Дәріс Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі Жоспары


Әлемдік білім беру кеңістігі. Болон үдерісінің негізгі тенденциялароы мен қағидалары



бет3/3
Дата29.09.2023
өлшемі22.33 Kb.
#479218
1   2   3
№ 1 лекция тезистері

3.Әлемдік білім беру кеңістігі. Болон үдерісінің негізгі тенденциялароы мен қағидалары
Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдік білім беру жүйесіне енуіне байланысты, жоғары білім беру жүйесіне қойылатын халықаралық талаптар төмендегідей:
1) жоғары мектептің қоғамдағы жаңа рөлін, жаңа миссиясы мен міндеттерін шын мәнісінде, нақтылы бағалай білу, іс-жүзіне асыру;
2) жоғары мектептің өкіметпен, биліктің басқа да тармақтарымен, қоғаммен және көптеген қоғамдық ұйымдармен тең құқылы қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
3) университеттердің автономиялық мәртебесін көтеріп, академиялық дербестігін қамтамасыз ету;
4) білім беру жүйесін басқаруда және реформалау ісінде демократиялық принциптерді кеңінен қолдану;
5) еңбек рыногында сұраныстардың түбегейлі өз­гер­генін және халықаралық еңбек рыногы қалыптаса бас­тағынын ескеру;
6) ғылымның ұдайы дамуы арқасында көптеген университет пәндерінің мазмұны өзгеріп, жаңарып, жаңа пәндер пайда болғанын, оқытудың пәнаралық әдістері дамығанын, білім мен ғылым арасында үдемелі интеграциялық үрдістің тұрақты түрде жүретінін негізге алу;
7) оқыту үрдісінде ақпараттық және коммуни­кациялық технологиялардың, Интернеттің кеңінен орын алуын, қашықтықтан оқыту және виртуальды оқыту түрлерінің дамуын, виртуальды университеттердің бара-бара көбеюін қамтамасыз ету;
8) бар өмірге жарайды деп білім беру принципінен бүкіл өмір бойы оқыту принципіне көшу;
9) жаңа педагогикалық технология кезінде университет мұғалімдерінің дәстүрлі орны өзгергенімен, оқыту және тәрбие жұмысында олардың рөлі бұрынғыдан да күшейетіндігін мойындау; сондықтан университет мұғалімдерінің мәртебесі жөнінде 1997 жылы ЮНЕСКО ресми қабылдаған ұсыныстарды іс-жүзіне асыра отырып, олардың материалдық жағдайын жақсартып, әлеуметтік, құқықтық мәртебесін көтеру;
10) оқу үрдісін ұйымдастыру мен жетілдіруде студенттердің рөлін мейлінше арттыру, олардың өзін-өзі басқару құқықтарын заң жүзінде бекіту;
11) университеттер арасында және әр түрлі мемлекеттер арасында профессорлар мен студенттердің кеңінен ауысып отыруына жағдай жасау;
12) оқу мерзімдерін, деңгейлерін, берілетін академиялық және ғылыми дәрежелер мен атақтарды өзара салыстырмалы жүйеге келтіріп, сәйкестендіру және т.б.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында тағы да жан-жақты қарастырды. 
Білім беру саласын жаңғыртуды жалғастыруымыз қажетӘлемдік білім кеңістігіне ену Қазақстанның жоғары оқу орындары халықаралық стандарттау ұйымы /ISO – International Standard Organisation/ дайындаған 2000 жылғы нұсқаудағы ISO 9000 стандарттар сериясының талаптарынан кем түспейтін, ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім беру қызметін ұсынғанда ғана мүмкін болады. Себебі, ХХІ ғасыр – білім, ғылым және сапа ғасыры. Осы үшеуі элитарлық білімнің де негізі болып табылады. Біз жоғары оқу орындарын тек білім беруші мекеме деген қарапайым біржақты түсініктен арылып, оның ғылымның да бастауы және орталығы екенін ұғынғынамыз абзал. Өйткені, элитарлық білімді ғылым жетістігінсіз беру мүмкін емес, ал оның деңгейін анықтайтын өлшем – сапа. Ендеше, біз жалпыға бірдей жоғары білім беруден элитарлық білім беруге біртіндеп көшуіміз керек.
Қазақстанда Болон үрдісіне сай европалық кеңістікті ұйымдастыру үшін келесі мәселелерге көңіл бөлу керек:

  1. Жоғары білім берудің көпдеңгейлі жүйесін қамтамасыз ету;

  2. ECTS академиялық несиелерін;

  3. ЖООң административті персоналы, оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильділігін;

  4. Дипломға Европалық қосымшасының енгізілуі

Жоғарғы кәсіби білім беру жүйесінің көпдеңгейлігіне өтуі заманауи қазақ қоғамының және мемлекеттегі экономикалық ахуалының даму логикасына сәйкес келеді: жұмысқа жарамды азамат заманауи шарттарда қажетті білімнің минималды қажеттісін алуы міндетті және өмір бойы әрі қарай өз білімін жетілдіруі қажет.
Болон үрдісін отандық білім беру жүйесіне енгіздірей тұрғанымызда жоғары оқу орындарында білім беру үрдісінің қалыптасқан дәстүрлі методикасының сақталып, жоғарғы білім берудің сапасының төмендеуі байқалған. Қазіргі жағдайда жаңа білім мен инновацияларды өндіре алу қабілеті кез келген мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі мен дамуының негізгі тетіктері болыптабылады, ал жоғарғы мамандандырылған білім беру - инновациялық инфрақұрылымның негізгі компоненті болып табылады.
Көпдеңгейлі жоғары кәсіби білім беру жүйесі жеке бағытталған стратегиялық даму барысына, студенттік шағынан бастап тұлғалар арасындағы қарым қатынастың қабілеттерін қалыптастыруға ықпал жасайды. Бұл жүйе алған білімнің іске асырылуын нақтылығын қамтамасыз етеді және кадрларды даярлауда білім берудің деңгейінде әдістемесі мен методикасының диверсификациялануын қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет