Дәріс Бизнес түсінігі және мәні


Дәріс 2. Бизнес субъектілері. Бизнес саласындағы негізгі қызмет түрлері



бет2/22
Дата03.02.2024
өлшемі160.97 Kb.
#490723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Лекция ЭжБ толық

Дәріс 2. Бизнес субъектілері. Бизнес саласындағы негізгі қызмет түрлері.
Кәсіпкерлік субъектісіне жұмыскерлердің жылдық орташа саны мен кірісі әсер етеді. Қазақстан Республикасында бизнес «Кәсіпкерлік кодексі» арқылы басқарылады. Бұл кодекс елімізде кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Бұл заңнама Ата Заң – Конституцияға негізделген және еліміздің басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Кодексте «Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді» деп көрсетілген.
Кәсіпкерлікпен айналысу әрбір азаматтың еркі әрі заңда тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметінің кез келген түрімен айналыса алады. Жеке кәсіппен айналысуды таңдаған жандар заң мен сот алдында тең. Сондықтан қандайда бір қызмет түріне басымдық берілмейтіні анық.
«Кәсіпкерлік» кодексінің 24-бабында кәсіпкерлік қызметіне қарай бірнеше санатқа бөлінетіндігі атап көрсетілген. Оған жұмыскерлерінің жылдық орташа саны, жылдық орташа кірісі әсер етеді. Атап айтқанда елімізде бизнес субъектісі шағын (оның ішінде микрокәсіпкерлік), орта және ірі болып үш топқа бөлінеді.
Кәсіпкерлік субъектілерін шағын, орта және ірі субъектіне бөлудің өз мақсаты бар. Бұл мемлекеттік тіркеу мен есеп жүргізуде маңызды. Атап айтқанда мемлекеттік статистика, қолдау көрсету шаралары бизнес субъектілерінің қызметіне қарай жүргізіледі.
Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны субъектінің филиалдарының, өкілдіктерінің және басқа да оқшауланған бөлімшелерінің жұмыскерлерін, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескеріле отырып айқындалады.
Ал орташа кіріс соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық кірістердің немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің үшке бөлінген сомасы арқылы есептеледі.
Ал енді осы кәсіпкерлік субъектілерінің өзара ерекшеліктеріне тоқталсақ...
Қызметкерлерінің жылдың орташа саны 100 адамнан аспаса, ал орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бұл кәсіпкерлік субъектісі шағын кәсіпкерлікке жатқызылады.
Егер жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен артпайтын субъект микрокәсіпкерлік субъектісі деп есептеледі.
Тиісінше қызметкерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 миллион еселенген мөлшерінен асатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар – ірі кәсіпкерлік субъектілері.
«Кәсіпкерлік» кодексінде жоғарыдағы сипаттамаларға сәйкес келмейтін, яғни қызметкерлер саны мен орташа кірісі шағын кәсіпкерлік субъектісінен көп, бірақ ірі кәсіпкерліктің көрсеткішінен төмен болса, оны орта кәсіпкерлікке жатқызған.
Дегенмен айналысатын қызметінің түріне байланысты, бірақ қызметкерлер саны мен табысының мөлшеріне қарамастан орта кәсіпкерлік санатына жатқызылатын бизнестің түрі де бар екенін білген абзал. Атап айтқанда мына қызмет түрлерімен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылады:
· есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты әрекетті;
· акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
· астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
· лотереялар өткізуді;
· ойын бизнесі саласындағы қызметті;
· радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті;
· банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметінен басқа);
· аудиторлық қызметті;
· бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;
· кредиттік бюролар қызметін;
· күзет қызметін;
· азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы.
Дегенмен осы аталған қызмет түрінің қайсыбірі «Кәсіпкерлік» кодексінің 24-бабындағы 6-тармақта белгіленген өлшемшарттарға сай келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылады.
ҚР Қаржы министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша елімізде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңге сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4,5%-ға өскен. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі 65,4%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 18%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 16,4%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%.
2017 жылдың 1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес Қазақстанда барлығы 1 156 436 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болса, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 207 929, ал орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 2 609. Жеке кәсіпкер ретінде 756 743 азамат тіркелген. Сонымен қатар елімізде 189 155 шаруа немесе фермер қожалығы ресми жұмыс істейді.
Кәсіпкерлік субъектілері
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеледі.
3. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
24-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары
1. Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады:
шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;
орта кәсіпкерлік субъектілері;
ірі кәсіпкерлік субъектілері.
2. Кәсіпкерлік субъектілерін осы баптың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:
мемлекеттік статистика;
мемлекеттік қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану.
Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа санының өлшемшарты ғана пайдаланылады.
Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін екі өлшемшарт: жұмыскерлердің жылдық орташа саны және жылдық орташа кіріс пайдаланылады.
Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып айқындалады.
Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъект филиалдарының, өкілдіктерінің және басқа да оқшауланған бөлімшелерінің жұмыскерлерін, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескеріле отырып айқындалады.
Соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық кірістердің немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің үшке бөлінген сомасы жылдық орташа кіріс деп есептеледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларында өзге де өлшемшарттар көзделуі мүмкін.
3. Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
4. Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты әрекетті;
2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
4) лотереялар өткізуді;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6) радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті;
7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметінен басқа);
8) аудиторлық қызметті;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;
10) кредиттік бюролар қызметін;
11) күзет қызметін;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.
Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар – орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сай келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлердің саны бойынша өлшемшарт пайдаланылады.
5. Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, осы баптың 3 және 6-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
6. Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттардың біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
26-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыруға, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарына қол жеткізу еркіндігінің болуына;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны дербес белгілеуге;
5) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды дербес жүзеге асыруға;
6) өзінің құқық қабілетілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
7) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға және оларға қатысуға;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сараптамалық кеңестердің жұмысына қатысуға;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған және (немесе) заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтірген адамдарды жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша құқық қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа, төрелікке, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге және өзге де органдарға жүгінуге;
11) татуласу рәсімдері арқылы дауларды реттеуге;
12) кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның қарауына енгізуге;
13) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі шаралары ретінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыруға қатысуға;
14) Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмеген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көзделген құқықтарды жүзеге асырады.
27-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері
Кәсіпкерлік субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпарат беруге;
4) қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға не хабарлама жіберуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;
6) табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға;
7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметті жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға;
8) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет