Дәріс Бизнес түсінігі және мәні



бет1/22
Дата03.02.2024
өлшемі160.97 Kb.
#490723
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Лекция ЭжБ толық



Дәріс 1. Бизнес түсінігі және мәні.
Бизнес (ағылш. busіness — кәсіпкерлік, сауда-саттық) — пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі.
Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады.
Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.
Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.
Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың барлық институттарына енетін неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Қазақ тілінде кәсіпкерлік пен бизнес сөздері синонимдер ретінде қолданылады, бірақ кей жағдайларда екі әр түрлі мағына білдіруі мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі пайданың көлемімен ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық құнының (гудвилла) өзгеруімен өлшенеді. Кейде әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек санатқа жатқызылады.
Бизнес құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді. Оған мыналар да себеп болуы мүмкін: қаржының жетіспеуі, сәтсіз бизнес шешімдер, экономикалық дағдарыс немесе осы аталып кеткендердің барлығы немесе нарықтағы сұраныстың болмауы. 2000 жылдары «кәсіпкерлік» ұғымы ұлғайып, кейбір тұлғалар мен топтардың қалай және неге жетістікке жететіні туралы, кәсіпкерлер мүмкіндіктерді қалай пайдалана білетіні туралы түсінік беруге ұмтылды. Соңғы өзгертулер бизнес процесінің табиғатының белгісіздігіне, мүмкіндіктердің барына қарамастан, олар пайда әкелмейінше байқаусызда қалатынына негізділген.
Кәсіпкер (Entrepreneur (i/ˌɒntrəprəˈnɜr/)) Француз тілінен енген сөз. Ол алғаш рет 1723 жылы қолданылды. Қазіргі таңда «кәсіпкер» жаңа кәсіпорынды басқару қабілетімен бастама және инновация енгізеді деп анықталады. Әйгілі экономист Роберт Рейчтің айтуы бойынша, тим-билдинг, көшбасшылық және басқару қабілет кәсіпкерге ең керек қабілеттер. Кәсіпкерлікті зерттеу тарихы 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында классикалық экономиканың құрылтайшылары Ричард Кантилион мен Адам Смиттің жүргізіген зерттеулерінен басталады.
20 ғасырдың 1930 жылдарында кәсіпкерлік терминін Йозеф Шумпетер зерттеген. Оған қоса, кәсіпкерліктің табиғатын түсіндіруге Людвиг Фон Мизес, Фридрих Август Фон Хайек және тағы басқа Австрияның экономика мектебінің өкілдері ат салысқан. Олар кәсіпкерлікті табиғи ресурстармен (жер, еңбек, капитал, ақпарат және уақыт) қатар эконимаканың маңызды ресурстарының бірі ретінде қарастырған. Кәсіпкерлік-мәміле бойынша, шығындарды азайту арқылы уақыт үнемдеуге көзделген.
Австриялық экономист Йозеф Шумпетер мынандай анықтама берді: кәсіпкер- бұл жаңа ойды немесе өнертабысты табысты жаңа енгізілімге айналадыратын адам. Нақтылай келсек, кәсіпкерлік – бұл нарыққа және өндіріске жаңа тауар мен кәсіпкерліктің моделін құрып әсер ететін шығармашылық ойран. Шығармашылық ойран динамикалық және ұзақ мерзімді экономикалық өсуге алып келеді.
Шумпетередің кәсіпкерліктің алғашқы мысалы атсыз жүк арба жасау үшін бу қозғалтқышы мен елде бар вагон өндіретін технологияның қисындастыруы. Бұл жерде, инновациялық «көлік» бар көліктің кішкене өзгертілген түрі (трансформациясы) болды. Ол атпен жүретін арбаны бірден алмастырған жоқ, бірақ сол жетілдіру көлік құнын төмендеті және қазіргі көлік өнеркәсібіне жетекші болатын технологияны дамытты.
Шумпетер үшін тәуекелге кәсіпкерлер емес, капиталисттер барған.Шумпетер (1934) қоршаған ортаның өзгеру үрдісі кәсіптің табыстылығын арттыру үшін ресурстарды оңтайлы бөлу туралы жаңа ақпаратты үздіксіз беріп отырады деп көрстекен. Кейбір адамдар басқаларға қарағанда жаңа ақпаратты тез сіңіріп алады және ресурастарды дұрыс пайдалану арқылы табысқа жетеді. Шумпетердің пайымдауынша, кәсіпкерлік жаңа инновация арқылы өндіріс мүмкіндігін жоғары деңгейге көтереді.
Фран Найт пен Питер Друкер, тәуекелді кәсіпкерліктің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады және келесі түрлерін ажыратады:
Статистикалық әдіспен есептелмейтін белгісіздік
Статистикалық әдіспен де, алдын ала болжаумен де анықталмайтын Найт белгісіздігі немесе нағыз белгісіздік.
Мысалы, ғаламтор пайда болғанға дейін Google және YouTube секілді табысты жобалардың бар жоғына нарықты зерттеу мүмкін емес еді.
Уильям Баумоль дәстүрлі нарыққа үйлесімсіздік қосатын кәсіпкерлерді зерттеді.
Кәсіпкерлік жұмыс бастау үшін керек қаражат көздері мыналар болуы мүмкін:
Жеке кәсіпкерлер үшін – оның жеке қаражаты мен жеке басының жинақ ақшасы, жеке мүлігі (үй-жай, жабдықтар, көлік)
Заңды тұлға үшін – оның құрылтайшылармен расталған жарғылық капиталы, көбінесе бұл үлескерлік қаржыландыру.
Жаңа жобалардың белсенді қатыссушалары венчурлік фондтар мен бизнес-періштелер болып табылады.
Краудфандинг арқылы қаражат жинау. Қаржы келешек өнімге айырбасталса болады немесе қайырымдылық ретінде қабылданады (әсіресе еркін лицензиясымен таралған цифрлы өнім
Банктан немесе жеке тұлғадан алынған қарыз ақша (борышты қаржыландыру)
Өтеусіз қаржы (гранттар немесе субсидиялар)
Сонымен қоса, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, технопарк пен бизнес-инкубаторлар жұмыс атқарады.
«Кәсіпорын» термині «шағын бизнес» терминімен жиі шатастырылады немесе өзара алмастырып қолданылады. Кәсіпорындардың көбісі шағын бизнестен басталса, шағын бизнестер кәсіпорынға теңесе бермейді. Көптеген шағын бизнестер тек иесінің ғана қолында болады немесе қызметкерлер саны аз болып келеді және осындай шағын бизнестердің біршама бөлігі нарықта бар өнімді, процесті немесе қыметті ұсынады және әрі қарай өсуге мақсат етпейді. Алайда, кәсіпорындар инновациялық өнімді, процесті немесе қызметті ұсынады және әдетте компанияны кеңейту мақсатында қызметкерлер санын көбейтеді, халықаралық нарыққа шығады және венчурлық капиталмен немесе періште инвесторлар арқылы қаржыландырылады. Табысты кәсіпорындардың бизнесті тиісті жоспарлау, ортаға бейімделу және әлсіз және күшті қабілеттерін түсіну арқылы оң бағытта жүргізу қабілеті бар.
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі2. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады4. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер — өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. « Бизнес » түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ( жалпы бөлім ): « кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады ».
Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік » пен « бизнес » терминдері бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, « кәсіпкерлік » және « шағын бизнес » бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. ­Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін — өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет