Несеп жыныс жүйесінің даму аккаулары
Бүйректің агенезиясы – буйрек паренхимасының дамымай қалуы. Несеп – жыныс апаратының жетілмеуімен сипатталады – несепағар болмайды немесе фиброзды жіп тәрізді қалыптасады. Екі бүйректің агенезиясы бар балалар өмір сүре алмайды. Бүйректің бір жақты агенезиясында екінші бүйрек функциональді гипертрофияға ұшырайды.
Бүйректің аплазиясы – бүйрек паренхимасының жетілмеуінің ауыр түрімен сипатталады, түбек пен бүйрек аяқшалары болмайды. Несепағар жіңішкереді, тесігі болады, бірақ көбінесе ол , тұйық бітеді немесе тіпті болмайды.
Қосымша бүйрек.Көлемі бойынша қосымша бүйрек қалыптыдан кішілеу болады, бірақ қалыпты анатомиялық құрылысы сақталады. Қанмен қамтамасыз етілу қолқадан шығатын бөлек артериямен жүзеге асады. Несепағыр қуыққа бөлек тесік арқылы түседі немесе басқа несепағарға қосылады.
Бүйректің гипоплазмасы. Бүйректің көлемінің кішіреюімен және оның қызметінің төмендеуәмен сипатталады, бірақ құрлысы қалыпты болады.
Таға тәрізді бүйрек. Бұл ақауда бүйректің жоғарғы және төменгі полюстары бір-бірімен жабысып өседі де, бүйрек таға тәрізді пішінге ие болады.
Бүйрек дистопиясы деп – бүйректің орналасуының өзгерістерін айтады: жамбастық дистопия – бүйрек жамбас қуысында орналасады, көкіректің – кеуде торына жылжуы, белдік – бүйректің түбегі алдыға бұралып, L IV омыртқаның деңгейінде және мықымдық – бүйрек алдыға қатты бұралып, L IV –S I леңгейде орнығады.
Бүйректің солитарлы кистасы – бұл ағзаның паренхимасында түзілген, сұйықтыққа толған қуысты құрылым болып табылады
Бүйректердің поликистозы – екі бүйректің паренхимасында әртүрлі көлемді көптеген кисталардың пайда болуымен сипатталады. Үрдіс әрқашан екі жақты болып келеді.
Бүйрек ақауларының клиникалық белгілері. Ауыру сезімі, кезеңді гематурия, уремия, артериялық гипертензия байқалады; көбінесе пиелонефритпен, бүйрек-тас ауруымен асқынады, сонымен қатар бүйрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |