Бүйрек тас ауруы. Жиі кездесетін ауру.Бүйрек тостағаншасы және бүйрек шүмекшелерінде (лоханкаларында) тастар пайда болуымен сипатталады. Ер адамдар бүйрек тастары ауруларына көбірек биімірек: орта есеппен 20-30 жас арасында болады. Тұқым қуудың белгілері маңызы бар. Таулы жерде тұрғандардың арасында көбірек кездеседі. Ауруға келтіруші ықпалдар: зәр жолдары инфекциясы, жарақат, диатез болып есептеледі. Тастар пайда болуының негізі болып эпителий, бактериялар, сырттан түскен заттар есептеленді. Тастардың көлемі әр түрлі диаметрінде:құм құйыршығынан бастап бірнеше сантиметрге дейін болады. Кей кезде тас тостағанша және шүмекшк қуыстарын толық жабады және өсікшелері болып, тұтас бір конглометрат болады(коралл түріндегі тас) Тастар біреу және көп болуы мүмкін Химиялық құрамы бойынша олар зәр қышқылдарының тұздары –ураттар фосфаттар, оксалаттар, карбонаттар болып есептелінеді. Түрі, көлемі олардың химиялық құрамына байланысты болады. Бүйректе тастардың ұзақ тұруы бүйректің үлпасы, тіні (паренхима) семіп қалауға (атрофияға) немесе қабынуына әкелуі мүмкін. Зәр аққыш таспен тығындалып қалғанда гидронефроз, инфекцияда- пионефроз пайда болады.
Клиникалық белгілері.Бірнеше жыл ешқандай клиникалық белгілері байқалмауы мүмкін. Әдетте клиникалық көріністері сегізкөз аймағында, науқас қатты ұстамайтын ауруға шағым етеді. Ер адамдарда ол шап, жыныс ағзасының басына, әйелдерде үлкен жыныс еріндеріне берілуі мүмкін. Ыстықтың көтерілуі, жүрек айнуы, құсу болады. Қатты ұстаған уақытта және онан кейін де зәрде қан көрінісі (гематурия) немесе микроскопияда білінеді(микрогематурия) Инфекция араласқанда зәрде ірің пайда болады (пиурия ). Бірқатар жадайларда рефлектор түрде зәр шықпай қалады (анурия)
Диогнозын қою үшін бүйректердің жалпы көрінісі суреті немесе пиелография жасалынады.
Емі; Бастапқы кездерінде тастардың өсуін және жаңадан тастар пайда болуына алдын-алу мақсатында диета алу беріледі.
Шавель қышқылы (тастарда жемістердін және шавель қышқылы болған тағамдардың барлық түрлеріне беруге тыйым салынады (шавель, помидор, шпинат, цикорий, какао) Зәр қышқылы тастарында науқас ірімшік, ет тағамдарын, фосфаттарда –сүт , көкөніс алма, алмұрт қабылдамауы керек. Санаторий- курорт емдері үлкен мағына береді (Жалезноводск, Трускавец және т.б) Минерал сулар зәр шығару қасиетіне ие болып және орталықтыңғ(среды) қышқылдануына немесе сілтіленуіне әсер етіп, зат алмасуын түзеді.
Бүйрек шаншуын ұстамасын басу үшін бел аймағында жылытқыш қойылады немесе науқас ыстық ваннаға жатқызылады. Тері аствна промедол және атропин жіберіледі. Көп мөлшерде сұйықтық және зәр шығарушы: аю құлақ (медвежьи ушки), итмұрын (шиповник) беріледі. Күшті приступ ауруларында көрсетілетін шарадр әлсіз болса, ер адамдарда ұрық бауына (семенной канатик) немесе әйелдерде жатырдың жұмыр байламына тосқауыл немесе А.В Вишневский бойынша бүйрек айналасына новокаин тосқауылы істелінеді.
Бүйрек ұстамасы шаншу қайталай берсе және консервативтік шаралар ем бермесе операция жолымен емдеу жасалынады: бүйрек түбекшесі тасы (пиелолитотомия), бүйрек таы (нефролитотомия), зәр аққыш (уретеролитотомия) тасы алып тасталынады. Бүйректің қызметі түгел жоғалғанда ол түгелдей алып тасталынады (нефрэктомия), тастарды алып тастау, олардың қайтадан пайда болуына сенім беруге болиайды. Тастардың қайта болуының алдын алу үшін жоғарыда келтірілген барлық алдын алу шаралар (диета, курорт-санатория емдеу) қолданылады.
. Қуық алды безі ауруы
Қуық алды безінің аденомасы Бұл қатерсіз ісік түріне жатады. Құрамында без тканьнан басқа дәнекер тканьдар болып өсіп ұлғаяды. Қуық алды безінің үлкеюі зәр шығуының тоқтауына әкеледі, ол тұрақты түрде қуықта, зәраққыштарда және бүйрек түбекшелерінде зәрдің жиналып, тұрып қалуына алып келеді. Зәр тұрып қалу жағдайында инфекия қосылады, цистит және пиелонефрит пайда борлады. Қуық алды безінің аденомасы қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Ауру көбінесе қартайған адамдарда болады.
Клиникалық белгілері: Бастапқы кезеңдерінде зәр шығаруының қиындауы және әсіресе түнгі уақыттарда жиі-жиі шыққысы келу пайда болады. Срңынан зәр толық шықпай қалуы байқалады. Қуық кеңейіп, созылады. Зәр шығатын үрпі тесігінен ұдайы, үздіксіз зәр тамшылап ағып жүреді. Саусақпен сипап қарағанда үлкейген қуық алды безі білінеді. Қатерлі ісікке айналғанда қуық алды безі кедір-бұдыр , өте қатты тығыздыққа болады. Қуық қуысының цистоскопиясында көлемі үлкейген қуық асты безі оған шығып тұрады.
Емі: жедел зәр жүрмей қалуында катетеризация істелінеді. Бастапқыда жұмсақ катетр, огер ол өтпесе, онда темір катетр пайданылады. Жылы процедуралар беруге болмайды. Синестрол, цистанон, эндокрин дәрілері қолданылады. Конскрвативтік шаралар ылғи да қысқа уақыт көмек береді. Негізгі емі қуық алды безін алып тасталуы (аденомэктомия ) болып есеғптеледі. Науқастың ауыр жағдайында қуыққа резеңке түтік қоюмен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |