Сөж орындаған: Рысбекова Мерей Курс: 4 Мамандық: Математика және математиканы оқыту Тақырыбы: Бизнес-идеяның мәні мен ерекшеліктері



бет1/6
Дата08.12.2023
өлшемі41.75 Kb.
#485968
  1   2   3   4   5   6
реверат


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


СӨЖ

Орындаған:Рысбекова Мерей


Курс:4
Мамандық:Математика және математиканы оқыту
Тақырыбы: Бизнес-идеяның мәні мен ерекшеліктері
Бизнес-идеяның мәні мен ерекшеліктері
Бизнес (ағылш. busіness — кәсіпкерлік, сауда-саттық) — пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі.
Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады.
Бизнес-идея - болжамды бизнестің қысқа әрі нақты анықтамасы. Өз бизнесіңізді бастау үшін сіз немен айналысқыңыз келетінін анықтап алуыңыз керек. Жобаның табыстылығы оның негізінде қандай бизнес-идея жатқанына тікелей байланысты.
Бизнес-идея:

  • тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс;

  • табыс әкелуі тиіс;

  • кәсіпкерге моральдық қанағат әкелуі тиіс.

Мыңдаған идеялар бар, олардың ондағаны жүзеге асырылады, ал табысқа бірлі-жарымы жетеді. Табысты идеяны іздеу және таңдау құпиясы неде?
Бизнеске арналған идеяларды таңдау ережелері
Бірінші ереже. Идея көп болуы керек. Идеяның көп болуы әрқайсысының ерекше екенін, біреуі екіншісінен перспективалы екенін, әртүрлі ресурстарды қажет ететінін білдіреді., осының бәрі олардың арасынан басым тұрғанын таңдап алуға мүмкіндік береді.
Екінші ереже. Идея бизнес бастамашысы үшін түсінікті қызмет саласынан болуы тиіс. Кәсіпкер өзінің құзыреттілігі жоқ салалардағы жобалармен айналысса – табысқа жету мүмкіндігі бірнеше есе төмендейді.
Үшінші ереже. Идея қызықты болуы керек. Бизнес бастағанда кәсіпкер әдетте өзінің барлық уақытын - жұмыс уақытын және бос уақытын толық жобаға арнайды. Сондықтан қызықсыз жоба кәсіпкерді моральдық қанағаттандырмайды.
Төртінші ереже. Идея бір-екі сөйлеммен ғана құрылуы тиіс. Тым күрделі және ұзақ түсініктемелер әлсіз және өңделмеген идеяны білдіреді.
Біріншіден бизнеске оның негізін қалаушы бизнесті идеядан ақиқатқа айналдыру үшін жасайтын қадамдар жүйесі ретінде қарап көрейік.
Бірінші қадам - тауашаны таңдау. Ол үшін кәсіпкер мынадай сұрақтарға жауап береді: "Мен нақты немен айналысқым келеді?". Бизнес үшін тауаша таңдау - алғашқы әрі өте маңызды қадам. Өйткені, сізге өз ісіңізбен жылдар бойы күн сайын, кем дегенде 8 сағаттап айналысуға тура келеді. Егер сізді өз жұмысыңыз қанағаттандырмаса, сізде оны орындауға мотивация болмайды. Ал мотивациясыз прогресс болмайды.
Өзіңізге былай деп сұрақ қойыңыз: "Мен не істей аламын?", "Менің не істегім келеді?". Егер тауашаны таңдау сіздің ішкі қажеттіліктеріңіз бен жеке тұлға ретіндегі қызығушылығыңызға сәйкес келмесе, сіз өз ісіңізге толығымен беріле алмайсыз, жұмыстан ләззат ала алмайсыз, өз командаңыздың қалған мүшелерін ынталандыра алмайсыз. Бұл жөнінде Міржақып Дулатұлы: «Салт сананың негізі – елдің қолданған кәсібінде» деген екен.
Бизнестің бұлжымайтын заңы бар: тек бірегей бизнес табысты болады. Әйтпесе, сізді бәсекелестер жұтып қояды. Кез келген аспект - сіздің өзіңіз өз көзқарасыңызбен, құзыретіңізбен, идеяларыңызбен және т.б., сіздің өніміңіз немесе сіздің қызметтеріңіз - бірегей болуы мүмкін (мысалы, сіз басқа наубайханалар сияқты нан пісіресіз, бірақ сізде ыстық кофе ішуге болатын үстелдер бар). Бірақ бірегейлік мотивация болса ғана келеді. Егер сіз сүйікті іспен айналыссаңыз және оны дамытуға ниет білдірсеңіз, сіз әрқашан бірегей болуға мүмкіндік таба аласыз. Мотивация болмаған кезде сіз әдетті іс-қимылдарды бір сарынды орындап, үйге қайту үшін жұмыс күнінің аяқталғанын күтетін боласыз.
Тауаша табылған кезде, келесі қадамды - "өзіңді танытуды" бастауға болады. Яғни, сіздің бизнесіңіз табысты болу үшін сізге қандай дағдылар қажет екенін анықтау керек. Мүмкін сіз өз қолыңызбен бір нәрсе жасап үйренерсіз, мүмкін, сауда жасайсыз, суретке түсіресіз, жарнама жасайсыз, командаға қажетті адамдарды жинайсыз және т.б. Сізге қандай дағдылар қажет екенін түсіне отырып, оларды дамытуды бастауға болады.
Сізге өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды зерттеу керек. Оған жұмсалған уақыт мың есе өтеледі және тиімді бизнес-шешімдер туғызады. Сондықтан, бұл кезеңде бірнеше сағат бөліп, қағаз бен қалам алып өз минустарыңыз бен плюстеріңіздің кестесін құрыңыз. "Кемшіліктер" бағанында "Клиенттермен сөйлесуді ұнатпаймын", "Кәсіби білім жетіспейді", "Бастапқы капиталды қалай тарту керектігін білмеймін" және т. б. жазулар пайда болсын. Сіздің барлық кемшіліктеріңіз - бір жағынан сіздің бизнесіңіз үшін қауіпті. Бірақ егер сіз оларды жақсы білсеңіз, кемшіліктер мүмкіндікке айналады.
Бизнес идеяны таңдар уақытта сіздің икемділіңіз маңызды рөл атқаруы керек. Яғни, өзіңіз білетін, түсінетін кәсіптің "асханасы" сізге бөтен болмақ емес. Бірақ идеяңыз шынайылыққа құрылсын. Кәсіп таңдаймын деп кітап пен ғаламторды саралап кету үнемі жақсы нәтиже бере бермейді. Осы себептен өз қабілетіңізді байқап, тәжірибелігіңізге мән беріңіз. Статистикалық мәліметке сүйенсек, кәсіпкердердің көпшілігі өз ісін бизнеске айналдырғандар. Кедергілерді анықтаңыз. Мықты кәсіпкер кедергіден қашпайды, керісінше оны шешудің жолын қарастырады. Кәсіпке келмес бұрын, өз идеяңызда қандай кедергілер болуы мүмкін екеніне көз жүгіртіңіз. Бәсекелестердің тәжірибесінен сабақ алу да артық етпейді. Өзіңізге белгілі бір уақыт қойып ұсақ-түйек кедергілердің шешімін тауып, амалдарын қарастырып көріңіз. Дайынсыз ба? Әлде қиындық келгенде оны біреуге арта салғанды жөн көресіз бе? Басшы секілді ойланыңыз! Кедергімен күрес дегеннен шығады, сіз енді біреуге қызмет етпейсіз. Өз кәсібіңіз сіздің бейнеңіз іспетті. Сондықтан барынша оны дұрыс қалыптастыруға тырысу керек. Бизнес идеяны таңдар кезде де мұқият ізденіп, үнемі жаңашылдыққа ұмтылыңыз. Бизнес туралы сабақтарға жиі барыңыз. Бәлкім ол сіздің кәсібіңіз үшін пайдалы болмауы да мүмкін, бірақ өзге адамдармен араласу арқылы таныстардың санын арттыруға жақсы мүмкіндік. Дұрыс «көшіріңіз»! Сіз енді ғана кәсібіңізді таңдап жатсаңыз, шетелдік кейстарды қарауға да болады. Өзіңіз өмір сүретін қала мен Батыс, Азияның да нарығын қарастыру артық етпейді. Олардың артықшылықтарын өз пайдаңызға асыра біліңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет