Жобалық варианттар мен шешімдерді бағалау және экономикалық тұрғыдан негіздеу - жобаның ең күрделі және көлемді құрам бөлшегі болып саналады. Бұл тапсырма мынандай бip қатар жұмыстарды қамтиды.
- Варианттар бойынша күрделі қаржылардың көлемін есептеу. Соның ішінде тұрғын үй кұрылысының, мал қоралары мен кешендерді қосалқы өндірістік орталықтар мен секторлардың (машина-транспорттық, кұрылыс, қойма т.б.), елді мекендер арасындағы коммуникациялар мен территорияны инженерлік жағынан жабдықтаудың кұндарын анықтау.
- Әрбір вариант бойынша жыл сайынғы шығындардың көлемін белгілеу. Бұнда транспорттық және эксплуатацияльқ (пайдалану) шығындарды, аммортизацияльқ жарна мен әкімшілік аппаратқа жұмсалған каржыларды есептеу кіреді.
- Келтірілген шығындардың көлемін анықтау, яғни бip жылдық мерзімге келтірлген күрделі каржылар мен жыл сайынғы шығындардың қосындысын табу.
- Күрделі қаржылардың қайтарылу мерзімін есептеу, яғни неше жылдың ішінде жұмсалған каржылардың орны толатынын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |