Дәріс кешені 1 кіріспе. ПӘннің мақсаттары мен міндеттері, ОҚУ Үрдісіндегі орны. Анализаторларды дефектолог мамандардың білу қажеттілігі



бет8/14
Дата03.03.2023
өлшемі2.35 Mb.
#470297
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Дәріс-кешені (1)

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ

  1. Құлақтың есту қабілетін камертон арқылы тексеру.

  2. Вебердің тәжірибесі.

  3. Швабах тәжірибесі.

9.1 Құлақтың есту қабілетін камертон арқылы тексеру. Бұрын камертон музыкалық аспаптарды тексеру үшін қолданылып келген. Ол алғаш рет1711 жылы музыкалық аспаптардың дыбысын тексеруге пайдаланыла бастады. Камертонды медициналық тәжірибеге енгізуге бірталай ғалымдар еңбек сіңірді.


Дегенмен, камертонмен адамньщ есту қабілетін тексерген кезде біраз қателіктер кетіп қалуы мүмкін. Сөйтіп, қазіргі біздің электроника заманында құлақтың есту қабілетін камертонмен тексеру екінші қатарға шығып қалып отыр.
Соған қарамастан камертон 1960 жылға дейін кең қолданылды, ал кейбір жағдайда осы кезде де құндылығын жоғалтқан жоқ деуге болады. Сондықтан камертон туралы бір-екі ауыз сөз айта кеткен артық болмас деп ойлаймыз. Камертон арнаулы болаттың әр түрлі қосылыстарынан жасалады, сондықтан үнемі бірқалыпты дыбыс шығарады. Оның дыбысы (тоны) таза дыбыс болып есептеледі. Қазіргі кезде электроакустикалык аспаптардың (аудиометр) шығуына байланысты өнеркәсіп камертонның, бірнеше түрін шығарады.
Камертонды қозғалысқа келтіру үшін оны алақанға немесе басқа бір жұмсақ затқа ұрады. Қатты затқа ұруға болмайды. Өйткені қатты нәрсеге ұрылған камертон мұқалып бір секунд ішіндегі тербеліс жиілігі төмендейді, сөйтіп қате нәтижелер береді.
1-таблица
9.2 Вебердің тәжірибесі. Бүл тәжірибені Лейпцигтің атақты анатомы әрі физиологы Э. X. Вебер медициналық клиникаға бірінші рет енгізген. Оның мәнісі мынадай: камертонды қозғалысқа келтіргеннен кейін оны бас сүйектің ортаңғы жағына немесе маңдайға қояды. Қалыпты жағдайда қүлағы ауырмайтын адам камер-тонньщ қозғалысын екі күлағымен бірдей естиді. Екі құлақпен бірдей есту — олардьң есту қабілеті бірдей төмендеген жағдайда да байқалады. Ал науқастыңбір құлағы ауа арқылы нашар еститін болса, онда камертон дыбысы ауру құлаққа ғана естіледі. Науқастың екі құлағы бірдей нашар еститін құлаққа ғана естіледі.
Ауру адамның құлағы тек ауа арқылы ғана нашар естіп қоймайды, сонымен бірге бас сүйек арқылы да нашар естуі мүмкін. Мүндай жағдайда камертон дыбысы сау кұлаққа ғана естіледі.
9.3Швабах тәжірибесі. Ауа арқылы есту төмендеген жағдайда бас сүйек арқылы естудің күшейетіні ерте кезден белгілі болған. Бірақ 1885 жылы бас сүйек арқылы естуді өлшеп, оның диагностикалық мәнін анықтаған неміс ғалымы Швабах болды. Бұл тәжірибені жүзеге асыру үшін камертон емізік тәрізді сүйекке қойылады. Сонан соң науқастың камертон дыбысын қаншалыкты еститінін анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет