабақтың мақсаты - артериялық гипертензиясы және жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттердің өз аурулары, қауіп факторлары (ҚФ), асқынулар және алдын алу туралы хабардар болуын арттыру; сауығуға уәждемені, емдеуге бейімдікті және дәрігердің ұсынымдарын орындауын қалыптастыру; денсаулық жағдайын өзі бақылау, асқынулар мен дағдарыстар жағдайларында дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша, сондай-ақ олардың денсаулығына мінез-құлық ҚФ (тамақтану, қозғалыс белсенділігі, күйзелісті басқару, зиянды әдеттерден бас тарту) қолайсыз әсерін төмендету бойынша біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.



«Еркін тыныс» денсаулық мектебі











Өзектілігі. ДДҰ-ның бағалауы бойынша, әлемдегі 235 миллион адам демікпеден зардап шегеді. Ресми статистиканың деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы 100000 адамға шаққанда бронх демікпесімен ауыратын науқастардың жалпы саны 2014 жылы 63,7, 2013 жылы – 56,3 болды. Ұсынылған мәліметтерден бронх демікпесі бар науқастардың өсуі байқалады. Оның ішінде ең үлкен бөлігі 0-14 жастағы балаларға тиесілі және 2014 жылы тиісінше 92,4 және 2013 жылы 75,2 құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет