Фосоор тыңайтқышы өндірісі. Фосфор тыңайтқыштарының негізгі шикізат көзі ретінде Фосфорит пен апатит, сонымен бірге айтарлықтай мөлшерде томасшлақ, гуано(құс саңғырығы) және сүйек ұнынын пайдаланады.
Фосфор тыңайтқыштарының сапасы оның құрамындағы Фосфордың мөлшеріне және өсімдіктердің осы фосфорды сіңіру қаблеттілігіне тікелей байлансты. Ең жақсы сіңірімді фосфор суперфосфаттың құрамында болады, ал ең нашар сіңірімді фосфор тыңайтқыштарының қатарына фосфорит ұны кіреді. Суперфосфат алу үшін ұнтақталған фосфорит немесе апатит, болмаса олардың қоспасы және 68-70%-дық күкірт қышқылы алынады. Осы екі компонент белгілі бір арақатынаста баяу айналып тұратын барабанға салынады. Осындағы күкірт қышқылының әсерімен бірінші кезекте фосфор қышқылы және гипс түзіледі, бірақ фосфорит пен апатиттің бір бөлігі күкірт қышқылымен араласпайды. Екінші кезекте, осында түзілген фосфор қышқылы фосфорит және апатиттпен әрекеттесіп, оларды қышкыл фосфатқа айналдырады. Осы екінші кезек (суперфосфаттың пісуі) сақтау камераларында 10-12 тәулік бойы жүреді. Пісуі жетілген суперфосфаттың кұрамында кальцидің қышқыл фосфаты Са (Н2 Р04 )2, гиис(СаS04) және реакцияға түспеген фосфорит немесе апатиттің бір бөлігі болады. Апатиттерді пайдаланган кезде 1 т суперфосфатқа 0,36 т ал фосфоритті пайдаланғанда 0,53 т. күкірт қышкылы жұмсалады. Осы фактор аталмыш өндірістерді орналастыруда басты маңыз атқаратын болады.
Қос суперфосфат алу үшін фосфат шикізаты 55-78 %-дык фосфор қышқылымен өңделеді Бұл процесс 70-90° С өтеді. Қос суперфосфатта артық қоректік элементтері болуы оны кез келген қашықтыққа тасымалдауға мүмкін етеді, Суперфосфатты, басқа да тыћайтқыштар сияқты сақтаган кезде бір-біріне жабысып қалмас үшін, оларды түйіршіктейді, яғни айналып тұратын барабандарда, аздап дымқылдап, өңдейді. Оның өндірісін көбіне тұтынушыға жақындатып орналастырады.
Калий тыңайтқышы өндірісі. Калий тыңайтқыштарын өндіру үшін қажетті негізгі шикізатқа -- сильвинит (КСІ NaС1) 20-40% хлорлы калий мен 58-78% хлорлы натрийдан тұратын минерал пайдаланады. Сонымен бірге осы мақсатқа хлорлы калий - сильвин, карналлит және каинит жұмсалады.
Хлорлы калийді тыңайтқыш ретінде қолдану үшін, оны сильвиниттің құрамында өсімдікке зиянды болып табылатын хлорлы натрийден ажырату керек болады. Хлорлы калийді бөліп алу төмендегіндей жүзеге асырылады. Сильвинит құрамындағы осы екі құрамдас бөлікті бір-біріне ажырату олардың әртүрлі температурада бір-бірінен ерігіштігінің үлкен айырма жасалуына негізделген. Бақылау жұмыстары хлорлы натрий ерігіштігінің температура мәніне онша тәуелді еместігін , керісінше хлорлы калий ерігіштігі температура көтерілгенде артып отырғанын көрсеткен, өндірістік жағдайда, сильвинитті бөлшектеу және хлорлы калий алу үшін сильвинит минералының ертіндісін қыздырады. Осы кезде ерігіштігі жоғары хлорлы калий ертіндінің құрамына енеді, ал ерігіштігі төмен хлорлы натрий тұнбаның түбіне шөгіп қала береді, Мұнан кейін, ерітіндінің кұрамындағы хлорлы капий центрифуганың көмегімен бөлініп алынады. Осындай жолмен алынған хлорлы калийді кептіріп, 98%дық хлорлы калий тыңайтқышына айналдырады. Калий тыңайтқышы кәсіпорындарын шикізат көзіне жақындатып орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |