Дәріс Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар


-Дәріс. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі ЖҚТБ ауруларымен әлеуметтік жұмыс. АҚТҚ жұқпалы ауруына шалдыққан және ЖҚТБ науқастарымен әлеуметтік медициналық жұмыс



бет14/16
Дата12.09.2022
өлшемі139.22 Kb.
#460592
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс 1.docx әлеуметтік жұмыс

14-Дәріс. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі ЖҚТБ ауруларымен әлеуметтік жұмыс. АҚТҚ жұқпалы ауруына шалдыққан және ЖҚТБ науқастарымен әлеуметтік медициналық жұмыс
Практикалық әлеуметтік жұмыста «иммунды дефицит» ұғымын ағзадағы әр түрлі инфекцияларға қарсы тұрып бере алатын қасиеттің төмендеуі және мұның себебінен көптеген аурулардың пайда болуы деп түсіну қажет.
1981 жылы АҚШ-та алғаш рет ЖҚТБ (жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгілері) ерекше симптомдардың және сирек кездесетін аурулардың жиынтығы ретінде қарастырылды. 1983 жылы бұл аурудың қоздырғышы анықталды – адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ).
ЖҚТБ-ны зерттеу эпидемиологиясының бастапқы кезеңдерінде халықтың алғаш осы ауруға ұшыраған белгілі тобы анықталып, бұл топтарды «тәуекел тобы» деп атады. Бұл топқа көбіне гомо- және би- сексуалдар, күре тамырдың ішіне наркотик қабылдағыштар жатады.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сәйкес, қазіргі кезде біздің планетамызда АҚТҚ жұқпалы ауруы 65 млн-нан астам адамда табылған. Соңғы 25 жылдағы көрсеткіштер бойынша, АҚТҚ 25 млн-ға жуық адамның өліміне себеп болып, қоғамға қауіпті әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарына енгізілді. Бұл ауру пайда болғаннан бастап бүгінгі таңға дейін дүниежүзінің барлық аймағына тарап, пандемия сипатына ие болды.
АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар білікті медициналық көмекті ЖҚТБ-мен күрес және Профилактикалау Орталықтарында ала алады. Диспансерлік тіркеуге қояр алдында тексеру жүргізіледі, яғни, тексеру мақсатына диагнозды нақтылау, АҚТҚ-инфекциясының деңгейін анықтау және қосалқы туындаған ауруларды анықтау кіреді. Алғашқы тексеру кезінде науқаста бірге болатын аурулар анықталып, АҚТҚ-инфекциясының ағымын қиындатып, күрделі жағдайға алып келуі мүмкін. Бұдан кейін тағы қайта тексерулер жүргізіледі. Тексерулердің жиілігі АҚТҚ-инфекциясының деңгейіне және қосалқы туындаған аурулардың асқынуына байланысты болады.
АҚТҚ жұқпалы ауруы күрделі эмоционалды және әлеуметтік сипаттағы зардаптар туғызады. АҚТҚ ауруының жазылмайтындығы, өлімнің жақын екендігі туралы ақпараттар адамның күрделі эмоционалды реакциясын тудырады. Көптеген пациенттердің көңіл-күйі өзгеріп, олар өздерінің тұлғалық маңыздылықтарын төмен сезінуіне дейін барып жатады.
АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар мамандық таңдау немесе өзгерту, жұмысқа тұру, кәсіби өсу және отбасы құру сияқты көптеген мәселелерге тап болады. Сонымен қатар, мұндай адамдарда уайым, қорқыныш сезімдері пайда болып, физикалық тартымдылықтың және қаржылық тәуелсіздіктің жоғалуы байқалады, болашаққа байланысты қайғырулар мен ауруды басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін жағдайындағы кінә сезімдері және осы ауруға деген аггресивті мінез-құлық пайда болады.
Осындай көптеген мәселелерді шешуге көмектесу мақсатында АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдарға арнайы психологиялық көмек көрсету мекемелері ашылып жатыр. АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдарға психологиялық көмек жеке кеңес түрінде немесе отбасылық психотерапия формасында жүргізіледі.
Психотерапевтикалық әсер пациенттің өміріне жағымды түрде өзгерістер алып келеді, белгілі бір қызметке стимул тудырады, психологиялық күрделі жағдайдайлардан шығу мүмкіндігін туғызады, өмірлік стереотипінің өзгеруіне дайын болуына көмектеседі және жаңа өмірлік перспективаларға бейімделу процестерінің дұрыс жүруіне де әсер етеді.
АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдарға психоәлеуметтік кенес берудің артықшылықтары келесідей:
1) адамды қолдау, осы ауруға байланысты өмірінің өзгеруі және ары қарай өмір сүруі оның жеке жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігіне сендіру;
2) өз-өзін сыйлау деңгейін жоғарылату;
3) уайым мен қорқыныш сезімдеріне төтеп беру.
ЖҚТБ профилактикасының негізіне гигиенаны сақтау, жыныстық бұрмалауларды профилактикалау, нашақорлық пен жезөкшелікке қарсы ақпараттық-ағарту жұмыстары кіреді. Халықпен ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсаты – адамдар арасындағы өзінің денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру; АҚТҚ-ны жұқтыруға алып келетін іс-әрекеттерді азайту.
Ақпараттық-ағарту жұмыстарының адамдарға әсер етуі төмендегідей кезеңдерден тұрады:
1. Әлеуметтік-психологиялық топтың ақпаратты қабылдау деңгейін ескере отырып, ЖҚТБ туралы және АҚТҚ-ның таралу жолдары туралы сапалы ақпараттар.
2. Ақпараттарды білімге айналдыру, ақпараттандырудың тиімділігін бағалау мақсатында тексерулер жүргізу (кеңес, анкета, сұраунама немесе тест арқылы).
3. Алынған білімді тәуекел іс-әрекеттерге қарсы пайдалануға, салауатты өмір салтын жүргізуге сендіру.
4. Сендіру ЖҚТБ және Нашақорлықпен күресті жүргізуге тек қана Денсаулық қорғау органдары мен Мемлекет емес, сонымен қатар, адамның өзінің қауіпсіздігіне және денсаулығына деген жауапкершілігі де әсер етеді деген ойдың, мінез-құлықтың қалыптасуының негізі ретінде карастыру.
Ақпараттық-ағарту жұмыстарының негізгі принциптеріне:
1. Жүйелілік. Мақсатты ақпараттардың кез-келген жерде адамның санасына жүйелі түрде әсер етуі.
2. Жинақтылық. Бұған келесілерді жатқызамыз:
Түрлі формалар, әдістер мен оқу құралдарын қолдану;
Халықтың әлеуметтік мобильділігін қалыптастыруға қызығушылық білдіргендердің барлығына қатысу: әкімшілік, педагогтар, медицина қызметкерлері, психологтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік жұмыскерлер және т.б.
3. Иерархия (жүргізу деңгейі):
индивидуалды деңгей (кеңес беру және т.б. формалары);
топтық деңгей (халықтың мақсатты тобымен жұмыс);
популяциялық деңгей (БАҚ арқылы ақпараттандыруға шақыру: радио, телевидение, газет-журналдар).
4. Мақсаттылық, яғни, ақпараттық-ағарту жұмыстарының нақты бір халық тобына бағытталуы.
Мақсаттылық топтар жастық, әлеуметтік, кәсіби, мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай анықталады.
Мақсаттық топқа келесілер жатады:
АҚТҚ-инфекциясын, наша қолданушылар мен басқа да әлеуметтік маңызды ауруларды профилактикалау бағадарламаларын бірге орындаушылар;
жұмыс орнында тәуекел факторларына ие тұлғалар;
ауруды жұқтыру мүмкіншілігі жоғары тұлғалар (жыныстық қатынастар қызметіндегі әйел адамдар мен олардың клиенттері, гомосексуалдар, нашақорлар және т.б.);
тұтқындар, әскери қызметкерлер, әскерге шақырылатындар т.с.с.;
АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар мен ЖҚТБ науқастары.
5. Айғақтылық және ғылыми негізділік: ақпарат шынайы болуы тиіс, және ақпаратты әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық ғылыми істерді жүргізу негізінде ұсыну қажет.
6. Қолжетімділік және дифференцияланғандық, яғни мақсаттық топтағы адамдардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларға берілетін ақпарат сол адамдарға тиесілі тілде жүруі керек.
7. Уақыттылық.
Ақпараттық-ағарту жұмыстары көбінесе жастар мен жасөспірімдер арасында жүргізіледі. Ағарту жұмыстарын шағын аудиторияларда өткізген абзал және басқалардан бұрын қатысушылардың бұл мәселеге қатысты көзқарастарын анықтау мақсатында арнайы сұраунамалар өткізген жөн. Қорыта келе, ВИЧ-инфекциясының әлеуметтік маңызды, қауіпті екендігі жұқтырғаннан кейін 10 жыл ішінде өлімге міндетті түрде алып келетіндігі, отбасы мен қауымдастықтың бұзылу себептерінің бірі деп танылуы, мемлекеттің экономикалық өмір сүру деңгейін төмендетуімен анықталады. Сондықтан, әлеуметтік жұмыскерлер медициналық қызметкерлермен біріге отырып, АҚТҚ-ның таралуының алдын алу, клиенттерінің салауатты өмір салтын жүргізуіне себепкер болу және осының барлығына байланысты көптеген маңызы бар санитарлық, ағарту шараларын жүргізу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет