Жоғары қысымды полиэтилен өндірісі
Оттегі инициаторы қатысында жоғары қысымда тығыздығы төмен полиэтилен өндірісінің схемасы
Өнеркәсіпте жоғары қысымды полиэтилен құбырлы реакторда немесе автоклавта этиленді полимерлеу жолымен үздіксіз әдіспен алынады.
Төмен қысымды полиэтилен өндірісі
Қазіргі уақытта төмен қысымды полиэтилен өндіру үшін екі негізгі әдіс — суспензиялық және газ фазалы қолданады.
Төмен қысымды полиэтилен өндірісінің технологиялық процесі келесі негізгі кезеңдерден тұрады: катализаторды дайындау, этилен полимеризациясы, полимер ұнтағын бөлу, жуу және кептіру
Төрт хлорлы титан мен диэтилалюминийхлоридтің қатысуымен төмен қысым кезінде тығыздығы жоғары полиэтилен өңдірісінің схемасы
Полиэтиленді қолдану
Полиэтилен — халық шаруашылығында және медицинада өте кең қолданылатын полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық және медициналық аппарат бөліктерін дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс пен жеміс өсіру ісінде қолданылады. Қазақстанда Атырау қаласындағы химиялық зауыт түйіршікті Полиэтилен өндіріп, еліміздің 200-дей кәсіпорнын шикізатпен қамтамасыз етуде. сондай ақ жоғары молекулалық полиэтилен медицинада жамбас, жұлын және тізе буындары импланттарын жасау үшін қолданылады.
Полимерлердің медицинада қолданылуы
Қазіргі уақытта хирургияда келесі әдістер үшін полимерлерден жасалған материалдар кеңінен қолданылады:
- жүрек-тамыр жүйесі элементтерінің зақымдануы;
- сүйек пен буын элементтерін ауыстыру;
- сіңірлерді, жұмсақ тіндерді протездеу;
- резекцияланған (бөлінген) терілерді қосу;
- терінің зақымдануы;
- тістің зақымдануы;
- хирургиялық тігістер жүргізуде
- көру және есту органдарының зақымдалуы кезінде.
Полиметилметакрилат
Полимерлердің медицинада қолданылуы
Қазіргі уақытта полиметилметакрилат біздің елімізде және шетелде медицина саласында кеңінен қолданылады. Ол жүрек клапандарын, қан тамырларының протездерін, мұрын қуысының, өңештің, асқазанның, мочевинаның, өт жолдарының түтікшелерін, көз линзаларын дренаждау үшін қолданады.
Коллаген
Коллаген негізіндегі заттардан коллагенді пленкалар, губкалар, жіптер, түтікшелер алуға болады. Олар жараларды, күйіктерді, пульпиттерді емдейді, тамырларға, клапандарға, трахеяға, күйік немесе травматикалық этиологияның тері ақауларын жабу үшін, Сондай-ақ сіңіргіш материал ретінде және сүйек қабықтарын толтыру үшін гемостатикалық агент пен тампон ретінде қолданылады.
Косметика саласында әжімдерді тарту үшін, бет терісі әсемдігін сақтау үшін қолданыс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |