Несеп ағар (мочеточник, ureter) Ұзындығы – см. Бүйректің түбегі мен қуықтың арасын жалғайтын түтік. Несеп ағардыңіш және астау бөлігібар. Оң жақтағы несеп ағардың іш бөлігінің медиаль бүйірінде төменгі қуыс вена, сыртқыжағында өрлеме тоқ ішек пен соқыр ішек орналасқан. Сол жақтағы несеп ағар түтігі ішкі бүйірінде іш қолқасымен, сыртқы жағында тоқ ішектің төменге бағытталған бөлігімен жанасады.
Несеп ағардың жамбас астау бөлігі кіші жамбас астауының қабырғасымен төменге бағытталады. Еркекте несеп ағар қуыққа құяр алдында шәует шығарушы өзекпен, әйелде жатыр мойны, қынабымен және жатыр артериясымен қиылысып, қуыққа бағытталады. Несеп ағардың қабырғасы үшқабаттан тұрады:
1. ішкісі шырышты
2. ортадағысы бұлшық ет
3. сыртқысы дәнекер ұлпалы қабат
Бұлшық ет қабатында бірыңғай салалы бұлшық ет үш бағытта орналасқан. Олардың жиырылып босаңсуынан зәр қуыққа үздіксіз ағып тұрады. Сыртқы дәнекер ұлпалы қабаты несеп ағар түтігін сыртынан қаптап, оны қоршаған мүшелерге байланыстырып бекітіп тұрады.
Несеп қуығы (мочевой пузырь, vesica urinaria) Зәрді уақытша жинап тұратын мүше. Ол жамбас қуысында, тік ішектің алдыңғы жағында, шат байламының артында орналасқан, зәрге толған кезде пішіні алмұртқа ұқсайды. Қуықтың төменгі жағы түбі, жоғарысы ұшы, орта бөлігі денесі деп аталады. Қуықтың түбінен несеп шығару түтігі басталады. Қуықтың қабырғасы өте созылғыш келеді.қуықтың қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі, шырышты қабаты кілегеймен қапталған. Олқуық толғанда жазылып, босағанда жиырылып, көшіп тұрады. Қуыққа несеп ағар түтігініңашылар тұсында кілегей қабақша қатпарланып, қиғаштанып, қақпаша несеп ағар тесігін жауып, зәрдің кейін кетуіне кедергі болады.
Несеп шығару түтігінің қуықтан басталар жерінде бұлшық ет талшықтары сақинаша орналасып қысқыш (сфинктер) пайда болады. Қуық зәрге толғанда бұлшық ет босаңсып, зәр несеп шығару түтігіне ағады. Бос қуық жиырылып тұрады, зәрдің толуымен ол созылып кеңейеді. Оның сиымдылығы 250-500 мл. Қуықтың бұлшық етінен екі жерде қысқыш пайда болады. Қуықтың ішкі еріксіз қысқышы және сыртқы адам еркіне байланысты қысқышы (сфинктер). Қуық зәрге толғанда рецепторлар арқылы тітіркеніс жұлынға барады. Жұлыннан парасимпатик нерв талшығы арқылы қуықтың бұлшық еті жиырылып, қысқыштарының бұлшық еттері босаңсып, зәр несеп шығаратын түтікке ағады.