Дәріс Бизнес түсінігі және мәні



бет7/22
Дата03.02.2024
өлшемі160.97 Kb.
#490723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Лекция ЭжБ толық

Дәріс 7. Бизнес жүйесі
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

  1. жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;

  2. тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;

  3. бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;

  4. маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;

  5. өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;

  6. ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;

  7. жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;

  8. жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;

  9. жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;

  10. қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.

Business intelligence немесе қысқаша BI — бизнес-талдау, бизнес-сараптаманы білдіреді. Бұл түсінік басқарушыларға өз компаниясының қордаланған ақпаратын белгілі мақсатта талдау жасау үшін көмектесетін құралдар (жиі бағдарламалық жасақтама) жиынтығын білдіреді. Компанияның проблемаларын айқындап, жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған үлкен көлемді ақпаратты өңдеп, саралаушы Business intelligence құралдарының ролі зор.
Business intelligence- ге тиісті бизнес-сараптау — ағымдағы жағдай түралы мағлұматты есептеме құрудағы әдістер мен құралдарын білдіреді. Бизнес сарапшылар басқарушылық шешімдер қабылдар кезде маңызды ақпаратты жүйеден шығарып, айқындап беруі керек.
Бүгіндері көптеген компаниялар жоспарлау, орындау, жоспар-факт есептемелерін құру, әрі бизнес іс-әрекеті тиімділігінің мониторингі саласында қиындықтарға душар болуда, өйткені жоғарыда аталған процесстер көбінесе қолмен жүргізіледі немесе әрқилы ақпараттық жүйелерде жасалынады және бір-біріне кереғар мағлұматтарға сүйенеді. Бизнес талдау жүйелері көмегімен компаниялар жоспарлау, болжау, бюджеттеу процестерін кемелдендіріп, уақытылы шешім қабылдауда қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізе алады.
Қолданыс аясы
Business Intelligence жүйелері компаниялардың әртүрлі басқару деңгейлері үшін де эффективті ақпарат көзі болып табылады. Сонымен қатар, ірі, орта және кіші бизнеске қатыстылығына қарамастан барлық салалардың кәсіпорындары үшін бастапқы өңделмеген мәліметтерді пайдалы ақпаратқа айналдырудың бірден-бір тетігі болып есептеледі. Бизнес талдау жүйелері әмбебап болғандықтан, олар көптеген іскерлік тармақтарды қамти береді. Мысалы:

  1. Қаржылық талдау;

  2. Сатып алу және шығын талдауы;

  3. Жеткізушілер міндеттемелерін орындау және оларды оперативті басқару талдауы;

  4. Сатылымдардың анализі және болжамы;

  5. Қоймалық қорларды басқару;

  6. Маркетингтік жоспарлау және маркетингтік әрекет тиімділігі талдауы; • Күрделі көрсеткіштерді есептеу;

  7. Қаражат ағындарын күнделікті бақылау;

  8. Кредиторлар төлемдік тәртіптеріне анализ жасау;

  9. Несиелеу тәуекелдерін бағалау;

  10. Адам ресурстарын басқару бойынша талдау;

  11. Тапсырыстарды орындау және басқару бойынша талдау; және т.б.

BI шешімдері платформалары
Әлемдік өндірушілердің BI құралдары бойынша бағдарламалық өнімдеріне жатындар: Microsoft BI, Sap Business Objects, Oracle BI, Sybase IQ. Бағдарламалық қамсыздандыру өнімін таңдауға келгенде қолданыстағы оперативтік жүйемен, IT ортамен интерфейс орнату күрделілігі, қолдану модельдері, өнім бағасы сияқты факторлар әсер етеді. BI жүйесін еңгізу бойынша инвестициялардың өтелімділігі салаға, кәсіпорынға байланысты бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет