Дәріс Бизнес түсінігі және мәні


Дәріс 6. Кәсіпорын мекемелері



бет6/22
Дата03.02.2024
өлшемі160.97 Kb.
#490723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Лекция ЭжБ толық

Дәріс 6. Кәсіпорын мекемелері.
Кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілік құқығының субъектілері болып табылады. Олар қоғам мен мемлекет азаматтарының материалдық, рухани және өзге де қажеттерін қанағаттандыру мақсатында экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері жоқ және басшылық жасамайды.
Кәсіпорындар — бұл дербес шаруашылық жүргізуші субъект, олар өнімдер шығару үшін құрылады, шаруашылық-коммерциялық қызметті және пайда табуды жүзеге асырады.
Мекемелер — пайда таппай әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси, ғылыми қызметтер атқарады. Олар өндірістік емес сипаттағы әлеуметтік құндылықтар жасайды, бұлар — білім, мәдениет, спорт және басқа мекемелер. Кәсіпорындары мен мекемелер меншігіне қарай мемлекеттік және жекеменшік болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпорындарының мақсаты — мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қоғам мүдделерін қорғауды материалдық жағынан қамтамасыз ету; экономиканың жекеменшік секторы қамтымайтын не жеткіліксіз қамтитын қоғамдық өндіріс салаларында күнделікті аса қажет тауарлар (жұмыс, қызмет) шығару болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың мекемелері мемлекеттік органдар қарамағына жатады, өйткені мұндай кәсіпорындар мемлекет меншігі болып табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорындар барлық кәсіпорындары үшін белгіленген әкімшілік-құкықтық тәртіп шегінде әрекет етеді. Ұйымдардың басқару органы әкімшілік болып табылады.
Әкімшілік — меншік нысаны және шаруашылық жүргізу түріне қарамастан кәсіпорындары мен мекемелердің жұмысына жедел басшылық жасау міндеті жүктелген орган. Әкімшіліктің өкілеттігі кәсіпорындары мен мекемелердің өз ішінде жүреді. Әкімшілікті жеке билік жүргізуші басшы басқарады (директор, ректор). Әкімшілік әрі кәсіпорынның, әрі мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді. Басшыны тағайындау мемлекеттің деңгейіндегі іс, ал мемлекеттік емес құрылымдардың басшыларын тағайындау — бұл құрылтайшылардың немесе олар өкілдік берген органдардың деңгейіндегі іс. Кәсіпорындарының, мекемелердің жарғылары, сондай-ақ оны құру туралы шешім немесе құрылтайшылар шарты, құрылтайшы құжаттар болып табылады. Кәсіпорындары мен мекемелер міндетті түрде тіркелуге жатады. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын оның құрылтайшысы (өкілетті орган) бекітеді.
Кәсіпорынның, мекеменің қызметі оның иесінің немесе оны құруға өкілдік берілген органның немесе соттың шешімімен таратылу не қайта құру түрінде тоқтатылады. Кәсіпорынды таратудың негізі болып:
банкрот деп тану;
заңнамада белгіленген шарттарды орындамағаны үшін оның қызметіне тыйым салу жөніндегі шешімдер;
соттың құрылтайшылық құжаттарды жарамсыз деп тануы;
өзге де негіздер.
Сонымен, атқарушы билік органдары — мемлекеттік- биліктік өкілеттіктер берілген және басқарушылық, атқарушылық және өкім етушілік қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бір түрі. Республикада атқарушы билік органдарының жүйесін құрайтындар: жоғары орган (Үкімет), орталық органдар (министрліктер, агенттіктер, ведомстволар), жергілікті органдар (барлық деңгейдегі өкімдер). Олардың қызметі заңға бағынышты, яғни олар өз қызметін толықтай заң негізінде жүзеге асырады.
Кәсіпорындары мен мекемелер де әкімшілік құқық субъектілері болып табылады. Олар қоғам мен мемлекет азаматтарының материалдық, рухани және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында экономикалық, әлеуметтік, мәдени және өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет кө\рсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет