Қуық алды безінің қабынуы (простатит). Қуық алды безінің жедел немесе созылмалы қабынуын простатит деп атайды. Клиникалық белгілері анық болмайды.Консервативтік жолмен емделеді.
Жұмыртқа, ен (яичко) және оның қабықтарының (оболочки) аурулары
Жұмыртқа және оның бауының (семенной канатик) аурулары.Ер балаларда туған мезгілде жұмыртқалары ұманың ішінде болады. Олар төмен түскенде процессінде іш пердесін ығыстырып оны өзімен бірге ала жүреді, іш пердесінен пайда болған осы қуыс қалыпты жағдайда түгеодей бітеледі, ал жұмыртқаның сыртқы бөлігі оның қабына айналады. Қуыс түгел бітелмей қалса, онда іш қуысынын су осы жерге ағып келіп жұмыртқаның қабығының ішіне жиналады.Бұны жұмыртқа және ұрық болуы су ісігі деп атайды. Егер іш пердесінің төменгі жұмыртқаға жақын бөлігі бітелсе, жоғарғы бөлігі іш пердесінің қуысыц жағы және жқұұмыртқаға су жиналып бұны ұрық бауының торсылдағы депатайды. Жиналған су мөлдір сарғыш болады. Оның мөлшері 1-2 литрге дейін болуы мүмкін.
Клиникалық белгілері. Ұманың суға толған жағы ұлғайып, үлкейеді. Екі жұмыртқаға бірден су жиналғанда онда бүкіл ұма үлкейіп кетеді. Басып көргенде ауырмайтын жұмсақ және серіппелі (эластикалық) ісіктің барлығы анықталады. Былқылдау, тербелу белгісі ( флюктуация) білінеді. Перкуссияда топас (тупой) дыбыс естіледі. Су жиналғанда ұманы жарықпен (электр лампочкасымен) қарағанда осы ауруға тьән жарқырап көрінеді белгілері анықталады ( диафаноскопия)
Емі Операция жолымен толық емделеді. Винкельман әдісі бойынша қабықтар кесіоліп, және сыртқы теріс айналдырып тігу қажет: бергман тәсілі бойынша қабықтар кесіліп алып тасталынады.
Орхит-Жұмыртқаның қабынуын орхит деп атайды.
Эпидедимит- жұмыртқаның сағасының қабынуы.
Жыныс ағзаларының аурулары.
Бүрік(фимоз) дер жыныс ағзасы бьасының шығуына кедергі болдатын тері өзегінің ай тарлықтай тарылуымен сипатталады. Үлкен адамдарда бүрік тері ұшы жарақаты немесе қабынуынан кейін (көбінесе соз ауруларынани кейін) пайда боладжы. Тері ұышының қатты тарылуы зур шығаруына бөгет етеді, зәр жіңішкеріп шығады. Зәр тұрып қалуында қабыну (баланопостит) болады, ол айтарлықтай ауруы мүмкін
Емі: тері үшін айналдырыа немесе ұшынан кесіледі.
Парафимоз. Бұл ауру фимоздың асқынуы болып есептеледі. Терінің тарылған ұшы арқылы жыныс ағзасының басы шығып кетеді және қысылып қалад. Онда қан айналуы нашарлайды. Басы ісінеді көгереді. Уақытында көмек болмаса басы жансызданып қалуы мүмкін.
Емі: Басына вазелин жағылады. Жыныстың басы екіәнші және үшінші и саусақтармен ұсталып, ал бірінші сакусақпен басына басылып, ол ішіне, орнына салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |