Дәріс Ферменттер. Ферменттердің құрылымы. Биохимиялық маңызы


Фермент активтілігіне температура әсері



бет4/6
Дата17.09.2024
өлшемі2.12 Mb.
#503683
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
fermentter-fermentterdің-құrylymy-biohimiyalyқ-maңyzy

Фермент активтілігіне температура әсері

  • 30-400С температурады тірі ағзада ферменттер белсенді келеді. Егер бұл температура деңгейі төмен не жоғары болса, онда фермент белсенділігі төмендейді
  • Ферменттің өзі ақуыз болғандықтан, олар өте жоғары температурада бұзылып, өздерінің катализдік қасиеттерінен айырылып қалуы мүмкін.
  • Төменгі температурада ферменттік реакциялардың жылдамдығы өте төмен болады. Бұл жағдай практикада азық-түлік өнімдерін сақтау үшін (ет, май, балық, сүт, көкөністер т.б.) пайдаланады.

Фермент әрекетіне орта рН шамасының әсері

  • Ортаның рН шамасына байланысты ферменттер белсенділігі бірден өзгереді. Әр түрлі ферменттер әрекеті үшін рН көрсеткішінің шамасы әр түрлі болады;
  • Кейбірі қышқыл ортада, екіншісі бейтарап ортада, үшіншісі әлсіз сілтілі немесе сілтілі ортада ерекше белсенді болады;
  • Ферменттер ақуыз сияқты электр заряды бар заттар, сондықтан олардың кеңістіктік құрылымы рН шамасына тәуелді.

Ферменттердің өздеріне тән ерекшелігі

Реакцияның жылдамдығын арттырғанда фермент:

  • тек өзінің ғана субстратын байланыстырады және сол субстратты катализдейді.
  • тек өз субстратын танып білуі, байланыстыруы және ары қарай реакция катализін жүргізуі- бұл ферменттің өзіне тән ерекшелігі деп аталады.
  • Кейде фермент ұқсас құрылымы бар субстраттар тобына да әсер етеді және молекуладағы белгілі бір химиялық байланыстарды ажыратып бөледі.

Ингибиторлар мен активаторлар

- Фермент активтілігі ортада әр түрлі химиялық заттардың болуына байланысты. Кейбір зат фермент активтілігін арттырады, мұндай қосылыстар активаторлар деп аталады.

- екінші бір заттар фермент әрекетін баяулатады, тіпті оны тежейді. Мұндай заттар ингибиторлар (тежегіштер) деп аталады.

- ферменттер әсерінің бәсекелес және бәсекелес емес тежеушісін ажыратып бөледі.

Проферменттер мен изоферменттер

  • Проферменттер(лат. pro – алдыңғы, бұрынғы және фермент деген сөзден шыққан) – ферменттердің активті емес түрі. Безді эпителийде бірқатар протеолиттік ферменттер белсенді емес күйде - проферменттер (зимогендер) түрінде синтезделеді. Осының арқасында проферменттер түзілген жасушалар мен тканьдер өздерін өздері бүлдіріп бұзбайды.
  • Проферменттердің белсенді түрге (ферментке) айналуын физиологиялық және биохимиялық жағдайлар реттейді. Проферменттің белсендіру үдерісі жүреді:


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет