Дәріс Химия өнеркәсібі



бет2/7
Дата27.10.2022
өлшемі113.5 Kb.
#463489
1   2   3   4   5   6   7
ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ 22.10.2022

Минералдық тыңайтқыштар өндірісі. Топырақ кұнарлылығын арттырудың бір жолы-оны тыңайтып отыру, яғни белгілі мөлшерде минералдық немесе органикалық тыңайтқыштар енгізу керек екені белгілі. Осы агротехникалық шараны жүзеге асырудың бір жолы- табиғи органикалык тыңайтқыштарды кеңінен пайдалану. Дегенмен, бір ғана табиғи органикалық тыңайтқыштармен шектеліп қалу мәдени дақылдардың табиғи өнімділігін арттыруға аз болады. Сондықтан, ауыл шаруашылықтық жерлерге органикалық тыңайтқыштармен бірге кұрамында өсімдіктердің қалыпты дамуына аса қажетті қоректік заттар -азот, фосфор, капий және басқа элементтері бар минералдык тыңайтқыштарды енгізудің үлкен шаруашылық маңызы бар.
Өсімдіктерге қажетті осы элементтер табиғи ортада көптеп кездеседі. Мысалы атмосфералық ауаның көп бөлігі азоттан кұрылады, азот сонымен бірге көп мөлшерде қазынды көмірдің, Чили селитрасының құрамында брлады. Фосфордың орасан қоры фосфорит пен апатитта, темір рудаларының құрамында кездессе, калий тұздарында өте көп мөлшерде калий элементі бар. Алайда, аталған элементтерді өсімдік дүниесі аз бойына сіңіре алмайды. Осы пайдалы элементтерді өсімдіктерге сіңімді ету үшін, оларды химиялық жолмен өңдеу кажет, демек, минералдық тыңайтқыштар өндірісінің басты міндеті де осы талапқа сай келетінін айту керек,
Өсімдіктер дүниесі тек қана байланысқан азотты сіңіре алады, ал осындай азоттың аса мол қоры қазынды көмірлердің құрамында және Чили селитрасында топтасқан. Чилидегі селитраның қоры орасан көп, осындай көлемді байланысқан азот мөлшері қоңыр және тас көмірдің құрамында да кездеседі. Көмірді жакқан кезде, оның кұрамындағы азот бөлініп шығады да атмосфераға бөлінеді,ал құрғак айдау әдісімен өңдеген кезде, оның кұрамынан бөлініп шыққан азот сутегімен қосылып аммиак түзеді. Осы аммиактың өзі азот тыңайтқыштары мен азоты бар өнімдер алу үшін аса қажетті аралық өнім саналады.
Аммиакты синтездеу арнаулы қондырғыда, 300 атм. қысымда және 450- 525° та өтеді. Аммиак синтездеуге қажетті бастапқы өнімдер азот пен сутегінің көп мөлшері жұмсалады, атап айтқканда 1л сұйық аммиак алу үшін 500м3 азот және 1500 м3 сутегі қажет болады. Аммиакты синтездеп алуға қажетті азот ауаны терең суыту және олардың, яғни азот (-196 ) және оттегінің (-183 ) кайнау температураларының әркелкілігіне негізделген. Екінші компонент- сутегін казіргі кезде кебіне метаннан алады (бұған дейін сутегі суды ажырату, табиғи газ және кокс газын өңдеу арқылы алынатын). Осы мақсатқа сонымен бірге ілеспе газды да пайдалануға болады. Табиғи газ- метанды су буымен араластырғанда, конвекциялық реакция өтіп, сутегі түзіледі. CH4+H2O=4H2+CO2
осы әдәіспен алынған аммиактың өзіндік құны да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет