Фрейд өзінің концептуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі үш компонентке бөлді: ид, эго, жоғарғы эго.
“Ид” латынның “Ол” сөзінен шығады. З.Фрейд бойынша “Ол” тұлғаның қарапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта өмір сүреді және инстинктивті биологиялық оянулармен (тамақ, ұйқы, т.б.), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз байланысты. Фрейд бойынша, ид - ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе. Фрейд идті ағзаның соматикалық және психикалық процестері арасындағы нәрсе деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын екі механизмді көрсетеді: рефлекторлық әрекет және алғашқы процестер.
“Эго” (латын. “Эго” - “Мен”) – шешім қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемге байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға тырысты. Эгоның қызметі – ағзаның тұтастығы мен тепе-теңдігін сақтау.
“Жоғарғы Эго” (латын. “super” - “жоғарғы” және “ego” - “мен”). Адам қоғамда өмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар және әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы “әлеуметтену” процесі, яғни құрылымдық модельдің тілі бойынша “жоғарғы эгоның” қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд “жоғарғы эгоны” екі жүйеге бөледі: ар-ұят және “эго-идеал”. Ар-ұят ата-ананың жазалауының арқасында пайда болады, ал суперэгоның мадақтаушы аспектісі – бұл эго-идеал.
Эго идтен келетін импульстердің серпіліс қаупіне (угроза) екі жолмен әрекет етеді деп сенді: - саналы мінез-құлықтағы импульстердің көрінісін блоктау; - олардың бастапқы қарқындылығы айтарлықтай төмендейтін жағына ауытқитындай дәрежеде бұрмалау.