Классификациясы:
Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері Поликонденсация
Поликонденсация деп қосымша заттар бөле жүретін төмен молекулалы қосылыстардан жоғары молекулалы қосылыстардың түзілу реакциясын айтады.
Полимеризация
Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың (мономерлердің) қосылып, жоғары молекулалы қосылыстарды түзу реакциясын атайды.
Полимеризация
Поликонденсация
Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері
Қазіргі кезде қолданылып жүрген полимер бұйымдарын жалпы қасиеттері мен олардан жасалатын заттардың түріне, сондай-ақ өндіру әдісіне қарай төрт типке бөледі:
Конструкциялық
пластиктер
Эластомерлер.
Талшықтар мен жіптер.
Қабыршақтар, лактар, бояулар
Полимерлі материалдар қыздырғандағы өзгерістеріне байланысты термопластар және термореактивті болып екіге бөлінеді.
- Термопласты полимерлер қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу өзгереді және белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Термоплаты полимер болып полиэтилен, полистирол, поликапролактам сияқты полимерлер есептеледі.
- Термореактивті полимерлерге қыздырып артынша суытқанда бастапқы қалпына келмейтін полимерлер жатады. Мұндай полимерлерге фенолформальдегидті, мочевинальдегидті полимерлер жатады.
Жоғары және төмен қысымды полиэтилен өндірісі
Полиэтилен-полиолефиндер класындағы ең арзан полярлы емес синтетикалық полимер, сұр реңкті қатты ақ зат. Полиэтилен өндірумен мұнай-химия өнеркәсібінің барлық ірі компаниялары айналысады. Полиэтиленді төмен, орташа және жоғары қысымда синтездейді.
Достарыңызбен бөлісу: |