Неғұрлым - бұл коэффициент төмен болса, соғұрлым жер иеленушіліктің тұтастығы талапқа сай болғандығы. Жер иеленушіліктің тұтастығы мен шаруашылықтың орталық мекеменің орналасқан орташа қашықтық деген аса маңызды техника-экономикалық көрсеткіш тәуелді. Соңғымен, өз кезегінде, транспорттық шығындардың мөлшері себептеледі.
Шамамен бұл көрсеткіш мына формула арқылы табылады: - Корт = Ко.м. х Кж х Р; бұнда,
- Р - жер иеленушіліктің ауданы, км2
- Ко.м - орталық мекеменің орналасуын ескеретін коэффициент;
- Кж - жолдардың кисықтығын ескеретін коэффициент.
- Жол коэффициенті 1.3.-1.4. шамасында. Орталық мекеннің орналасуын ескеретін коэффициент арнайы таблица арқылы табылады. Оның шамасы иеленуге беріліс учаскенің ұзындығы мен көлденеңінің ара қатысымен және орталық мекеннің орналаласуымен (учаскенің ортасында, шетінде, жартылай диагональдық ортасында) байласты. Мысалы, орталық мекенді жер иеленушіліктің ортасында шетіне қарай ауыстырғанда орташа қашықтық екі есеге дейін өседі.
- экспликацияны жасаумен аяқталады. Бұнда жерге орналастыруға дейінгі және содан кейнгі бөлінген жалпы жер иеленушілік пен алаптардың жеке түрлерінің аудандары көрсетіледі.
- Орталық мекендерді орналастыру. Бұл мәселе екі өзара байланысты міндеттерді қамтиды. Орталық мекеннің тұратын жерін белгілеу және оны жайғастыруға (салуға) учаске таңдау. Жаңадан салынатын орталық мекенді, жоғарыда айтылғандай жер иеленушіліктің ортасына қарай орналастырған жөн. Сонымен қатар оны сумен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, басқа елді мекендермен (аудан, облыс орталықтарымен) транспорттық байланыстарын ескеру қажетті.
Егерде - орталық мекен ретінде бар елді мекендер пайдаланылса, ортаның арасынан ең ірісі жақсы жабдықталғаны және ыңғайлы орналасқаны алынады.
- Жep иелікті кұруға қажетті алаптардың түрлері мен аудандарын анықтау. Жер иеленушілікті құруға кажетті алаптардың түрлері мен аудандары шаруашылықтың мамандандырылғандығына тікелей байланысты. Олар кәсіпорынның жоспар, алып отырған барлық салаларының ойдағыдай дамуын қамтамасыз етуге тиісті мысалы, қой шаруашылықтарында жерлердің басымы жайылымдар, ал мақта өсіретін совхоздар мен колхоздарда суармалы алаптар болуы кажетті.
Достарыңызбен бөлісу: |