Дәріс 7. Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың формасы мен әдістері Медициналық-әлеуметтік жұмыстағы базалық үлгі Медициналық-әлеуметтік жұмыстың базалық үлгісін құру екі ережеге сүйенеді:
Біріншісі. Клиенттердің 5 тобы көрсетіледі:
1) Қауіп-қатерлі топтар;
2) клиенттің отбасы және араласатын ортасының мүшелері;
3) әлеуметтік мәселелері басым ауру жандар;
4) ұзақ және жиі ауыратын адамдар;
5) мүгедектер.
Екіншісі.Жоғарыда көрсетілген клиент топтарының әрқайсысымен жұмыс істеуде әлеуметтік қызметкер негізгі іс-шараның екі бөлігін атқарады: алдын алуға (профилактикалық) бағытталған әлеуметтік медициналық жұмыс және патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік медициналық жұмыс.
Қағидалар бірлігін сақтай отырып мұндай ыңғай тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесі немесе медицинаның жеке салаларында әр түрлі бейіндегі контингенттермен кәсіби әлеуметтік жұмыс істеу спецификасын ескеруге мүмкіндік береді.
Мысал ретінде қауіп-қатерлі топтармен әлеуметтік-медициналық жұмыстың базалық үлгісін қарастырайық. Әр жағдайда бұлар тұрғ
Кез келген қызмет көрсету саласында технологияны игеру, оны тәжірибеде қолдану кәсіби маманға қойылатын талап болып табылады. Сондықтан әлеуметтік қызмет саласында жоғары кәсіби білімді маманды дайындау бағдарламасы әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістерін негізгі оқу пәндерінің бірі ретінде қарастырады.
«Әлеуметтік технология», «әлеуметтік жұмыс технологиясы», «әдіс», «әлеуметтік жұмыстың әдістері» ұғымдарына және олардың өзара байланысына тоқталып өтейік.
Технология (грек тілінен techne – өнер, шеберлік, logos – оқу, үйрену) – өңдеу құралдары мен тәсілдері туралы және объектіні сапалы қайта қалыптастырудағы білім жүйесі.
Алғашқыда технологияның анықтамасы тек қана өндірістік саладағы іс-әрекеттерге, яғни табиғи өнімді игеруге бағытталды. Ал қазіргі уақытта технология ұғымының мағыналық кеңістігі айтарлықтай кеңейді және мазмұны да зерттеу объектісіне әлеуметтік процестер технологиясын қосу арқылы толықты.
Материалдық өндіріс саласында технология ұғымы көпжылдық қалыптасқан дәстүрге байланысты теоретиктер мен практиктер тарапынан ешқандай күдік, сенімсіздік тудырған жоқ, ал әлеуметтік саланы технологизациялау, яғни «әлеуметтік технология» ұғымы қоғамда көп уақытқа дейін қолдау тапқан жоқ. Тіпті, 70жылдардың ортасында да әлеуметтік саланы технологизациялау мүмкіндігінің өзі біршама күдік туғызды.
«Әлеуметтік технология» ұғымы алғашқы рет болгар ғалымы Николь Стефановтың «Қоғамдық ғылымдар мен әлеуметтік технологиялар» монографиясында толығымен қарастырылған болатын.
РЕКЛАМА Автордың айтуы бойынша, әлеуметтік процестер технологизациясының мүмкіндігі адамдық іс-әрекеттер құрылымымен негізделеді, яғни әлеуметтік технологиялардың мәні білімді, тәжірибемен адамның дағдыларын, әлеуметтік қатынастары мен процестерін қайта қалыптастырумен түсіндіріледі деді.
Н.Стефановтың тұжырымдауынан кейін қоғамтанушылар әлеуметтік саланы технологизациялау мәселесін белсенді түрде зерттеуге кірісті. 70 жылдың екінші жартысынан бастап, қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік технологиялармен байланысты мәселелерді және ғылыми зерттеу белсенді түрде жалғасуда.
Осылайша, әлеуметтік технологияның күрделілігін зерттеудің әртүрлі бағыттары әлеуметтік технологияның мәнін анықтайтын көптеген анықтамалар берді. Олардың ішінде әлеуметтік технология: «басқару, реттеу тәсілі және әлеуметтік процесті жоспарлау», «өндіріс процесін қамтамасыз ету және іс–әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік жобалаудың соңғы өнімі», «қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы», қойылған мақсатқа жету құралы және қоғамдық мәселені шешуге бағытталған тәсілдерін сипаттайтын әлеуметтанулық категория ретіндегі тұжырымдарды айтуға болады.
Бұл, келтірілген мысал, күрделі әлеуметтік феномен (әлеуметтік технология дегеніміз сол) мәніне толық және нақты анықтама беруге талпыныстың жеткіліксіздігін көрсетті және салыстырмалы сипатқа ие болды. Әлеуметтік технологияға берілген әрбір анықтама әлеуметтік технология мен әлеуметтік жұмыс технологиясын сипаттаудың белгілі бір маңызды аспектілерін бейнелеп отырды.
Әлеуметтік технология және әлеуметтік жұмыстың технологиясының объектісі болып әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік процестер табылады.
Алайда әлеуметтік технология мен әлеуметтік жұмыстың технологиясының шектелген терең ішкі пәнаралық өзара байланысы ортақ зерттеу объектісін анықтайды және негіздейді.
Әлеуметтік технология мен әлеуметтік жұмыс технологиясының өзара байланысын түсіндіру үшін, оларға анықтама берейік.
Әлеуметтік технологиялар – адам өміріндегі әлеуметтік қатынастар мен процестерді реттеу мен қайта қалпына келтірудің тиімді тәсілдер жүйесі болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс технологиясы – бұл қиын жағдайға душар болған азаматтарға көмек пен қолдау, яғни әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған әлеуметтік технологияның бір бөлігі.
Әдіс – грек тілінен «metodos» –нақты міндетті шешу үшін белгілі бір мақсатқа жету тәсілі, зерттеу жолы,сонымен бірге нақтылықты теориялық және тәжірибелік игерудегі бағыттар мен тәсілдердің жиынтығы.
Әдістердің көмегімен әрбір ғылым өзінің зерттеу пәні туралы ақпарат алады, алынған мәліметтерді өңдеп, талдайды.
Әлеуметтік технология мәселелерімен айналысатын ғылымдар арасында, оның пәндік шеңберін, яғни әлеуметтік жобалау, болжау және басқару сияқты сұрақтарды да қарастыру арқылы кеңейтуге тырысқандығы байқалады. Осылайша, әлеуметтік технологияны кеңінен талдау, оның әлеуметтік инженерия және әлеуметтік басқарумен араласып кетуіне алып келеді де, нәтижесінде жеке зерттеу пәнінің бұлыңғырлануына соқтырады.
Әлеуметтік жұмыс ең алдымен шығармашылық сипатқа, ал оның нәтижесі әлеуметтік қызметкердің шеберлігіне, өнеріне, интутициясы мен тұлғалық ерекшелігіне тәуелді. Маманның кез келген іс-әрекеті күрделі әлеуметтік салада, технологизациялауға көне бермейді. Мұндай бағыттың өкілдері әлеуметтік жұмыс – теория мен тәжірибенің, ғылымның синтезі және адамдармен жұмыстың шеберлігі екендігін ескермей, әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындаудағытеориялық білімнің рөлін толық бағаламайды.
Әлеуметтік технология саласындағы мамандарәлеуметтік саладағы тәжірибелік іс-әрекеттерді технологизациялауға қажетті жағдайларды төмендегідей атап көрсетеді:
– әсер ету объектісі белгілі бір күрделілік деңгейіне, яғни әлеуметтік жүйе белгілеріне ие болуы керек;
– әлеуметтік әсер ету объектісінің элементтері, оның құрылымы мен қалыптасуының ерекшеліктері бөлініп көрсетілуі тиіс;
– нақты болып жатқан процестерде белгілі бір операцияларды, процедуралар мен көрсеткіштерді рәсімдеу мүмкіндігі;
– жаңа жағдайларда көрсеткіштердің процедуралардың, операциялардың қайталану және өндіріс мүмкіндігі.
Әлеуметтік жұмыс арнайы кәсіби, іс-әрекет және өзіндік зерттеу пәні бар ғылыми білімнің жеке жүйе ретінде технологизацияның барлық талаптарына сай келеді. Сондықтан басты мәселе әлеуметтік жұмыс технологиялық бағыттың мүмкіндігінде емес, оның технологиясын дайындау мен жүзеге асыру, әдіснама құралдары және оны тәжірибеде қолдану мен меңгеруде болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс технологиясы біріншіден, кең мағынада әлеуметтік жұмыстың әртүрлі объектілеріне әсер ететін әдістер мен тәсілдер, ұйымдастыру, алгоритм және барлық құралдар жиынтығын білдіретін теориялық және тәжірибелік білім жүйесі ретінде қарастырылады. Технологиялық мәселелерді шешудің мұндай бағыты ең алдымен, аймақтық деңгейдегі әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы басқару органдары мен ұйымдастыру үшін тиімді болып табылады. Екіншіден, әлеуметтік жұмыстың нақты объектісі мен субъектісіне бағытталған арнайы технологиялар жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл бағыт, тұрғылықты жеріне немесе жұмысына байланысты әртүрлі категориядағы халықпен әлеуметтік мекемелердегі клиенттермен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырушыларға тән болып келеді.
Әлеуметтік мәселелерді шешудегі технологияны дайындау – теориялық қорытындылар мен ұсыныстарға тәжірибелік апробацияны және теориялық негіздеуді қажет ететін күрделі процесс.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясын дайындаудың 3 негізгі типін атауға болады: теориялық, әдістемелік, процедуралық.
Теориялық кезең әлеуметтік саясат объектісі немесе әлеуметтік жұмыс клиентін қамтитын құрылымдық элементтерді, себептік байланыстар мен қатынастарды анықтау, технологизация пәнін айқындау және мақсатты қалыптастыруды ретке келтірумен айқындалады.
Әдістемелік кезең әлеуметтік саясат объектісі немесе әлеуметтік жұмыстың клиенті туралы ақпарат алу тәсілдері мен жолдарын таңдаумен, осы ақпаратты талдау мен өңдеу және әдістерді анықтау, пайда болған іс-әрекетке берілетін нақты ұсыныстар нәтижелерін трансформациялау (тасмалдау) принциптерімен сипатталады.
Процедуралық кезең апробация бойынша тәжірибелік іс-әрекетті ұйымдастыруға байланысты мәселелерді шешумен, ұсыныстардағы кемшіліктерді жоюмен және іс-әрекет алгоритмін құрумен сипатталады.
Әлеуметтік жұмыс технологиясы:
– қозғалыста болу, мамандардың клиенттермен жұмыс түрін, мазмұнынының жиі ауысатындығын және іс-әрекеттің эвристикалық сипатын білдіреді;
– үздіксіздік, клиентке жиі қолдау көрсету мүмкіндігі және оған ықпал етумен негізделеді;
– тізбектілік, клиентпен жұмыстағы процедура, кезеңдерінің тұрақты, стереотипті қайталануымен көрінеді;
– дискреттілік, клиентке мақсатты анықтағаннан бастап шешімді орындағанға дейін әсер етудің әркелкілігімен сипатталады.
Осылайша, әлеуметтік жұмыс технологиясы оның қолданбалы, тәжірибелік аспектісін көрсетеді. Технологиялық процестердің ерекшелігі мен мазмұнын, мәнін тереңірек ұғыну әлеуметтік сала мамандарының кәсібилігіне және әлеуметтік қызмет мамандарының іс-әрекеттеріне негізделеді.