Дәріс кешені 1 кіріспе. ПӘннің мақсаттары мен міндеттері, ОҚУ Үрдісіндегі орны. Анализаторларды дефектолог мамандардың білу қажеттілігі


Ауа арқылы естуді камертонмен тексеру



бет9/14
Дата03.03.2023
өлшемі2.35 Mb.
#470297
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дәріс-кешені (1)

Ауа арқылы естуді камертонмен тексеру

Камертон түрлері


10. СӨЙЛЕУ АНАЛИЗАТОРЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ
10.1 Есту органдары. Сыртқы құлақ. Құлақ қалқаны. Сыртқы дыбыс жолы. .Дабыл жарғағы
10.2 Ортаңғы құлақ. Дабыл қуысы. Есту сүйекшелері. Есту түтігі
10.3 Ішкі құлақ немесе лабиринт. Сүйекті лабиринт. Ұлу. Жарғақты лабиринт.

10.1 Есту органдары. Есту органы орналасуына, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі кұлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы кұлаққа жеткізеді, ортаңғы құлақ ішкі құлақтың қабылдау рецепторларына береді. Ішкі құлақта есту (кортиев) органдарынан басқа тепе-теңдік аппараты да жатады. Тепе-теңдік органы дененің және оның, әрбір мүшесінің, сыртқы жазықтықтағы жағдайын қабылдап, орталыққа немесе ми бөлігіне беріп отырады. Есту және тепе-теңдік органдары самай сүйегінің тасша бөлігінің ішінде орналасқан.


Сыртқы құлақ. Сыртқы құлаққа кұлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.
Құлақ қалқаны сыртқы орталықтағы дыбыс толқынын жинақтап дыбыс жолына қарай икемдейді. Жануарлардың құлақ қалқаны адамға қарағанда жақсы жетілген және қозғалып дыбыс шыққан жаққа бұрылып тұрады.
Құлақ қалқанының негізі серпімді шеміршектен түзілген. Сырты терімен жабылып төменгі жағы сырғалықпен аяқталады. Сырғалық ішінде болбыр май ткані жатады
Сыртқы дыбыс жолы құлақ қалқанының ойысынан басталып, тереңдеп дабыл жарғағына дейін жететін түтік тәрізді, оның ұзындығы 3,5см дейін барады. Бұл түтіктің ішкі жағын астарлап жатқан теріде көптеген бездер болады, олар май мен құлақ күкіртін (сера) шығарады. Ол екеуінің қосындысын құлақ шайыры дейді. Бұның микроптармен күрес жасайтын қорғаныстық маңызы бар.
Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде тәрізді, оның сыртқы құлаққа қараған сыртқы беті эпителиймен, ол ортаңғы құлаққа қараған ішкі беті кілегей қабықшамен жабылған.
10.2 Ортаңғы құлақ. Ортаңғы кұлаққа дабыл куысы, есту суйекшелері және есту түтігі жатады. Дабыл қуысы самай сүйегінің тасша бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс болып келеді. Бұл қуыстың сыртқы, ішкі, жоғарғы, төменгі және алдыңғы артқы қабырғалары болады.
Ортаңғы кұлақ қуысында (дабыл қуысында) үш есту сүйекшелері жатады. Олар пішіндеріне сәйкес балғаша, үзеңгіше және төсше деп аталынады. Бұл сүйекшелер бір-бірімен буынды қосылыстар жасап, дабыл қуысының сыртқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін өзара жалғасып жатады.
Балғаша сүйектің басы, мойыны, сабы болады. Ол сабы арқылы дабыл жарғағының орта жеріне бекемдеп жатады да, ал басы арқылы төсше сүйектің денесімен байланысады.
Төсше сүйегі (есту сүйекшелерінің ортасында) бір жағымен балғаша сүйекпен, екінші жағымен үзеңгіше сүйекке жалғасады. Үзеңгіше сүйек адам денесіндегі ең ұсақ сүйек, оның негізі мен қос аяқшалары болады. Негізі ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады.
Есту (евстахиев) түтігі ортаңғы құлақты жұтқыншақпен жалғастырып тұрады, оның ұзындығы 3—4 см.
10.3 Ішкі құлақ немесе лабиринт (шытырмақ) самай сүйектің тасша бөлігінің ішінде жатады. Оның өзі бірінің ішінде бірі жатқан сүйекті және жарғақты лабиринттен түзілген. Бұл екеуінің аралығындағы саңылау кеңістікте және жарғақты лабиринттің ішінде лимфа суйықтағы болады.
Сүйекті лабиринт өте күрделі құрылыста болады. Ол үш бөліктен түзілген, оның орталық бөлігін кіре беріс, алдыңғы жағын — ұлу, ал артқы бөлігін — жартылай иірімді каналдар деп атайды. Сүйекті лабиринттің кіреберіс бөлігі. Ортаңғы құлақ пен ішкі дыбыс жолының аралығында орналасқан. Пішіні сопақша келген кеңістік. Кіреберістің сыртқы қабырғасы ортаңғы құлақтың ішкі қабырғасы болып табылады.
Кіреберістің бір жағынан ұлу, екінші жағынан үш жартылай иірімді каналдар ашылады. Бұл каналдар сүйекті лабиринттің артқы жағын түзеді, олар бір-біріне перпендикуляр бағытта жатқан үш түтіктен құралған. Ұлу лабиринттің үшінші бөлімі. Бұл кіреберістің алдыңғы жағынан басталып, екі жарым иірім жасап аяқталады. Оның ішінде конус тәрізді кіндік жатады. Ұлудың бірінші орамын — «негізі», екінші орамын—-«ортаңғы бөлімі», үшінші орамын —«ұшы» деп атайды. Иірімнің куысында спираль (шиыршықты) пластинка жатады. Оның бір шеті кіндікке жалғасып, екінші шеті иірім қуысында бос жатьш, ұлудың сыртқы қабырғасына жетпей тұрады. Осының нәтижесінде ұлу қуысы екі са-тыға бөлінеді. Жоғарғы бөлігін «кіреберіс сатысы», ал төменгі бөлігін —«дабыл сатысы» деп атайды
Жарғақты лабиринт жұқа дәнекер тканьді жарғақтан түзілген, ол сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Жарғақты лабиринттің ішінде эндолимфа сұйықтығы жатса, сүйекті лабиринтпен жарғақты лабиринттің аралығында перелимфа сұйықтығы жатады. Жарғақты лабиринттің кіреберіс бөлігінің пішіні сүйекті лабиринттің кіреберіс бөлігіне толығынан ұқсас келмейді. Себебі ол бір-бірімен тығыз байланыста жатқан жатырша мен қапшықтан түзілген. Оның эллипс тәрізді жатыршасы үш жарғақты жартылай иірімді каналдармен байланысса, дөңгелек қапшығы — ұлуға жалғасады. Ұлу жолы спираль пластинканың бос жиегі жағымен өтеді, бұл жолдың пішіні (көлденең кесіндісінде) үш бұрышты келеді. Осы үшбұрыштың бір қабырғасындағы дыбыс толқынын қабылдайтын клеткаларды кортиев органы деп атайды. Одан кіреберіс — ұлы нервісінің ұлу бөлігі басталады. Сонымен ұлудың жарғақты бөлігі дыбыс қабылдайтын аппараттың маңызды бөлігі болып саналады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет